facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
yzmett-k-p-terd-alay-zhekeshelend-ruge-bolady
logo
Қызметтік пәтерді қалай жекешелендіруге болады

30.05.2018

Қызметтік пәтерді қалай жекешелендіруге болады

Тұрғын үйді кім жекешелендіре алады


Жекешелендіру — бұл мемлекеттік немесе қызметтік пәтерлерді жеке меншікке сатып алу.

Тұрғын үйді мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер, ғарышкерлер немесе мемлекеттік сайланбалы қызметке ие тұлғалар жекешелендіре алады.

Жекешелендіру шарттары:

— 10 жылдан кем емес тәжірибе

— жұмыс істеген мерзімене қарамастан, егереңбек қатынастары ұйымның тарау себебінен, аурудың алдағы жұмысқа кедергі жасау немесе зейнетке шығу себебі бойынша тоқтатылса

— жұмыс тәжірибесі 15 жылдан артық ғарышкерлер тұрғын үйді ақысыз жекешелендіреді

— қызметкер қайтыс болған жағдайда жекешелендіру құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді

—2013 жылдың 1 қаңтар уақытында әскери қызметіңізде 10 жылдан артық болсаңыз, онда қызметтік тұрғын үйді қалдық құн бойынша жекешелендіре аласыз. Әскери қызметтің 20 жылынан кейін қызметтік тұрғын үйді ақысыз жекешелендіре аласыз.

Тұрғын үйді ақысыз кім жекешелендіре алады:

— мүгедектер және Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен олардың отбасы мүшелері

—1 және 2 топ мүгедектері

— Чернобыль апатының және басқа да радиациялық апаттардың салдарын жоюға қатысушылар, ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларының қатысушылары

—Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың құрбандары

— әскери қызметте алған жарақаттарынан немесе аураларынан мүгедек болған әскери қызметшілер

— Арал маңында экологиялық апатқа ұшыраған азаматтар

— жиырма және одан да көп жұмыс өтілі бар мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен әскери қызметшілері

— ғарышкерге үміткерлер, ғарышкерлер, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері

Қандай тұрғын үйді жекешелендіруге болмайды:

— бірнеше жалға алушыға жалға беріліп, олардың біреуі сатып алуға келіспеген жағдайда

— уақытша құрылыс кезінде

— белгіленген санитарлық-техникалық талаптарға сәйкес келмеген кезде

— одан әрі тұруға жарамсыз

— әскери қалашықтардың, шекара бекеттерініңжәне басқа да жабық объектілерінің аумағында орналасқан

— ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан

— бұзылуға жататын

— азаматтарғакоммуналдық тұрғын үй қорынан жалғыз тұрғын үйлері төтенше деп танылу себебінен қолдануға берілген

— қызметкерлерге арнайы мемлекеттік органдардың тұрғын үй қорынан 2013 жылдың 1 қаңтарынан берілген

— оқу кезеңінде қызметкерлерге, студенттерге, курсанттарға және оқып жатқандарға арналған жатақханаларды

Тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешімді мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің жергілікті атқарушы органдарының тұрғын үй комиссиялары қабылдайды.

Тұрғын үй комиссиясы кемінде бес адамнан құралады. Оның құрамына кәсіпорын басшысы, жауапты хатшы, құқықтық, қаржылық, кадр қызметтері мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдері кіреді.

Тұрғын үй комиссиясы үміткерлердің тұрғын үйге өтінімдерін қарайды, ұсынылған құжаттарды толықтылыққа және сенімділікке тексереді, өтінішті қанағаттандыру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, тұрғын үйді жалдау мөлшерін анықтайды. Сондай-ақ, тұрғын үй комиссиясы шарт жасасу туралы сұрақтарды қарастырады және төлем үшін шот-фактураны ұсынады.

Тұрғын үйді жекешелендіру үшін қандай құжаттар қажет


Жекешелендіру үшін тұрғын үй комиссиясына келесі құжаттарды өткізу керек:

— өтініш

— өтініш білдіруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері

— неке қию немесе тарату, отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туылуытуралы анықтаманың көшірмесі

— жалдау шарты немесе тұрғын үйге иелік қағаздың көшірмелері

— аумақтық әділет органының анықтамасы

— мекен-жай бюросының немесе ауылдық округ әкімінің тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын құжатанықтамасы

— басқа тұлғаларды өтініш берушінің отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі

— өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығын растайтын құжат

— жұмыс орнынан анықтама

— үйді жалдау шарты бойынша қарыздың жоқтығын растайтын құжат

— мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге ақысыз ие болуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат

Жекешелендіру үрдісі қалай өтеді:

— қажетті құжаттармен өтініш беру

— тұрғын үй комиссиясының өтінішін қарау, құжаттарды тексеру және олардың түпнұсқалығы мен толықтығы туралы шешім қабылдау

— қалдық құнды төлеу немесе қажетті құжаттарлы рәсімдеу


Ақпарат көзі: egov.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.