facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-za-ua-yt-a-ona-a-kelet-n-tuystary-turaly
logo
Қазақстандықтар ұзақ уақытқа қонаққа келетін туыстары туралы

13.09.2018

Қазақстандықтар ұзақ уақытқа қонаққа келетін туыстары туралы

Асемгүл Түменбаева, 23 жаста, туған жері — Қостанай, модель


Асемгуль 4.jpg

Өзі жайлы

Мен позитивті адаммын, өзімді дамыту мен бүкіл өмірімді арнайтын қызмет түрін іздестіруге бағытталдым. Жақында белгілі бір уақытқа Астанадан Ақтауға көштім. Сондай-ақ, модельдік бизнеспен айналысамын.

Қолайсыздық пен ұлттық дәстүрлер туралы

Маған қонақтар жиі келмейді, шамамен жылына бір рет, бірақ сонда да кейбір қолайсыздықтар туындайды. Мәселен, жуынатын бөлме үнемі бос емес, ұйқыдан қалаған уақытыңда емес, ертерек ояну қажет. Сонымен қатар, уақыттың жетіспеушілігі де байқалады, өйткені бар назарды қонақтарға аудару керексің.

Дәстүрлерді есте сақтап, оларды ұстануға келісемін, бірақ оларды сәл заманға сай ету қажет


Кейбір салт-дәстүрлеріміз көнерді деп ойлаймын. Дәстүрлерді есте сақтап, оларды ұстануға келісемін, бірақ оларды сәл заманға сай ету қажет.

Ымыраға қалай қол жеткізуге болатыны туралы

Асемгуль 1.jpg

Менің ойымша, қонаққа келген туыстарға бөлек пәтер жалдау керек, оған қоса біздің уақытымызда қонақ үйлер мен хостелдер көп. Олардың жағдайы жақсы, егер үйдегіден де артық болмаса. Осылайша жақсы қарым-қатынасты сақтап қалуға болады. Ал егер қонақтарға пәтер жалдауға ақшалары жетпей жатса, мен көмектесуге дайынмын.

Бұл менің зұлым және қонақжай емес екенімді білдірмейді, жай ғана менің өз отбасым бар.


Тоқжан Жаркенова, 23 жаста, туған жері — Жезказған, Назарбаев Университетінің студенті


Өзі жайлы

Токжан.jpg

Астанада 15 жылдан артық уақыт тұрамын. Менің хоббиім — волейбол ойнау және дебатқа қатысу. Тағы саяхаттағанды ұнатамын, сүйікті елдерімнің бірі — Грекия.

Қолайсыздық пен ұлттық дәстүрлер туралы

Бізге туыстарымыз сирек келеді. Егер шынымды айтсам, қонақтар келгенде физикалық жағынан қиын, өйткені отбасымыз үлкен, ал көп адамдар үшін орын жеткіліксіз. Қонақтарға тиісті уақыт бөлу әрқашан қолдан келе бермейді. Адамдар мұны түсінеді, бірақ барлығына қарамастан біз әрдайым қонақтарға қуаныштымыз және оларды қарсы алуға дайынбыз.

Токжан 1.jpg

Қазақтың салт-дәстүрлеріне жақсы көзқараспен қараймын, әсіресе, қонақжайлылыққа. Бұл халқымыздың керемет бір қасиеті деп есептеймін. Қазақтарда қонақ келген кезде дастарханға барлық тәтті тағамдар қойылып, ең жақсысы қонақтарға беріледі және егер олардың тоқтайтын орындары болмаса, онда қонуға ұсыныс жасалады.

Бір жағдай болды: бір ретте Көлсай көліне бара жатқанда кеш батты және бізге бір отбасының үйіне тоқтауға тура келді. Олар бізді тамақтандырып, монша жағып, таңертең жолға тамақ дайындап, аттандырды. Мұндай жағдайлар ұсақ-түйек болып көрінеді, бірақ дәл осындай жағдайлардан кейін өз мәдениетің мен адамдар арасындағы қарым-қатынасты бағалай бастайсың.

Ымыраға қалай қол жеткізуге болатыны туралы

Саған қонақ келген кезде ол үш күн бойы қонақ болып саналады, кейін отбасы мүшесіне айналады


Саған қонақ келген кезде ол үш күн бойы қонақ болып саналады, кейін отбасы мүшесіне айналады. Бұл сол отбасы мүшелері секілді тұрмыста көмектесу керек екенін білдіреді, мәселен, тамақ пісіру. Сондай-ақ, бір-бірлерінің қызығушылықтарымен бөліскен дұрыс.


Аида Оспанова, 25 жаста, туған жері — Көкшетау, Қазақ агро-техникалық университетінің студенті


Өзі туралы

Аида 1.jpg

Мен сәулет факультетінің бесінші курсында оқимын. Астанада 2004 жылдан бастап тұрамын. Бұрын ағам екеуміз ата-анамызбен бірге тұрдық, ал енді өзіміздің жеке пәтерімізде бөлек тұрамыз.

Қолайсыздық пен ұлттық дәстүрлер туралы

2010 жылы ата-анамыз жұмыс бабымен Көкшетауға кетті, ал ағам екеуміз туыстарымызда қалдық. Біреуде тұру, мейлі ол туыстарың болсын, бұл бөтен адамдармен тұрғанмен бірдей. Өйткені әрбір отбасыда өзіндік қалыптасқан тұрмыс әдеттері, ережелері бар және олар сенікімен сәйкес келмеуі мүмкін. Осыған қатысты араласуда қолайсыздық пайда болып, уақыт өте келе қарым-қатынастар бұзулуы мүмкін. Бірақ уақыттан кейін ағаммен өзіміздің пәтерімізге көштік.

Біреуде тұру, мейлі ол туыстарың болсын, бұл бөтен адамдармен тұрғанмен бірдей


Кейін бізге де алыс туысымыз өмір сүруге келген жағдай болды. Бұл бізге кейбір қолайсыздық әкелді, оған қоса бұл жағдайды өз басымыздан да өткіздік. Мұндай жағдай әлі күнге дейін қайталанып тұрады, өйткені біздің уақытта қонақтарға бас тартушылық білдіру ұят деп саналады. Және көп жағдайларда ниетің болса да бас тарту, шынымен де, қолайсыз.

Ымыраға қалай қол жеткізуге болатыны туралы

Аида.jpg

Егер қонақ сенің үйіңде көпке дейін қалатын болса, ол азық-түлік пен коммуналды қызмет шығындарын сенімен бірге бөлеп төлеу керек деп санаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.