Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanada-t-ru-ansha-t-rady

Астанада тұру қанша тұрады
3029

26.09.2017

Астанада тұру қанша тұрады

Камилла, 33 жас, кәсіпкер

Айлық бюджеті — 450 000 теңге


IMG_6064.jpg


Тұрғын үй

Жұбайым екеумізде Сол жағалауда өз меншікті пәтерімізде тұрамыз, тек қана тұрмыстық қызмет үшін ғана төлейміз.Интернетті,үй телефонын және кабельді теледидарды санағанда,шамамен айына 35 000 теңге-ден 45 000 теңге-ге дейін кетеді.


Көлік

Қала бойымен мен өз көлігіммен қозғаламын. Айына жанармайға шамамен 30 000 кетеді.


Тамақ

Бүкіл отбасымызбен біз айына тамаққа шамамен 300 000 жұмсаймыз, бізде үш баламыз бар. Айына біз үйде шамамен бес рет түскі немесе кешкі ас ішеміз.


Менің сүйікті лайфхакім, шығындарды тиімді ету үшін, мен гипермаркеттегі жеңілдіктерін бақылаймын. Кейде қызықты және тиімді жеңілдіктер болады. Мысалы, «екі затты бір зат бағасымен сатып алу».


Жақында біз балалар тағам қоспасына жақсы жеңілдік таптық. Жарамдылық мерзімі желтоқсанда бітетін балалық қоспаға акция болды. Ол бұзылған емес қой, сондықтан біз оны көтермелеп сатып алдық, шамамен 6000 теңге үнемдедік. Жақында Interfood-те Nutella-ға жақсы жеңілдік болды, ол жарты бағамен сатылды,ал мен оны ойламай сатып алдым,балалар оны жақсы көреді.


Ойын-сауық

Қазіргі кезде іс жүзінде біз ойын-сауыққа жұмсалмаймыз, бірақ туғандар мен жақындардың іс-шаралары мен туған күндеріне көп шығындаламыз. Біз киноға барудан немесе үйден тыс жерде кешкі ас ішуден бас тарта аламыз. Бірақ туғандарымыз бен достарымыздың мерекелері менн туған күндеріне бармауға мүмкін емес. Шамамен осындай бір шараға бізде 10 000-15 000 теңге кетеді.


Қорлану

Ақшаны жинауға тырысамын, бірақ бұл үнемі мүмкін емес. Бүкілі жағдайға байланысты. Қазір әзірше ірі бірденеге ақша жинап жүрген жоқпын.


Менің балаларымның дамуына және дәрі-дәрмекке ешқашан ақша аямаймын. Кезектегі массажыма,маникюрыма өз шығынымды кесіп алсам да,бірақ балаларымның үйірмелерінде, оқуында, жаттығуларында ешқашан ақша үнемдемеймін.




Майра, 20 жас, студент

Айлық бюджеті — 80 000 теңге


IMG_6053.jpg


Тұрғын үй

Мен хостелде тұрамын, айына шамамен 22 000 шығады.


Көлік

Мен қоғамдық көлікпен қолданамын, сирек жағдайда таксимен жүремін. Айына көлікке 10 000 – 15 000 теңге кетеді.


Тамақ

Тамаққа айына шамамен 20 000-нан 30 000-ға дейін кетеді. Өзіме тамақ әзірлемеймін., университетімнің асханасында тамақтанамын немесе супермаркетте дайын тамақты сатып аламын да, үйде жылытып жеймін.


Күйзеліс кезендерінде шоколад пен басқа да дәмді тамақтарға ақша жұмсаймын.


Ойын-сауық

Осы айда ойын-сауыққа шамамен 15 000 теңге жұмсадым, әдетте одан аз шығады. Кино мен достарымның туған күндеріне жұмсаймын. Сонымен қоса менде хоббиім бар, мен бимен айналысамын, осыған шамамен 12 000 кетеді.


Қорланым

Мен қазіргі кезде әзірше ештенеге ақша жинамаймын, қажетті заттарды сол мезетте сатып аламын. Жаз бойы тапқан ақшамды киімге және басқа да қажеттіліктерге жұмсадым. Кейде ақшаны анама жіберем, ол Шымкентте тұрады.




Арнат, 25 жас, мемлекеттік қызметші

Айлық бюджеті — 68 000 теңге


IMG_6065.jpg


Тұрғын үй

Қазіргі тұрғын үй мәселесі мен үшін ашық және ауыртатын мәселе. Мен қазір ағамның үйінде тұрамын. Қуанышқа орай, тұрмыстық қызметтер үшін төлемеймін.


Көлік

Қоғамдық көлікпен қолданамын, күніне екі рет — жұмысыма дейін және қайтқанда. Осылай, көлікке айна шамамен 3000 теңге жұмсалады. Таксимен қолданбаймын, тек егер бір жерге қатты асығып тұрсам ғана шақырамын. Соңғы рет таксимен үш ай бұрын жүрдім.


Тамақ

Егер үйде тамақтанбасам, тамаққа шамамен 2000 теңге жұмсаймын, бірақ осындай жағдай бір айда үш реттен аспайды. Ал негізі үйде бар тамақпен құтқарыламын. Үйге тамақты сатып алу – менің міндетім емес, осымен әдетте ағам айналысады.


Ойын-сауық

Ойын-сауыққа шығындалмаймын, жаз кезінде ешқайда бармадым, киноны интернеттен көремін. Мобильдік байланыс пен интернетке айына 2000 жұмсаймын.


Қорланым

Менде несием бар, ол үшін ай сайын 24 000 теңге төлеймін. Сонымен қоса ай сайын «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» депозитіне 10 000 теңгеден ақша бөлуге тырысамын, егер мүмкіндік болса одан да көп ақша бөлемін.



Асель, 32 жас, жекеше компанияның қызметшісі

Айлық бюджеті — 420 000 теңге


астана.jpg


Тұрғын үй

Тұрғын үйді бізге компания ұсынады, мен тек тұрмыстық қызметті төлеймін,бұл шамамен 10 000-12 000 теңге,мезгілге байланысты.


Көлік

Жұмысымда қызметтік көліктің болғаны себептен, көлікке де мен аса жұмсалмаймын. Ал басқа уақытта мен өзімнің жігітіммнің көлігімен қозғаламын.


Тамақ

Айына тамаққа шамамен 30 000 теңге жұмсалады, үйде тамақ жасауға тырысамын. Жұмыста компаниямыз бізді түскі аспен қамтамасыз етеді. Демалыс күндері достарыммен дәмханалар мен кофеханаларға шығамын,айына шамамен 20 000 – 25 000 теңге жұмсалады.


Ойын-сауық

Ойын-сауыққа көп ақша жұмсалмайды. Мен үшін ойын-сауық пен демалыс — өзімді күту. Сауналар, массаждар, спа- шаралары мен бұдан да басқаға мен шамамен 40 000 теңге жұмсаймын.


Қорланым

Мен пәтерге ақша жинаймын, үлексерлік құрылысқа ақша салдым. Осыған айына шамамен 300 000 теңге кетеді. Ең бастысы — бұл бюджетті жоспарлау және оның шегінде ұстану. Мен шамамен екі айға алдын ал шығындарымды білемін.