facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
astanaly-zhas-otbasylar-anday-a-sha-a-p-ter-zhaldap-m-r-s-red
logo
Астаналық жас отбасылар қандай ақшаға пәтер жалдап, өмір сүреді
Өмір сүру стилі

04.03.2018

Астаналық жас отбасылар қандай ақшаға пәтер жалдап, өмір сүреді

Мадина Оспанова, 22 жаста, туған жері — Астана


1.jpeg

Ата-анам Астанадан, олардың пәтері бар, күйеуімнің де үйі бар, бірақ ол қаланың сыртында. Бөлек тұрғымыз келетінін шешіп, шамамен бір жылдай пәтер жалдап тұрып жатырмыз.

Қазір пәтерге айына 100 000 теңге төлейміз, жұбайым екеуіміз жұмыс істегенде оңай болған. Мен декретке шыққаннан бері, бұл бағаға пәтер жалдау аздап қиынға соғып жүр. Бұрын кинотеатрларға жиі баратын едік, ал қазір ондай жерлерге мүлдем бармаймыз. Бірақ, мұндай шешім қабылдағанымызға өкінбейміз.

Қазір бөлек тұрып жатқандықтан, жауапкершілікті сезініп жүрміз. Пәтерді жалдағанымызға қарамастан, мен әрдайым нені сатып алу керектігін байқап жүремін. Бала туғаннан кейін де, пәтерді жалға алуды жоспарлап отырмыз.

Әрине, өзінің пәтеріне қаражат жинау тиімді, сондықтан біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне инвестиция салуды жоспарлап отырмыз. Бірақ қазір күйеуім ғана жұмыс істейді, сондықтан бұл әзірше қиындау, өйткені пітердің ақшасынан басқа көптеген шығыстар да бар.


Надежда Лигай, 22 жаста, туған жері — Қарағанды

2.jpeg

Біз бір жыл бұрын Астанаға көшіп келдік. Бастапқыда күйеуімнің ата-анасымен бірге тұрдық, өкінішке орай кейбір келіспеушіліктер үшін бөлек тұру туралы шешім қабылдадық. Сондықтан, қыркүйектен бастап пәтер жалдап тұрамыз.

Жалға берілетін пәтер іздейтін кезде, жиі фотода таза және жайлы пәтерді көреміз, ал шынында мүлдем басқа болады. Бізде бала бар, және жалға берушілер балалары бар отбасыларға пәтерді бергісі келмейді. Қазір 70 000 шамасында тұратын басқа пәтер іздеудеміз.

Бір жағынан, бұнын артықшылықтары да бар. Ең бастысы, сіз өзіңізге өзіңіз тиесілісіз, үйде өзіңіздің ережелеріңізді белгілей аласыз, ата-аналарыңызбен келіспеушіліктер болмайды, өйткені өмір мен көзқарастардың барлығы әр түрлі.

Біз өз пәтерімізді сатып алу туралы ойлаудамыз, бірақ, өкінішке орай, әлі жағдайымыз жоқ. пәтерді жалдап тұрып, ақша жинау қиын.


Анель Базаркул, 23 жаста, туған жері — Шу, Жамбыл облысы



3.jpeg

Мен Астанада 2012 жылдан бері тұрамын. Университетте оқыған кезімде жатақханада төрт жыл тұрдым. Бітіргеннен кейін пәтер жалдап, оған 30 000 теңге төлейтінмін. Сол кезде несиелерім болғандытан, мен үшін бұл баға қымбат еді.

Жұбайым екеуміз үш ай бұрын үйлендік. Енді біз күйеуімнің бауырымен екі бөлмелі пәтерді жалдап тұрамыз. Біз оған айына 100 000 теңге төлейміз. Әрине, пәтерді жалға алу кезінде туындаған басты қиындық — бағаның қымбат болуы.

Болашақта өз пәтерімізді сатып алуды жоспарлап отырмыз, қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ақша жинап жатырмыз. Жас отбасылар үшін бұл оңай және қолжетімді деп айта алмаймын, сондықтан көп күш жұмсауымыз керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.