facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
sheteld-k-ona-ty-astanada-zh-ne-ony-ma-ayynda-ayda-alyp-baru-a-bolady
logo
Шетелдік қонақты астанада және оның маңайында қайда алып баруға болады
Қайда барған тиімді

23.07.2017

Шетелдік қонақты астанада және оның маңайында қайда алып баруға болады

Бізге басқа қаладан туыстарымыз немесе алыс елдерден қонақтар келген кезде бізде оларға Астананы және оның маңайын көрсететін мүмкіндіктеріміз жиі бола бермейді. Шет елдік және жергілікті Астана қонақтары үшін Біз оларға сөзсіз ұнайтын арнайы экскурсия топтамасын әзірледік.

«Астана — болашақтың қаласы»


1.jpg


Бағасы: 14 800 тг бастап, 12 адамға

Бағасы қамтиды: көлік, гид-аудармашы, су

Экскурсия ұзақтығы: 8 сағат


Астана — дамушы және салынып жатқан қала, сәт сайын әр бос орынға жаңа футуристтік ғимарат бой көтереді.


Осы экскурсия аясында туристер «Байтерек» монументін аралай алады— тек Астананың ғана емес барлық Қазақстанның символы. Одан кейін сәулетші Норман Фостердің туындысы «Достық және келісім сарайы» пирамиданы аралау. Пирамидаға жақын жерде Орталық Азияда көлемі жағынан екінші орынды иеленген — «Хазрет Сұлтан» мешіті бар, барлық қонақтар бұл ғажайып ғимараттың көлемін өз көздерімен көре алады. Одан кейін 4D фильм және Астананың жобасын көруге «Тәуелсіздік сарайы» жол салады. Әрине Қазақстанның ең үлкен Ұлттық мұражайын айналып өту мүмкін емес. Бұл мұражайда еліміздің тас ғасырынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі тарихымыз сыр шертеді. Одан кейін экскурсия өз жолын теңізден ең алыс орналасқан аквариум «Думанда» жалғастырады, ары қарай Хан Шатыр.Бұл сауда үйі әлемдегі ең үлкен шатыр. Міне осындай қызық та бірегей, астананың айрықша объектілерімен белсендіэкскурсия қала қонақтарын күтеді.




«Астана Опера» Опера және балет театры


1.jpg


Бағасы: адам басына 3900 тг.

Бағасына кіреді: транспорт, гид-аудармашы, су

Экскурсия ұзақтығы: 3 сағат


Бұл экскурсия қала қонақтарына театр әлеміне енуге және 33 елдің сәулетшілері, құрылысшылары мен мамандары бірлесіп күш жұмылдырған ғимарат қабырғасында не жасырынғанын біле алады.Театрдың тек көлемі мен әдемілігі ғана емес, бұл жердегі қойылымдар да таңдай қақтырады. Қосымша қонақтар өздерінің таңдауы бойынша жағалауды немесе «Хан Шатыр» ОСО аралай алады.



Түңгі Астана оттары


1.jpg


Дерек көз: @bakdauletkarlybay

Бағасы: 12 адамға 5000 теңге

Бағасына кіреді: көлік, гид-аудармашы, су

Экскурсия ұзақтығы: 2 сағат


Тур сағат 20:00 Астана жұмысбасты қаладан түрлі-түсті оттар мен қайнаған өмір қаласына айналған кезде басталады. Әр үй тамаша жарықтарға боялады, әр бизнес орталықтарындағы оттардың түстері мен бағытын өзгертеді, ал қаланың ең бірегей ғимараттары одан сайын әдемі және қызық бейнеге енеді – осындай түнгі Астана тек қала қонақтарын ғана емес, бұрыннан тұратын тұрғындарын да таңқалдырады, өйткені бұл керемет түстер үйлесімділігіне қарасаң көз тоймайды. Бұл экскурсия аясында «Хазырет Сұлтан» мешітін, «Қазақ елі» монументін, «Бейбітшілік және Келісім сарайын», «Бәйтерек» монументін, Дөңгелек алаңды, «Астана Опера» театрын, «Хан Шатыр» ОСО және бас қаланың орталығындағы түрлі-түсті су бұрқақтарын тамашалауға болады.




Астананы тікұшақпен аралау

1.png


Бағасы: адам басына 55 000 тенге

Бағасына кіреді: тікұшақпен серуен, гид-аудармашы

Экскурсия ұзақтығы: 30 минут


Ұшуды жақсы көретіндер үшін Астананы биіктен тамашалауға керемет мүмкіндік. Заманауи тікұшақпен қонақтар керемет қала көрінісі естерінде қалатындай серуен жасай алады. Экскурсия демалыс орнынан басталады, ол жерде қонақтар өз қалауларымен киіз үйде, ұлттық тамақтарымызбен тамақтанып, кейінірек атпен серуендей алады.




Қорғалжың қорығына экскурсия

1.jpg


Бағасы: адам басына 20 000 тг

Бағасына кіреді: көлік, гид-аудармашы, кіруге арналған билеттер, бір реттік тамақ

Экскурсия ұзақтығы: 1 күн


Коргалжың қорығын ЮНЕСКО Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізгені бекер емес. Бұл жерде алқызылқоқиқаз, бұйра бірқазандар және басқа да бірегей құстар мекен етеді. Тур бағдарламасында: қонақтарға арналған үйде түскі ас, Табиғат Мұражайына ралау және қорық ішінде серуен менкешкі ас.




АЛЖИРГЕ экскурсия

1.jpg


Бағасы: 12 адамға 10 000 теңгеден басталады

Бағасына кіреді: транспорт, гид-аудармашы

Экскурсия ұзақтығы: 1 күн


Бұл Астана қаласынан 25 километр жерде орналасқан саяси қуғын сүргінге ұшыраған құрбандарына арналған этно-мемориалдық кешен. Отанын сатқандардың әйелдерін қамаған Ақмолалық лагерь «АЛЖИР» - осы жерде орналасқан, бұл жерде әр жылдары 18 мыңнан астам әйелдер қамауда болған.


Мұражайлық-мемориалды кешен бірнеше мұражайлық объектіден тұрады. Алыс қалалардан жер аударылғандарды көшірген тірілер мен өлілердің әлемін біріктіретін «Сталиндік вагон», әйелдер тұрған «Барак», лагерьде мерзімін өтеген әйелдердің аттары жазылған «Ескерткіш тақтасы», қуғын сүргін тарихы туралы суреттер мен құжаттар арқылы білуге болатын Мұражай орналасқан.



«Бурабай» ұлттық паркі

1.jpg


Бағасы: адам басына 25 000 тг

Бағасына кіреді: көлік, гид-аудармашы, кіруге арналған билеттер,

Экскурсия ұзақтығы: 1 күн


Қазақстандықтардың ең сүйікті орындарының бірі, ол өзінің айрықша өсімдіктер әлемі мен жануарлар әлемімен ерекшеленеді. Бұл жерде экскурсия аясында баруға болатын көптеген орындар бар. Мысалы, қонақтар тек Бурабай саябағын көріп қана қоймай, Аяз ата тұратын Қазақстандық Лапландияға да бара алады, Абылай хан алаңқайына барып, сонымен қатар тілегі бойынша керемет ресторан отель Rixos Borovoe дәмді тамақтана алады.


Барлық экскурсияларға бару үшін Nata Worldwide Travel LTD турагенттігіне жүгіне аласыз.

Мекенжайы: Балқантау көшесі, 213

Байланыстары: 8 771 762 44 03, 8 771 762 44 15,nata@discover.kz

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.