facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-otbasy-pavlodardan-ket-p-t-rkiyada-ki-mder-d-kender-n-zhel-s-n-ashty
logo
Қалайша отбасы павлодардан кетіп, түркияда киімдер дүкендерінің желісін ашты

26.09.2018

Қалайша отбасы павлодардан кетіп, түркияда киімдер дүкендерінің желісін ашты

Зауре Ахметова, 38 жаста, туған жері — Семей, стилист және журналист


Өзі және журналистикадағы мансабы туралы


Әрқашан ізденіс жолындамын. Маған шынайылық маңызды, жасандылықты тіпті адамды бірінші рет көрсем де сеземін.

Семейде қаржы интитутын бітірдім. Павлодарға 2002 жылы көшкенде Торайғыров атындағы ПМУ бухгалтерлік есеп кафедрасында оқытушы болып жұмыс істей бастадым, сондай-ақ, онда ғылыми инфрақұрылым бөлімінде басшылық еттім. Сонымен қатар, каратэмен айналысып, пресс-хатшы қызметін атқардым.

adf425b868a012ad824efb1f62be21a7.jpeg

Ақтауда әлем чемпионаты өткен кезде, сол туралы жазу үшін Ақтауға кеттім. Сонда кеңседе жұмыс істеп, басшылық ететін қызметтерді атқарғым келмейтінін, журналистикада жұмыс істеуді қалайтынымды түсіндім. Павлодарға оралған кезде өз қалауыммен жұмыстан шығып, жарты жыл бойы жұмыссыз отырдым. Кейін жергілікті «Ирбис» телеарнасына орналастым, ол жерде екі-үш айдан соң бас редактор болып тағайындалдым.

Көп уақыт бойы қорытынды бағдарламаның бас журналисі болдым. Бұл үнемі іссапарда болу деген сөз: апта жаңалығы бар — сол жерге ұшып барып, екі күн бойы жедел түрде сюжет түсіресің, оған қоса басыңда материалдың мәнін ашып жатасың. Кешке қонақ үйге келіп, ұйықтамайсың, раскадровка жасап, сценарий жазасың. Кейін келесі түні монтаж жасау қажетсің. Сол уақытта менің емізулі балам болды. Балаларым мені көрмейтін, іссапарда боламын немесе балалар ұйықтап жатқан кезде ғана үйге келемін. Мұндай ритмде ары қарай жұмыс істей алмадым.

Бірақ, жай ғана үйде де отыра алмадым, сондықтан стилист оқуын оқып, тәжірибе жинай бастадым. Беделім пайда болып, атым шыққан кезде, жақсы ақша таба бастадым. Мұндай жұмыс түрі маған сәйкес келді, өйткені уақытымды өзім жоспарлай алдым. Кейін мен оқыған мектеп мені стилистика курстарынан сабақ беруге шақырды.

Көп уақыт бойы қорытынды бағдарламаның бас журналисі болдым


Көшу туралы


Алты жыл бұрын күйеуіме Түркияда қызмет ұсынды. Біз келістік және бұған еш өкінбейміз. Сол уақытта бірге тұрып жатқанымызға алты жыл толып, арамыздағы қарым-қатынас бұзыла бастады, бірақ оған нақты себептер болған жоқ. Біз жай ғана біркелкі өмірден шаршадық, сол себепті басқа елге көшу ұсынысын қуана-қуана қабылдадық.

9e4fbe6ba680122b90b9da758029ccff.jpg


Дүкен ашуға не шабыттандырғаны туралы


Жеке ісімізді ашпас бұрын Түркияда үш жыл тұрдық. Барлығы жақсы болды, үш жыл демалыс біздің қарым-қатынасымызға оң әсерін тигізді, қазір мүлдем басқаша отбасымыз.

Американдық қордың қолдауымен әйелдер бастамасының дамуымен айналысатын құрбыммен кездесіп, біз әйелдерге арналған Тen women — ten stories жобасын ойлап таптық. Бізді International association of Izmir шетелдік әйелдер клубы қолдады, бұл тағы бір үкіметтік емес ұйым және Измирдегі әлеуметтік қорғау Департаменті. Тобымыз мықты болды: құрбым, психолог-маман, әйелдерге тренингтер өткізетін, ал мен, стилист ретінде олардың имидждерін өзгертетінмін. Менің миссиям — өзім ұсынған блог пен суреттер арқылы әйелдердің өзін-өзі бағалауларын көтеру. Тіпті сырттай табысты әйел шын мәнінде ажырасу соңында болып, отбасысында келіспеушіліктер орын алуы мүмкін. Егер әйел өз-өзіне қарай бастаса, ода: «Өзімді әдемі мойынорағышпен қуантамын ба әлде балама артық балмұздақ әперейін бе?» — деген сұрақ туындамайды, көптеген мәселелер өздігінен шешіледі. Балмұздақ зиян, ал баланы басқа нәрсемен де қуантуға болады, сондықтан мойынорағыш алған дұрыс.

6985958761cb5658c1ed22702bec4908.jpg

Бұл жоба мені дүкен ашуға ынталандырды. Бірақ бастапқыда біз жай ғана күйеуімнің анасына көмектесетінбіз. Оның шағын дүкені болғандықтан, ол Павлодарда сату үшін тауар жіберуді сұрайтын. Біз жіберетінбіз, бірақ уақыт өте келе мұның жұмыс істеймейтінін түсіндік.

Біздің бизнес Еуропаға киім тігетін түрік фабрикаларынан бастау алды. Тауардың әртүрлілігімен жұмыс істей бастадық. Біздің жеткізушілер жақсы база беретін: көйлек, жейде, шалбар, бірақ біз оларды әйелдерге арналған аксессуарлармен толықтыру қажет екенін түсіндік. Кейін біз жергілікті нарыққа, Түркияға тігетін түрік өндірушілеріне қызығушылық таныта бастадық. Дүкеніміздің негізі — еуропалық брендтер, ал біз оған түрік брендтерін де қоса бастадық.

Әлі күнге дейін біздің басты мақсатымыз — бағаларды белгілі бір деңгейде сақтап тұру. Маған бұл маңызды, өйткені қолжетемділік үлкен маңызға ие. Мұны әйелдің өзіне жаңа нәрсе сатып алуына, өзгеруіне мүмкіндігі болу үшін жасаймыз. Бұл тек баға әйел үшін ұтымды болса ғана мүмкін болады.

Стилистік тәжірибем дүкен клиенттері үшін дайын сәнді look`тар жасауға көмектеседі


Отбасылық бизнес туралы


Біздің бизнесіміз отбасылық. Бір анам Павлодардағы екі дүкенді, екінші анам Астанадағы дүкенді бақылайды. Осы жобаның арқасында бір-бірімізді түсінуді үйрендік. Ешқашан тіпті бір қалада тұрған емеспіз, сол себепті алаңдайтынмын, бірақ күйеуімнің анасының жағынан қолдау мен түсіністікке ие болдым. Ол «қазақ енесі», ал мен «қазақ келіні» болғандығымызға қарамастан бізде жақсы қарым-қатынас орнады.

fa8482ccbc13e11ae49febbb99d8221a.jpg

Күйеуімнің анасына 58, менің анам үлкен, оның жасы 73. Менің анам да орынды араласты: қажеттілік пайда болғанда Астанаға көшті.

Күйеуіммен бір топта жұмыс істейміз. Міндеттеріміз нақты белгіленген. Instagram парақшасында көрсетілген барлық нәрселерді күйеуім өзі түсірді. Ол кәсіби фотосуретші емес, шетел компаниясында топ-менеджер болып жұмыс істейді, алайда маған көмектесу үшін уақыт табады. Бұдан басқа күйеуім қаржыгер мен жүргізуші қызметтерін атқарады. Кадр сыртында қалатын жұмыстың 90% күйеуім жасайды.

Бірге жұмыс істей бастаған кезден ара қатынасымыз жаңа деңгейге көшті. Бірігіп, ортақ тақырыбымыз пайда болды. Бізде шығармашылық одақ, бір-бірімізді толықтырып отырамыз, кейде көнеміз.

b6fa46350660256a969ed964e84eee48.jpg

Жұмыстарымызбен жиі Стамбулға баруға тура келеді, сонда қонақ үйлерде тоқтаймыз. Мұны ойын ретінде қабылдаймыз, үйде балалардың жанына біреуді қалдырым, өзіміз кете береміз.


Павлодар туралы


Павлодарға алғаш рет 2002 жылдың қаңтар айының соңында әпкеме қонаққа келдім. Қалаға кірген бетте көзге ең алғаш түскен нәрсе — жарықтандыру. Уақыт қиындықтарына қарамастан, қаланың барлық жерінде шам жанып тұрғанын, жолдар таза, ал көшелер жарықтандырылғанын көрдім. Сол кезде осында тұруды қалайтынымды түсіндім.

Мен үшін осы қалада журналист ретінде шыңдалғаным маңызды

Бұл қаланы адамдары үшін жақсы көремін. Біздің адам шетелдікке қарағанда барлық уақытта күлімдемесе де, мұнда көңілді адамдардың пайызы Семейге қарағанда көбірек. Павлодарлық адам — жасына қарамастан озық адам. Әсіресе, бұл жастардың бойында байқалады.

Сондай-ақ, мен үшін осы қалада журналист ретінде шыңдалғаным маңызды.

8b71b5c8c66ad4c234623a172fa052b9.jpeg


Жоспарлар туралы


Біздің мақсатымыз — жаңа деңгейге көтерілу. Белгілі стандарттарды енгізіп, әріптестер ретінде жұмыс істеп,отбасылықтан корпоративтік секторға өткіміз келеді.

Мен үшін жаңа деңгей — толыққанды сайты бар онлайн-сауда, сайт банке тіркеліп, клиент қорғалғаны маңызды. Офлайн-сауда да болады, өйткені кейде адамға дүкенге келіп, сауда жасап, көңіл-күйін көтерген жағымдырақ. Келесі міндетіміз — сауда орындары.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.