Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelde-s-ranys-a-ie-bol-an-3-aza-standy-brend

Шетелде сұранысқа ие болған 3 қазақстандық бренд
1884

02.11.2017

Шетелде сұранысқа ие болған 3 қазақстандық бренд

Жанаберген Макуов, 43 жас, туған қаласы — Алматы, «А-продукт» ЖШС директоры


Біздің компаниямызға 15 жыл, біз халуа, кондитерлік өнімдерді: печенье, вафельді түтікшелер және карамель өндіреміз. Біз өнімдерімізді Ресей, Беларусь Республикасы, Моңғолия, Қытай, Қырғыстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Германия, Италия, Испания,Франция елдеріне экспортқа шығарамыз.


halvinka1-21.png


Шетелдік нарыққа біз анағұрлым көп уақыт бұрын шықтық, мысалы, Қытайға өнімдеріміздің экспорты 6-7 жыл бойы, Еуропаға — шамамен бір жылдай, Моңғолияға — 3-4 жыл, ал ТМЗ елдеріне — 10 жылдан аса жүзеге асырылады.


Тауарды экспортқа шығару барысында белгілі бір қиындықтар туады. Біріншіден, бүкіл жердің стандарттары әр-түрлі, тауардың сертификатталуының талаптарынан бастап, қаптамадағы маркалауы мен тауардың жүк тасымалдауын ұйымдастыруына дейін.Бұл ақшаны қажет етеді және көп уақытты алады. Біз белгілі тауарларды тасып келтіре алмауымен және нарыққа ену үшін, өнімдеріміздің технологиясын, рецептурасын өзгертуге міндетті болғанымызбен соқтығыстық. Бірақ бүкіл жерде тауарымызды өзіміздің тауар белгісімен және өзіміздің дизайнымен сатуға тырысамыз. Кез-келген мемлекетте адам біздің тауарымызды көргенде, оны танып,сатып алатындай,тауардың танымалдығын сақтағымыз келеді.


IMG_03181.png


Біздің өніміміз тұтынушыға ұнайды және шетелде сұранысқа ие. Еуропа да, Азия да тауарымызды ынталана сатып алады. Біздің басты артықшылықтарымыздың бірі — бұл қоспалардың минималды мөлшері мен табиғи өнімдердің қолдануы мен олардың сапасы.Біз іс жүзінде химиядан бас тарттық, бүкілі табиғи, қымбат, сапалы шикізаттан өнідіріледі. Әрине, Қазақстанда бізді анағұрлым көбірек біледі және қазақстандық тұтынушылардың дәмдік таңдаулары да анағұрлым жақынырақ, өнімнің дизайны мен түрі жақсырақ қабылданады. Егер Қазақстанды санамасақ, өніміміз Ресейде ең жоғары сұранысқа ие.


Біз үнемі географияны кеңейтеміз, қазіргі кезде Ұлыбританиямен белсенді келіссөздер жүргізіліп жүр, осы жерге, мүмкін, Жаңа жылдан кейін тауарымыздың жеткізілімін жүзеге асыра бастаймыз, Ауғанстанмен біз келісімшартқа қол қою кезеңіндеміз. Тағы біз Араб Әмірліктерімен келіссөздер жүргізіп жүрміз.Сонымен қоса Әзірбайжан мен Грузия бізбен жұмыс істеуге дайын.




Берик Бижигитов,28 жас, туған қаласы — Алматы, Vinobike брендінің басшысы


Vinobike брендімен біз велосипедтерді,вело-киімдерді және велоспортпен айналысуға қажетті керек-жарақтарды өндіреміз. Осы тауарлардың барлығын Олимпияда чемпионы мен беделді веложарыстардың бірнеше дүркін жүлдегері Александр Винокуровтың тобы жетілдірді. Біздің велосипеттеріміздің толық құрастырылғаны және кәсіпқой велоспорттың стандарттарына сай болуы біз үшін үлкен мақтаныш.


WhatsApp Image 2017-10-27 at 16.37.11.jpeg


Алғаш шетелдік тапсырыстарды біз 2014 жылы брендттің Алматыдағы ресми көрсетілімінен кейінгі бірінші күнінен бастап ала бастадық. Қазіргі кезде біз тауарларымызды Ресей мен Еуропалық Одақ мемлекеттеріне экспортқа шығарамыз. Брендті алға жылжыту мақсатымен біз түрлі форумдар мен көрмелерге қатысамыз. Брендтті одан әрі дамыту үшін біз бірқатар елдерде шоурумдар мен стоктарды ашуға мүмкіндігін қарастырып жүрміз.


Тауарды экспортқа дайындау барысында құжаттарды рәсімдеуде белгілі бір ерекшеліктер бар, бұл ҚР ЕК тәртібіне сәйкес стандартты рәсім. Негізгі қиыншылық — тікелей жүк тасымалдауды ұйымдастыру, әсіресе ЕО-қа, яғни оның жоғарғы бағасы, жеткізу мерзімі және шоғырландырылған жүктерге арналған рейстердің тұрақсыздығы.


WhatsApp Image 2017-10-27 at 16.37.32.jpeg


Көбінесе Vinobike Франция,Италия және Ресей мемлекеттерінде қызығушылыққа басым.Тағы біз ЕО және ТМД елдерінің тізімін кеңейтуге жоспарлаймыз.




Андрей Кригер, «КЭММИ GROUP» ЖШС компаниясының негізін салушысы және иесі


«КЭММИ» маркасы 1997 жылдан бастап жұмыс істейді.Осы бүкіл жылдар бойы біз замандас технологиялар, берік шикізат, өндіріс технологияларын ұстану арқасында және жоғары білікті мамандар арқасында өндіретін тауардың жоғары сапасына ынталанамыз.


397996280_w640_h640_margaritka.png


Ерекше форматты кеспе мен макарон өнімдері Италия мен Германия өндірістерінде де, патенттелген жеке өндірістерінде де жасалып шығарылады. Біз үнемі өндірісті жаңартамыз, бұл тауардың тұтынушылық сипаттамасын жақсартуға, сұрыпталымды жаңартуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазіргі кезде біздің сұрыпталымымыз үлкен — бұл 100-ден аса атаулар. Біздің өнімдерімізді өндіру барысында біз еш бір қосылымдарды қолданбаймыз, тек қана табиғи өнімдер. Себебі сапалы тауар — компаниямыздың негізгі мақсаты.


2b50681bbcc05a3c8b2dc18cafa5cf07.jpg


«КЭММИ GROUP» тауарларының сатып алушылары — қазақстандықтар, алыс және жақын шетел тұрғындары. Біз нарықты кеңейтеміз және бізде Ресей, Германия, Түрікменстан, Моңғолия, Қытай, Қырғыстан елдеріне экспорттық жеткізілім тәжірибесі бар. Экспортты біз 2005 жылдан бастап жүзеге асырамыз, және шетелге жеткізілімді жүзеге асыру барысында аса үлкен қиыншылықтар туған жоқ. Тауарды экспортқа дайындау барысында да қиыншылықтар дәл солай туған жоқ,себебі біз Кеден Одақ регламентінің негізінде жұмыс істейміз.