facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
stambulda-y-aza-tar-asel-baykanova-t-rkiya-a-k-shken-zh-ne-z-atel-es-n-ash-any-turaly
logo
Стамбулдағы қазақтар: Асель Байканова Түркияға көшкені және өз ательесін ашқаны туралы

07.05.2018

Стамбулдағы қазақтар: Асель Байканова Түркияға көшкені және өз ательесін ашқаны туралы

Асель Байканова, 33 жаста, туған жері — Қостанай, телесериалдар аудармашысы, дизайнер, Aseka шығармашылық жазумен тері сөмке ательесінің иесі



Астана — Стамбул



Анталияға барар жолда Стамбулға бір күнге келіп, бұл қала мен үшін екенін түсіндім


Стамбулда шамамен төрт жыл бойы тұрамын, Астанадан көшіп келдім. Негізінен мен Анталияға тілдер курсына барып, ол жерде үш ай бойы оқуым керек еді. Қалу жоспарымда болған емес, шешімді сол жерде қабылдадым.

Анталияға барар жолда Стамбулға бір күнге келіп, бұл қала мен үшін екенін түсіндім. Бұл жерге қайтып келетінім туралы күмән болған жоқ. Анталияға түрік тілін меңгеру үшін бардым, үш айдан соң Стамбулға қайтып келдім. Ол мені шақырғандай болды, өмірге, энергияға, жылулыққа, күнге толы болды.



Көшу қиындықтары туралы



IMG_6310.jpeg


Көшкен кезде қиындық тек рұқсат қағазымен туындады. Егер бұны алдын ала ұйымдастырғанда, онда бәрі оңай әрі тез болушы еді. Ол үшін тұруға арналған рұқсатты дайындайтын адамды табу керек, сол кезде қиындықтар болмайды. Ал мен кездейсоқ бардым, қаламын деп жоспарлаған жоқпын, сол себепті аздаған қиындықтар пайда болды. Түркияда қалатынымды шешкен соң, рұқсат беру орталығына хабарластым, шақыру және арнайы құжаттар керек болған соң, мемлекеттен шығу керектігін түсіндім. Бірақ кез келген жағдайда бәрі шешулі. Қазақстанға оралдым, Қазақстандағы Түркия Елшілігінің қызметкерлері жедел жұмыс істеп, екі апта ішінде барлығын ұйымдастырды.

Төрт тілді білемін, сондықтан тіл жағынан қиындық туындаған жоқ. Бірақ менде перфекционизм сезімі қатты дамыған, сондықтан тіпті үш ай өткен кезде де түрікше сөйлеп бастаған жоқпын, түрік тілін білсем де, қателесіп, үстімнен күледі деп ойладым. Егер сіз қазақ тілін біліп, Түркияға барайын деп жатсаңыз, онда жергілікті тілді тез меңгере аласыз, себебі түрік сөздері 40% қазақ сөздеріне ұқсайды.



Стамбулдағы өмір туралы



Стамбулда 20 миллион адам тұрады. Мен үшін адамдармен қарым-қатынас өте маңызды, бұл адамдар ағыны мені жаулап алды, маған бұл энергия ұнады.

IMG_6576.jpeg

Түркия діл бойынша Қазақстанмен ұқсас. Осыдан төрт жыл бұрын бұл қауіпсіздік туралы ойланбастан жүретін еуропалық мемлекет болды. Бұл жердегі адамдар өте қайырымды және мейірімді, мұндай қонақжайлықты еш жерде көрген емеспін. Егер сіз турист болсаңыз, тіпті сізден сұрамай тамақтандырып жібереді. Адамдарға күліп, олармен сөйлесе білсеңіз, онда сені әрқашан құшақ жая қарсы алады.

Адамдарды бұл жерде әрекеттері үшін құрметтейді, барлығына сенің қалай көрінетінің және киінетінің маңызды емес


Мұнда келген кезде күн сайын күн шығып тұратынын түсіндім, ал менің көңіл-күйім тікелей күнге байланысты. Стамбул адамдары қарапайым, 15 сантиметрлік биік өкше, жабысқан көйлек, макияж, маникюр жасаудың керегі жоқ. Адамдарды бұл жерде қылықтары үшін құрметтейді, барлығына сенің қалай көрінетінің және киінетінің маңызды емес. Егер жақсы адам болсаң, онда кез келген адаммен тіл табыса аласың. Бұл тұрғыдан қала маған ұнайды.

Бүкіл Түркияны жақсы көремін деп айта алмаймын, тек Стамбулды ұнатамын. Бұл жерде көптеген түрлі ұлт өкілдері бар, менің достарымның арасында түріктер, күрдтер, қазақтар, орыстар, украиндар, жаңазеландықтар бар.

Маған Қазақстаннан балалар Стамбулға келген кезде жиі жазып тұрады. Уақытым болып, адамдар ұнамды болып көрінсе, онда мен қуана-қуана олармен танысып, қаланы көрсетемін.



Жұмыс туралы



IMG_6501.jpeg

Түркияда бірінші жылы үш ай бойы тілді үйрендім, ал содан кейін тағы үш ай жұмыс іздедім. Қазақстанда әрдайым ірі компанияларда жұмыс істедім, ал мұнда бұл стандарттардан алыстау керек деп шештім. Мені флирансер-аудармашы қызметіне жұмысқа шақырды және сериалдарға субтитрларды аудара бастадым. Бүкіл әлем бойынша сериалдарды сатып алып, аударып, қайтадан сататын түрік компаниясымен келісімшарт жасастым. «Россия» телеарнасының барлық деректі және көркем фильмдерін аудардым, ал өткен жылдан бастап НТВ телеарнасының сериалдарын аударудамын.

Бастапқы кезде мені Түркиядағы әрбір адам қолөнердің қандай да бір түрін білетіні таңғалдыратын, тігеді, тоқиды, құмыралар жасайды. Олар бір бөлік теріден қарапайым әмиян жасай алады. Бұл мені шабыттандырып, мен сөмке тігу курстарына жазылдым. Жақсы курстарды бітірдім, қазіргі кезде өз ательем бар, теріден сөмке жасаумен айналысамын. Менің сөмкелеріме сурет салатын суретші қазақ қыздарымен бірге жұмыс жасаймын. Түрік дүкендері үшін сөмкелерді сатамыз, сонымен бірге Қазақстанға да жібереміз.

Осы жылы мені Стамбулдағы халықаралық суретшілер көрмесіне қатысуға шақырды, ол жерге әлемнің барлық суретшілері келеді. Мен суреттері бар сөмкелерді көрсететін жалғызбын. Қазақстанды таныстыратын боламын, белгілі қазақстандық суретшілерінің сурет репродукцияларымен безендірілетін алты сөмке коллекцияларын ұсынамыз. Бірнеше жұмысты Instagram желісінде көрсеттім, олар үлкен жетістікке ие болды, енді ұлттық өзгешелігі бар сөмкелерді шығару туралы ойланып жүрмін.



Ең қымбат сатып алу туралы



27880395_338978619949182_9162447788322062336_n.jpg


Қазіргі таңдағы Стамбулдағы ең қымбат сатып алу — ескі граммофон. Бұл антикалық нәрсе 19 ғасырдың аяғынан. Мұнда антикварлы дүкендер көп, қызықты заттарды арзан сатып ала алатын аукциондар жиі өткізіледі. Сондайдың біреуіне қатыстым, және маған ұнады, оны бар болғаны 20 000 теңгеге сатып алдым.

Шын мәнінде, ең қымбат сатып алу — менің ісіме қажет заттар болды. Бұл қымбат болып шықты, бірақ достарым мен туыстарымның көмектерінің арқасында барлық қажетті заттарды сатып ала алдым және еш өкінбедім. Қазір менің хоббиім мені шабыттандырып, табыс әкеледі.



Қала не үйреткені туралы



Стамбул менің өмірге деген көзқарасымды өзгертті. Бұрын менде барлығын шұғыл және тез жасау керек деген сезім болды, нәтижелермен ғана өмір сүріп, өмірден ләззат ала алмадым. Төрт жыл ішінде қала менің санамды түбегейлі аударды. Кейде тоқтап, бірінші кездескен столға отырып, шай немесе кофеге тапсырыс беріп, бір сағат бойы ештеңе істемей, барлығына сырттай қарап, адамдармен сөйлесу керек екенін түсіндім.

Адамдарға қатысты ашық болғаныма қуаныштымын, барлық адамдармен сөйлесе аламын. Мен үшін тамақ пен адамдар — өмірдің екі қуанышы, себебі тамақ үстінде адамдармен сөйлескен ыңғайлы, ал қарым-қатынасқа ашық адамдардан артық ештеңе жоқ.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.