facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
azm-naygaz-kompaniyada-y-zh-mystan-key-n-medicina-a-ket-p-m-rl-k-st-alay-tabu-a-bolady
logo
«ҚазМұнайГаз» компаниядағы жұмыстан кейін медицинаға кетіп, өмірлік істі қалай табуға болады

Бибігүл Укбаева

50 жаста, туған қаласы — Мәскеу, дәрігер, клиниканың директоры

12.07.2019

«ҚазМұнайГаз» компаниядағы жұмыстан кейін медицинаға кетіп, өмірлік істі қалай табуға болады


Өзі жайында


Мен әйел, кәсіпқой маман және ана ретінде қалыптастым. Төрт балам бар.

DSC_0848.jpg

Оқу әрқашан бірінші орында тұратын отбасыда өстім. Әкем генетик, ғылымдар докторы, профессор, академик. Ол 82 жаста және әлі күнге дейін жұмыс істеп келеді, ол мен үшін үлкен мақтанышым және абыройым.

Спортпен, әсіресе жүзумен айналысуды жақсы көремін, жақында батуттармен әуестене бастадым.

Адамдарды әдемі киіндіруді ұнатамын, бұны жай ғана адаммен дүкенге барып, тегін істей аламын. Өзім де үйден боянбай, шашымды сәндемей ешқашан шықпаймын. Өзіме ұнауым керек.

DSC_0881.jpg

Ешкім ешқашан менің көңілсіз жүргенімді көрген емес, мен ешқашан абыржып, алаңдамаймын. Көңілім түссе де, бұл жылына бір рет болады және бес минутқа созылады. Барлық нәрселерден мәселе туындай алмайды деп санаймын, бастысы – денсаулық, позитив және дұрыс ойлар. Позитивті адамдар аз ауырады, олар ештеңеге шағымданбайды. Жақсы көңіл-күйде жүру керек, себебі негативті энергия басқаларға ықпал етуі мүмкін.

Өмірімде сәттілік жиі алдымнан шығады. Мен әрқашан бірдеңелерді жеңіп аламын және әрі қарай одан да жақсы болады деген сезімде жүремін. Бірақ ештеңенің соңынан қуып жүрмеймін. Кішкентайымнан және әлі күнге дейін берекелі өмір сүріп жатырмын. Мен ризамын, себебі тамаша балаларым, керемет жұмысым, айналамда жақсы адамдарым, сүйікті ұжымым бар.

Барлық нәрселерге жеңіл қарау керек – бұл өмірдің даналығы.

Басты өмірлік қағидаларым – шынайылық, әдептілік және адалдық


Басты өмірлік қағидаларым – шынайылық, әдептілік және адалдық. Чехов айтқандай: «Шынайы адам әділ болады».

DSC_0853.jpg


Астана жайында


Астана – өмірімдегі 19-шы қала. Мен оны жақсы көремін, себебі ол өмірімді түбегейлі өзгертті, мен қарапайым үй шаруасындағы әйелден адамдарды емдеу, оларға сұлулық пен денсаулық сыйлайтын үлкен міндеті бар тұлғаға айналдым. Осында барлық нәрселерге өзім қол жеткізе алатынымды түсіндім.

Осындай кішкентай қалада әдепті және адал адамдар көп болғаны ұнайды. Осында тыныш және ауасы таза.

Астананың көшелерімен жүруді ұнатамын және жаңа сапалы орындар пайда болған кезде, қуанамын.

DSC_0860.jpg


Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істері


Өмірлік ісім – адамдарға сұлулық пен денсаулық сыйлау. Пайдалы болатыным мені рахатқа бөлейді.

Өмірлік ісім – адамдарға сұлулық пен денсаулық сыйлау


Мектепті бітіргесін, мен Астрахан медициналық университетіне түстім. Оқу қиынға соғатын, маған бағаларды төмендетіп қоятын және мен Алматы медициналық университетіне ауысуды өтіндім. Алматылық жоғары оқу орнындағы оқу оңай болып көрінді. 1996 жылы оқуымды бітіргесін, кардиология институтына жұмысқа шықтым. Сол кезде ресми медицинаның созылмалы жүрек ауруларын емдемейтінін түсіндім. Мен миокард инфарктісі кезінде нейтрофилдердің жағдайын зерттеу үшін, иммунологияға кеттім. Кейін бүкіл отбасымды Астанаға көшірді, мен де кетіп, қорғауымды жүзеге асырмадым. Үйде отырдым және бұған риза болмадым, кейін «ҚазМұнайГаз» компаниясына денсаулық және еңбекті қорғау бойынша менеджер қызметіне орналастым. Сол жерде жұмыс істеген уақыттың ішінде MBA дәрежесін бітіріп, пресс-қызметтің жетекшісі атандым, баспасөз-хатшысы қызметіне дейін өстім.

2009 жылы жаңа технологиялар медицинасы жайында білдім де, 2013 жылы компаниядан кетіп қалдым. Қазірде химиясыз және дәрі-дәрмектерсіз ағзаның жұмысын қалпына келтіріп жатырмын.

DSC_0845.jpg

Мен сүйікті ісіммен айналысып жатырмын, өзіммен, жаныммен және айналамдағы әлеммен үйлесіміділік күйін кешіп жатырмын. Бұл қымбат нәрсе.


Қазіргі сәттегі рухының күйі


Рухым керемет күйде. Мен бақыттымын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.