facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ytay-australiya-germaniya-aspiranturada-o-u-a-arnal-an-stipendiyalar
logo
Қытай, Аустралия, Германия: аспирантурада оқуға арналған стипендиялар
Главный (каз)

10.11.2022

Қытай, Аустралия, Германия: аспирантурада оқуға арналған стипендиялар

Дүние жүзіндегі университеттерде аспирантурада оқу мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөлісеміз.


University of Electronic Science and Technology of China оқу орнындағы Belt and Road Initiative Scholarship, Қытай

pexels-abby-chung-1106468.jpg

Кез келген аспирантура бағдарламасымен оқығысы келетін шетелдік студенттерге арналған бағдарлама. Барлық шығынды төлейтін және жеке шығындарға 1500 юань беретін толық стипендия да бар. Мұндай стипендия оқуды, жүріп-тұруды және сақтандыруды қамтиды.

Қытайдан басқа кез келген елдің азаматы үміткер бола алады. Тек оқуға түсуге өтініш берсе болғаны.

Өтінімдерді қабылдау жыл сайын 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейінгі аралықта өтеді.


University of Melbourne оқу орнындағы Graduate Research Scholarships, Аустралия

Аустралиядағы ең үздік университеттердің бірінде оқуға арналған бағдарлама. University of Melbourne ғылыми-зерттеу стипендиясының екі түрін ұсынады: магистратура және аспирантура студенттеріне.

Қаржыландыру меритократия принципі бойынша бөлінеді. Оған GPA-сы жоғары, жақсы пікірлер алған және ғылыми мақалалар жариялап жүрген студенттер ие болуы мүмкін. Стипендияға жеке құжаттарды тапсырудың қажеті жоқ, тек білім беру бағдарламасы бойынша оқуға түсуге өтінім жазу жеткілікті.

Әр бағдарламаның дедлайны әртүрлі.


Max Planck Institute оқу орнында аспирантура, Германия

Үміткердің биология, химия, физика, математика, ақпараттық немесе инженерлік ғылымдар бойынша магистр дәрежесі болуы тиіс және ағылшын тілін жақсы меңгеруі керек.

Бағдарлама төрт жылға дейін созылатын магистратура зерттеуі кезінде қаржылай қолдайды. Қатысушылар айына 1600 еуро жалақы алады.


Asian Development от Asian Development Bank-тен Scholarships in Asia and the Pacific

leon-wu-LLfRMRT-9AY-unsplash.jpg

Asian Development Bank Жапония Үкіметімен бірлесе отырып, магистратура және аспирантура бағдарламаларының студенттеріне 150 стипендия ұсынады.

Үміткерлердің кемінде екі жылдық жұмыс тәжірибесі болуы қажет, ағылшын тілін жетік білуі тиіс және 35 жастан аспауы керек. Оқудан кейін стипендиаттар өз елінде кемінде екі жыл жұмыс істеулері міндет.

Қаржыландыру оқу ақысын, жүріп-тұру ақысын, сақтандыру, көлік және оқулық шығындарын жабады. Бұдан бөлек, стипендия төленеді.


Finland Scholarships, Финляндия

Финляндия үкіметі халықаралық студенттерге толық және ішінара стипендия ұсынады.

Бағдарлама аясында қатысу шылар бірінші жылға оқу ақысын төлеуден босатылады және ең аз мөлшері 5000 € болатын грант иеленеді. Көптеген университеттер екінші курста қосымша стипендия ұсынады. Бұған елдегі үздік 16 оқу орны қатысады.

Құжаттарды тапсырау уақыты сіз таңдаған университетке байланысты болады.


Friedrich Ebert Foundation: Scholarship for International Students, Германия

Германиядағы бакалавриат және аспирантура бағдарламаларына арналған стипендия.

Стипендиаттар 850 еуроға дейінгі ай сайынғы базалық стипендия алады, медициналық сақтандыру шығындарын жабады. Сондай-ақ отбасылық жәрдемақылар да беріледі.

Үміткерлер ЖОО-ға өз бетінше түсуге, үздік үлгерімін дәлелдейтін құжаттарын және ағылшын және неміс тілдерін білетіні туралы сертификаттарды көрсетуге тиіс.


Universiti Brunei Darussalam оқу орнындағы UBD Graduate Scholarship, Бруней

pexels-keira-burton-6147276.jpg

Стипендия Universiti Brunei Darussalam университетінде зерттеу жүргізгісі келетін көрнекті ғалымдарға, студенттерге және мамандарға беріледі.

Бағдарлама шетелдік үміткерлерге академиялық зерттеулерін жалғастыруға және халықаралық ғалымдар мен мамандармен белсенді қарым-қатынас жасауға үлкен мүмкіндік береді. Басты талап – ағылшын тілін білуі және үздік орташа балл.

Қаржыландыру: оқу ақысы, ай сайынғы BND 500 000 көлеміндегі стипендия, жүріп-тұру, ұшақ билеттері, ғылыми-зерттеуге берілетін стипендия.


Amelia Earhart Fellowship

Жыл сайын 10,000 $ көлеміндегі стипендия аэроғарыш саласында аспирантура немесе докторантура бағдарламаларында оқығысы келетін әйелдерге беріледі.

Стипендияны аккредиттелген білім дәрежесін ұсынатын кез келген университетте немесе колледжде пайдалануға болады.

Дедлайны қабылдаушы мекемеге байланысты.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.