facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dubayda-y-aza-tar-s-ulet-m-hamadiev-tehasta-y-zh-mys-silikondy-al-ap-zh-ne-zh-mys-turaly
logo
Дубайдағы қазақтар. Сәулет Мұхамадиев Техастағы жұмыс, Силикондық алқап және жұмыс туралы
Главный (каз)

01.11.2018

Дубайдағы қазақтар. Сәулет Мұхамадиев Техастағы жұмыс, Силикондық алқап және жұмыс туралы

Сәулет Мұхамадиев, 29 жаста, туған жері — Астана, Smart Dubai бағдарламаларының менеджері



Астана — Дубай



Өскеменде туылдым, алайда 1998 жылы Астанаға көштім, сондықтан өзімді астаналық деп санаймын.

WhatsApp Image 2018-10-22 at 00.40.58 (1).jpeg

Өмір — бұл кітап деп айтып жатады. Және саяхаттамайтын адам оның тек бір парағын оқиды екен. Маған әрқашан жаңа орындарға бару, қызықты адамдарды кездестіру, ойларыммен бөлісу ұнайтын. Сол себепті мектеп аяқтағаннан кейін саяхаттауды шештім. Барлық уақытта 40 елде болып, заманауи көшпенді болдым деп айтуға болады.

Шетелде 10 жылдан астам уақыт тұрамын. Францияда, АҚШ-та оқыдым, «энергетика» мамандығы бойынша Бостон университетін аяқтадым. Оқуымды бітірген соң Техастың General Electric және Schneider Electric инжернерлік компанияларында жұмыс істедім.

Сондай-ақ, Силикондық алқаптың стартапында да қызмет еттім, онда өнеркәсіптік ауқымда энергияны сақтауға арналған инновациялық аккумуляторларды жасауға қатыстым. Кейінірек әріптесім екеуміз елге инновациялық технологияларды жеткізіп, жаңа жұмыс орындарын ашу үшін Қазақстанда осы компанияның кеңсесін ашуды шештік. Ол кезде осы батареялар көптеген көрсеткіштер бойынша Tesla батареяларынан артық еді. Мен Қапшағай күн электр станциясында пилоттық жобаны басқардым. Бірақ, өкінішке қарай, ол уақытта біздің елдің нарығы инновациялық технологияларға дайын емес екендігін түсіндік. Компанияны жабуды шештік.

Түрлі жолдарды қарастырып, бір жарым жыл бұрын Әмірлік Үкіметінен Дубайға шақыруға ие болдым. Онда Дубай әмірі Мұхаммед шейх ойлап тапқан қызықты бағдарлама бар. Ол оған толығымен демеушілік көрсетіп, Дубайға 30 жас маманды шақырады. Бағдарламаға әлем бойынша ең таңдаулы университеттер мен компаниялардың жас адамдары қатысады, онда түсу өте қиын, іріктеуден барлық қатысушылардың тек 1% ғана өтеді. Бұл жобаның мақсаты — болашақ жаһандық көшбасшыларды дамыту. Мен осы бағдарламаның қатысушысы болып, БАӘ келдім.



Ең бірінші әсерлер мен қиындықтар туралы



Алғашқы уақытты еш қиындықтар болған жоқ, өйткені біз үшін барлығы ұйымдастырылып тұрды, тек ұшып келу қажет еді.

Тілдік кедергі де болған емес, өйткені Дубайда барлығы ағылшынша сөйлейді. Барлық іскерлік үрдістер ағылшын тілінде жүзеге асып отырды.

WhatsApp Image 2018-10-22 at 00.40.58.jpeg

Қолайсыздық туғызған жалғыз нәрсе — ауа райы. Әмірлікке тамыз айында ұшып келдік. Бұл ең ыстық кезең, ол кезде ауа температурасы 45 градусқа дейін жетеді. Бұған үйрену қиын еді.

Барлығынан гөрі маған Дубайда тәртіп ұнады. Таза көшелер, сыпайы адамдар және қылмыстың жоқтығы. Барлық жерде бейне бақылау орнатылған. Адамдар заңға бағынып, ережелерді сақтайды. Мәселен, әмияныңды немесе телефоныңды мейрамханадағы үстелге оған ешкім отырмас үшін тастап кетуге болады, ешкім ештеңені алмайды. Қылмыстық мұнда мүлдем жоқ, еш қорықпай серуендеуге болады.



Дубайдағы өмір туралы



Дубайдағы өмір Қазақстандағы өмірден қатты ерекшеленеді деп айта алмаймын. Барлығы немен айналысып, кіммен араласуыңа байланысты.

Маған мұндағы өмір жылдамдығы біздікінен тезірек болып көрінді. Адамдардың көбісі уақыттарын жоғалтпай, үнемі даму үстінде. Сондықтан Дубайда мамандар арасында бәсекелестік өте жоғары. Жетістікке жету үшін үздік болуың керек, басқаша жағдайда біреу сенің орныңды басады.

WhatsApp Image 2018-10-22 at 00.40.29 (1).jpeg

Мұнда Қазақстандағыдай қала сыртына шығып, демала алатын табиғат жоқ. Жазда Дубайда өмір сүру қиын, сол себепті адамдар басқа жаққа кетуге тырысады. Негізінен адамдар мұнда қыста келіп жатады.

Сонымен қатар, бұл жерде ер адамдарға кіруге тыйым салынған, әйелдерге арналған вагондар бар. Ал Рамадан уақытында барлық мейрамханалар жабылады. Мұнда ішімдік ішуге болмайды, оны тек қонақ үйлерде жасай аласың, алайда ол қымбат болып шығады.



Жұмыс туралы


Біздің бағдарлама үш бөліктен тұрады. Біріншісі —PwC академиясында MBA оқу. Екіншісі — жергілікті компанияда екі ай іс тәжірибеден өту. Мен оны Dubai Silicon Oasis компаниясында өттім. Және үшінші бөлім — консультациялық жоба, онда Dubai Future Foundation компаниясының шынайы проблемаларын шештік. Осы тәжірибенің арқасында мен бір жыл ішінде бірнеше компанияны іштей көріп, жергілікті жұмыс мәдениетін меңгердім.

Менің байқауымша, Дубайда қызметкерлер арасында белгілі бағыну тәртібі бар. Көп компанияларда бірдей лауазымдағы еңбекақы тікелей азаматтылыққа байланысты. Мәселен, еуропалық немесе американдық қызметкерге Индиядан келген шетел қызметкеріне қарағанда жалақыны екі-үш есе артық алады.

Дубайда жергілікті тұрғындарға барлық жағдайлар жасалған. Оларда жұмыс іздеуде үлкен артықшылықтар бар. Бірақ, сонда да бұл жерде де тобына кәсіби мамандарды жинап, оларға лайықты еңбекақы төлейтін құзыретті жергілікті басшылар бар.

WhatsApp Image 2018-10-22 at 00.40.57.jpeg

Мұндағы жастардың келешегі өте зор. Мәселен, мен Дубайдың бір министрімен жұмыс істедім, ол 1990 жылғы. Яғни, жастар өздерін жоғары лауазымдарға жеткізіп, елдеріне пайдалы бола алады.

Қазір Smart Dubai бағдарламалар менеджері болып жұмыс істеймін. Дубайды цифрлауға қатысамын, деректер алмасу үшін платформа құруға қатысамын. Бұл жоба жыл сайын Дубай экономикасына 3 миллиард доллар қаржы әкеледі деген болжам бар.



Қала қалай әсер еткені туралы


Ең алдымен, Дубайда қуатқа, жаңа ойларға және мол кәсіби тәжірибеге ие болдым.

Мен және менің тобым елдің дамуына үлкен үлес қосты. Біз Дубайда робототехниканың дамуы бойынша ең бірінші мемлекеттік rlab.aeэкожүйесініңнегізінсалдық. Бұл жобаны Дубай ханзадасы — Хамдан шейхке таныстырдық.

Мұнда көптеген қызықты адамдарды кездестіріп, байланыс орнаттым.

Ресурстары бар ел өзін және өз экономикасын аз уақыт ішінде жақсы жаққа өзгерте алатынын түсіндім. Дұрыс басқарумен ел балық аулайтын ауылдан ірі мегаполиске дейін өсті. Технологияларды пайдаланып, ресурстарды тиімді қолдансақ, Қазақстанда да көп нәрсені өзгертуге болатынын түсіндім. Болашақта шетелде жинаған барлық тәжірибемді қолданып, біздің елдің дамуына өз үлесімді қосуды қалар едім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.