Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ara-andyly-tardy-25-belg-s

Қарағандылықтардың 25 белгісі
1372

21.04.2017

Қарағандылықтардың 25 белгісі

Бұл жолы біз Қарағандыдай керемет қалада туғандардың несімен ерекшеленетінін білуді ұйғардық. Бұған WE қауымдастығының қатысушылары мен шахтерлер астанасындағы журналымыздың оқырмандары Илья Мирзо, Максат Сарсенбеков, Сажида Калкаманова, Мадина Жарылгапова, Зарина Титакова, Вероника Масимова, Карина Загидуллина, Джамбул Кульдеев и Джоя Кумар көмектесті.



1. Қарағандылықтар Шахтерлер күнін барлық жерде тойлайды.


2. «М», «09» — барлық әріп пен цифрлардың ішіндегі ең сүйкімділері.


3. «Астана—Қарағанды» трассасының аяқталуын асыға күтеді.


4. Спорттық жарыстарда тек қарағандылықтардан жеңіс күтеді.


5. Ет асқанда сәбіз бен картоп қосады.


6. Шахтерді бірден таниды.


7. Қалада орамдардың (квартал) нөмірі бойынша жүреді.


8. Қарағандылықтар — өз қаласының шынайы патриоттары.


9. «Қай жерде еді?» деген сұраққа қашанда жауап бере алады.


10. Тек «Шахтер» футбол клубына жанкүйер болады.


11. Қарағандылықтың туыстарының ішінде міндетті түрде шахтада жұмыс істеген немесе істейтін болып шығады.


12. Майқұдық ауданының ерекшеліктерін біледі.


13. Онда кім туғанын тек қарағандылықтар ғана емес, бүкіл әлем біледі (GGG).


14. Оңтүстік-Шығыс, Михайловка мен Майқұдықты бәрі біледі — бұлар қаланың сырты емес, Қарағандының өзі.


15. Қарағандылықтар Бульвар, Станиславский, Юбилейный, Ленин, Кеншілер сарайының не екенін біледі.


16. Қарағандылықтардың қазір Германия, Израиль, Америка, Ресей және т.б. елдерде тұратын түрлі ұлттан құралған сыныптастары бар және олармен әлі күнге дейін араласып тұрады.


17. Топар су қоймасында, Балқашта, Ұлытау мен Қарқаралы тауларында демалғанды жақсы көреді.


18. Қарағандыда өздерінің циркі мен зообағы бар.


19. Семей ядролық полигоны, Байқоңыр ғарыш алаңы туралы білуге болатын Эко-музейге, ГУЛАГ саяси құрбандарын еске алу музейіне тек қарағандылықтар ғана бара алады.


20. Қарағандылықтар өз қаласында әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкованы қарсылаған «Шағала» қонақ үйінің бар екендігін біледі.


21. Қарағандыда кім Қаржас руынан емес болса, оның Қаракесек болғаны.


22. Қарағандылықтарда «шек» жоқ: өсу жолында қаламен, елмен шектеліп қалмайды.


23. Жол жүру ережелерін қатаң сақтайды.


24. Қарағандылықтан көшеде такси тоқтатпайды, телефонмен шақыртады.


25. Қарағандылықтардың бәрі көпұлтты сыныптарда оқыған. Олардың арасында немістер, корейлер, орыстар мен шешендер көп кездеседі.