Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
teg-n-ala-astanada-y-nauryz

Тегін қала: Астанадағы Наурыз
1308

21.03.2017

Тегін қала: Астанадағы Наурыз

БІЗ бас қаламызда мереке күндері өтетін бірнеше тегін шараны таптық.


Мерекелік этноауыл

21—23 наурыз, 10:00 — 17:00


«Этноауылда 19 киіз үй, сауда орындары, шығыс базары, алтыбақандар орнатылады. Әр киіз үйдің жанында Астана театрлары әртістері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерінің орындауында қазақ халқының дәстүрлері көрсетіледі. Сауда орындарында шығыс асханасының ыстық тағамдары сатылады. Шығыс базарының аумағында көрме-сауда болады, шеберлер сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудағы өз шеберліктерімен бөліседі. Астана тұрғындары мен қонақтарына арнап дәстүрлі дәм ұйымдастырылады — бауырсақ пен Наурыз көже ұсынылады.


Сондай-ақ, этноауыл аумағында ұлттық спорт ойындары — қазақша күрес, арқан тартыс, кір тасын көтеру, қой көтеру өткізіледі. Мұнда барлық тілек білдірушілер өз күші мен шыдамдылығын сынауға мүмкіндік алады. Сонымен бірге Наурыз мейрамын тойлау аясында этноауылдың аумағында иттер жарысы мен ежелгі қазақ иттері — тазы мен төбет көрмесі өтеді».


Ақпарат іс-шараны ұйымастыушылармен ұсынылған.


Мекен-жайы: Тұран д., 37, «Хан Шатыр» СОСО

Кіру: тегін



Хэндмейд шеберлері мен қолөнершілердің «#хочуарбат» жәрмеңкесі

19—21 наурыз, 10:00—22:00


«19-21 наурыз күндері «Керуен» СОСО – да хэндмейд шеберлері мен қолөнершілердің «#хочуарбат» жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеде Сіз эксклюзивті қолөнер бұйымдарын ала аласыз. Киім, сөмке, белдік, әшекей бұйымдар, зергерлік бұйымдар, жұмсақ ойыншықтар, тоқылған киім, қыш құмыралар, жазуы бар тәрелкелер, сабын және басқа да көптеген заттар. Сондай-ақ, ойын-сауық бағдарламасында сағат 12:00 – ден 18:00 – ге дейін шеберлік сыныптарын өткізу, аквагрим, мехенди күтіледі.


Сонымен қатар жәрмеңке аясында БҰҰ-ның даму бағдарламасынан экология мен қоршағана ортаны қорғау мақсатында «Климаттың өзгеруі» атты арт-фотокөрмесі және климаттық макияж өткізіледі».


Ақпарат іс-шараны ұйымастыушылармен ұсынылған.


Мекен-жайы: Достық к., 9, «Керуен» СОСО

Кіру: тегін

Байланыс телефоны: 8 705 525 01 79




Халықтық серуен

21—22 наурыз, 10:00 — 17:00


«Халықтық серуенге арналған барлық алаңдарда Наурыз мейрамын тойлау кезінде киіз үйлер, алтыбақан құрылады, спорттық сайыстар мен қазақстандық эстрада әншілерінің қатысуымен концерттер өткізіледі, ал қонақтарға бауырсақ пен Наурыз көже таратылады. Киіз үйлерде қазақ халқының «Бата беру», «Тұсау кесер», «Айтыс», «Ұлттық ойындар», «Беташар», «Көрісу-амандасу», «Бесікке салу», «Ат қою» сияқты салт-дәстүрлері көрсетіледі.


Ақпарат іс-шараны ұйымастыушылармен ұсынылған.


Мекен-жайы: «Қазақ елі» алаңы, ҚазҰӨУ «Шабыт» жаны / әкімдік ғимаратының жанындағы қалалық алаң / «Студенттік» саябағы, «Қазақстан» СК ауданы / «Жастар» театрының жанындағы алаң

Кіру: тегін




«Наурыз-2017» көрмесі

22—27 наурыз, 10:00—20:00


«Көрме Наурызға арналған және екі секторға бөлінген. Бірінші сектор — «Мерекелік дастарқан». Мұнда бұл күні мерекелік үстелге не қойылу керектің бәрі қойылады. Екінші сектор — «Таңғажайып әлем». Мұнда парфюмерия, косметика, маусымдық киім қойылады. Бұл заттардың барлығын төмендетілген бағамен ала аласыз. Сондай-ақ, көрме аясында қонақтарға арналған ұтыс-лоторея ойнатылады. Бас жүлде — екі адамға арналған Дубайға жолдама».


Ақпарат іс-шараны ұйымастыушылармен ұсынылған.


Мекен-жайы: Кенесары к., 32, «Астана» концерт залы

Кіру: тегін

Байланыс телефоны: 8 701 827 71 70



Шет аудандардағы мерекелік концерт

21—22 наурыз, 11:00


«Жергілікті тұрғындар Наурызды тойлауға белсенді түрде қатысады — барлық қонақтарға арнап ет, бауырсақ, Наурыз көже сияқты ұлттық тағамдарға бай дастарқан жайылады, ал мектеп оқушылары қазақстандық эстрада жұлдыздарымен бірге бір сахнада концерттік нөмірмен шығады».


Ақпарат іс-шараны ұйымастыушылармен ұсынылған.


Мекен-жайы: 21 наурыз — Пригородный және Үркер елді-мекендері / 22 наурыз — Көктал және Өндіріс елді-мекендері

Кіру: тегін




Итальян суретшісі Рон Ди Скенздің Dancing in the dark көрмесі

16 ақпан — 31 наурыз, 10:00—20:00


«16 ақпанда Астанада Рон Ди Скенз көрмесінің ашылуы болып өтті. Бидің бейнелілігі, пейзаждың фантастикалық тереңдігі, жарықтың қараңғыдағы бейнесі, бишілердің әрқайсысының әр қимылының әсерлілігі бұл — Рон Ди Скенз суреттері.


Музейлерде, ескі вилла мен сарайларда Рафаэль мен Караваджоның кенептерімен оңашада өткізілген көптеген сағаттар. Дәл осы құпиялылық сезімі көптеген жылдар бұрын Ронды бүгін жүріп келе жатқан жолға түсірген».


Ақпарат іс-шараны ұйымастыушылармен ұсынылған.


Мекен-жайы: Достық к., 8/1, Forte Bank Kulanshi ArtSpace

Кіру: тегін

Байланыс телефоны: 744 717