facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nel-kten-aza-tar-men-bash-rttardy-m-deniet-zh-ne-tarihy-sas
logo
Неліктен қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті және тарихы ұқсас

11.08.2019

Неліктен қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті және тарихы ұқсас

Тарихы

Башқұрттар тарихтарын мақтан тұтады. Ежелден бері башқұрттар Еуропа мен Азияның тоғысқан жерінде, Орал тауларының баурайларында өмір сүреді. Халқы салт-дәстүрлерін, тілін және мәдениетін сақтайды. Тарих бойынша башқұрттар батыл, ержүректі жауынгерлер ретінде белгілі, бұның дәлелдері Германия және Нидерланды елдерінің бірнеше қалаларында сақталған.


Башқұрт батырлары

Башқұртстан халқы Салават Юлаев, Алдар мен Қаранай, Тюлькучура, Қарасақал, Юсуп Арықов және тағы басқа ұлы батырларын мақтан тұтады. Орал батырдың өсиетіне адал балуандар әр уақытта болған. Ол халықтың рухани әлемін, әлем ұғымын, жақсылық пен жамандықтың түсініктерін бейнелейді.


Тіл

Башқұрт тілі түркі тілдес халықтардың тобына кіреді, тілдің ежелгі сипаты сақталған. Басқа түркі тілдерге қарағанда дауысты дыбыстары көп, сол себепті бұл әуенді тіл. Башқұрт тілін білетін адамдар ағылшын, араб, француз сөздерін оңай меңгере алады.


Мәдениеті

Башқұрттардың мәдениеті бай және алуан түрлі. Билер, әндер және өлеңдер – халықтың ажырамас бөлігі. Башқұрттардың арасында әрбір екінші адам әнші, ал әрбір үшіншісі биші болып келеді.

Неліктен қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті және тарихы ұқсас


Қурай

Қурай — ұлттық музыкалық үрмелі аспап. Ол орал қатпаржемістің кесіп алынған және кептірілген сабақтарынан жасалады. Қарапайым құрақ қурайшының қолында ғажайып аспапқа айналады. Роберт Юлдашев — әлемдегі ең танымал қурайшы.

Созылып айтылатын «Ұзын күй» әні башқұрттардың мақтан тұтатын туынды болып табылады. Диапазонның кеңдігі, әншіге қажетті талаптар опера арияларынан кем түспейді.


Мейрамдар мен салт-дәстүрлер

Башқұрт халқының салт-ләстүрлері табиғатпен, Отанға деген сүйіспеншілікпен, үлкендерге құрмет көрсетіп, кішілерге қамқор болумен байланысты.

Қарға тойы — көктемнің хабаршылары болып табылатын қарғаларды қарсы алатын мейрам. Сабантой — дала жұмыстарының аяқталуын тойлайтын мереке. Кәкүк сәйеде мамырдың басында әйелдер мен балалар табиғатқа шығады, шөп шәйі мен тәттілерді дайындайды. Астықты жыл болуы үшін, әндер айтады, ойнайды.

Неліктен қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті және тарихы ұқсас

Башқұрттардың ежелгі салттардың бірі – Өмә – бұл өзара көмек көрсетудің салты. Ҡаҙ өмәһе күздің соңында және қыстың басында өткізіледі.


Әйелдер


Башқұрттар әйелдерін – аналарын, қарындастарын, әйелдерін, қыздарын мақтан тұтады. Олар халқының, тілдің, мәдениеттің сақтаушылары.

Неліктен қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті және тарихы ұқсас


Халық және қонақжайлылық

Башқұртстан халқы өздерін де мақтан тұтады. Бұл мейірімді, еңбекқор, қонақжай, шыдамды, адал адамдар. Башқұрт халқы басқа этностарға деген құрметпен ерекшеленеді.

Заманауи башқұрттар ерекшеліктерін, мәдениетін, тарихын сақтап қана қоймай, жаңашылдыққа ашық болып, заманауилықтың талаптарына жауап береді.


Табиғат

Башқұртстанның табиғатын Швейцарияның табиғатымен салыстырады. Бұл ұлы таулар, ну ормандар, шексіз далалар, көлдер, өзендер және бүкіл әлемге танымал үңгірлер. Солардың бірі Шүлгән-таш. Оның атауы «Орал батыр» эпосымен байланысты. Үңгір палеолит дәуірінде жартасқа салынған суреттерімен әйгілі.

Неліктен қазақтар мен башқұрттардың мәдениеті және тарихы ұқсас

Башқұртстанның аумағында ЮНЕСКО-ға енген Ресейдегі алғашқы геосаябақ орналасқан.


Янган-тау

Башқұртстанның таулары 285 миллион жылдық тарихты сақтайды. Олардың арасында Шихан, Иремель, Торатау, Янган-тау, Нарыстау және Ауш тауларын атап өтуге болады, олардың сыртында бұрынғы Орал теңізінің іздерін табуға болады.

Янган-тау башқұрт тілінен аударғанда «жанып тұрған тау» деген мағына береді. Теңіз деңгейінен 413 метр биіктік шыңында «Янган-Тау» шипажайы орналасқан. Бұл Ресейдегі жер қойнауынан құрғақ және буауалы ағындар ретінде шығатын ыстық газдары бар жалғыз әйгілі кен орны.   


Башқұрт ас үйі

Башқұрт дастарханы дәмді тағамдарға бай. Ұлттық тағамдар арасында  чак-чак, бишбармак, казы, корот, тултырма, талкан, шурпа, салма сияқты тағамдарды атауға болады. Кумыс, буза сияқты сусындар башқұрттардың көшпенді тұрмыс салтынан бері сақталған.


Бал


Башқұрт балы ерекше болып табылады. Қаныққан дәмімен қатар, құрамында барлық пайдалы дәрумендер мен микроэлементтер жиналған.

1

Башқұртстан — адамдар әлі күнге дейін ормандағы омарташылықпен айналысатын Ресейдегі бір де бір мекен.


Жылқылар


Жылқы шаруашылығы – нағыз башқұрттың мақтан тұтатын кәсібі. Башқұрт жылқыларының тұқымы Оңтүстік Орал баурайларында Азиядан әкелінген жылқылардың солтүстік орман тарпаңдарымен будандастырудың жолымен пайда болды. Башқұрт жылқылары қазіргі кезде жойылған азиялық жабайы жылқылардың –– тарпаңдардың бергі тұқымы.

Башқұрт жылқысы төзімділігімен және қыста тау бөктерінен жем таба алатын бейімділігімен әйгілі. Ол дәмді қымыз бен диеталық ет береді.


Қазақтармен ортақ тарих пен мәдениет

Башқұртстан және Қазақстан халықтарының ортақ нәрселері көп. Бұл тарих, мәдениет және салт-дәстүрлер. Қыл-қобыз, домбыра, қобыз сияқты музыкалық аспаптар және қазы, қарта, жалы, тултырма, бешпармақ сияқты ұлттық тағамдары екі халыққа да ортақ.

Башқұрт қазақты аудармашыға жүгінбей түсінеді. Олар қазақтар мақтанатын нәрселермен мақтанады.


Материалды жасап шығаруға атсалысқаны үшін Наиля Валиуллинаға, Галия Вахитоваға, Ильгиз Султанмуратовқа, Фаниль Буляковқа, Лейсан Ахмадуллинаға, Ильшат Гумеровқа, Гюзель Сакальчиковаға алғысымызды білдіреміз.

 

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.