Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
50-zhastan-key-n-m-rd-end-bastalatynyn-d-leldeyt-n-adamdardy-3-o-i-asy

50 жастан кейін өмірдің енді басталатынын дәлелдейтін адамдардың 3 оқиғасы
2243

18.05.2017

50 жастан кейін өмірдің енді басталатынын дәлелдейтін адамдардың 3 оқиғасы

Галина Борисовна Карпова, 70 жаста, туған қаласы — Алматы, мемқызметкер, зейнетте

Мен шығыс биі және латын америкалық билермен зейнетке шыққаннан бастап айналыса бастадым. Қазір өзім зейнеткерлерге сабақ беремін.


Галина1.jpg


Маған билеген ұнайды, себебі, біріншіден, бұл өте әдемі, екіншіден, бұл қозғалыс, ал қозғалыстың өмір екенін бәріміз білеміз. Би денсаулықты нығайтады, дене бітімің де әдемі, сымбатты бола түседі, көңіл-күйің көтеріледі.


Менің бимен айналысатыныма жақындарым мен туыстарым оң көзқараспен қарайды. Бәрінің көңілі тоқ, бәрі менімен бірге бақытты. Туыстарым Алматыда, олар да маған ұқсап, фитнеспен айналыса бастады.


Галина2.jpg


Мен күн сайын сабаққа барамын, қазір оған қосымша фитнес нұсқаушысымын, зейнеткерлерге сабақ беремін, 2013 жылы «Денсаулық» тобын ұйымдастырдым.


Бимен, фитнеспен айналысу менің өміріме айтарлықтай әсер етті. Өзімді еркін, керемет сезіне бастадым. Дене сымбатым да түзеліп, денсаулығым жақсарып, әдемі бола түстім. Өмір қайнап жатыр және енді басталуда.


Галина3.jpg




Сансызбай Сағындықұлы Мұқанов, 66 жаста, Курган облысы, Окуневка а., РФ, ауыл шаруашылық инженері, зейнетте


Мен брейкпен зейнетке шығып, бос уақытым көбейген кезден айналыса бастадым. Менің түсінігімде брейк бұл — тіпті, жастардың көбісінің қолынан келе бермейтін бидің қиын түрі. Бұл өте қызықты спорт түріне жатады. Жай ғана жүгіріп, зілтемір көтеру маған қызық емес. Ал брейк өте қызық, себебі ол жақсы әуенмен өзіне баурап алады. Бұл спорт өмірдегі мүмкін нәрселердің шегі сияқты. Адам әрқашан өзі істей алатын нәрсесін максималды түрде орындайды. Мысалы, мен жаттықтырушының көрсеткенін қайталауға тырысамын. Белгілі бір қимылдарды жақсы орындаймын, әйтпесе, баяғыда-ақ жігерім құм болып, онымен айналысуды тоқтататын едім.


Сансызбай1.jpg


Туыстарым мен жақындарым менің бұл ісімді құптайды. Немеремді де брейкпен айналысуға баулыдым. Енді ол да билеп жүр.

Сансызбай2.jpg


Аптасына бір сағаттан үш рет жаттығуға тырысамын, зор ынтамен жаттығамын.


Тойларда дөңгелене билеп тұрған кезде менің бимен айналысатынымды білетіндер отырып-тұрып, баспен жерге тұрып түрлі қимылдар көрсете бастайды. Кейін мен өз қабілетімді көрсетіп, оларды шаң қаптырамын. Жастардың ешқайсысы мұны қайталай алмайды, себебі бұл үшін дене дайындығы керек.


Брейк менің психологиямды өзгертті. Мен көп жерде тәуекелшіл бола түстім. Мысалы, біз алаңға шығып, билемек болған кезде, өкінішке орай, күзет бізге рұқсат бермеді. Біз ол жерде немерем екеуміз өнер көрсеткен болатынбыз.


Сансызбай.jpg


сансызбай4.jpg




Жомарт Жарасбайұлы Нұрқанов, 52 жаста, туған қаласы — Целиноград, инвестициялық консалтинг


Мен кроссфитке үш жыл бұрын келдім. Кәрілікті лайықты түрде қарсы алып, денсаулығымды сақтау керектігін сезіндім. Дене бітімім толық болды және сәйкесінше, денсаулығыма қатысты мәселелер де бар еді. Сол кезде спорт туралы ойландым. Кроссфитке келгенге дейін фитнеспен, жүзумен айналыстым. Бірде Facebook желісінен Алматыдағы кроссфит туралы хабарландыруды көріп қалдым. Дәл сол уақытта онда бірнеше зал болатын. Мен осы бағыт Астанаға келсе, қандай жақсы болар еді деп ойладым. Және екі айдан соң кроссфиттің бас қалада ашылғаны туралы оқыдым. Бірден бардым да, айналыса бастадым. Кроссфиттің қарапайым жаттығу залынан айырмашылығы, мұнда өзіндік орта мен бөлек әлем бар. Бұл керемет.

Жомарт1.jpg


Кросфитте қалыпты режим, топта өткізілетін динамикалық жүктемелер. Бәрі де жаттықтырушының нұсқауымен өтеді. Мен кроссфитке түстен кейін, яғни сағат кешкі беске дейін барғанды ұнатамын. Жаттығуға еш демалыссыз, күнде үш сағаттан барамын. Үш сағат бұл — жетіп алу, киіну және адамдармен әңгімелесу.


Отбасым менің кроссфитпен айналысқанымды қолдайды. Анам, әрине, мен үшін уайымдағаны рас, себебі жаттығуда үлкен жүктеме болды. Кроссфит, көбінесе әуесқойлар үшін емес, кәсіпқойларға арналған. Ал негізінен, айналамда мені қолдайтын, менің нәтижелерімді байқайтын адамдар көп.


Жомарт 2.jpg


Жақында клубтық жарыстар болып өтті, жарысқа қатысушылар кәсіпқойлар мен әуесқойлар тобына бөлінді. Мен, әрине, әзірше әуесқойларға жатамын. Оған 25-ке жуық адам қатысты, негізінен жастар болды. Алайда, мен жеңімпаздардан 1-2 ұпайға ғана артта қалып, үшінші орынды иелендім.


​Кроссфит менің өмірімді тек дене тұрғысынан ғана емес, жан дүниемді де өзгертті. Бұл жас дағдарысын жеңуімнен-ақ анық көрінді. Күн сайын қиындықтарды жеңуге күш тауып, өмірге жаңаша қарай білуге мүмкіндік алдым. Адамдарға деген көзқарас та өзгереді, өмірге оң көзбен қарай бастайсың. Мен мұнымен тоқтап қалмаймын, кроссфитпен кәсіби түрде айналысқым келеді. Енді дұрыс тамақтануды қолға алғалы жүрмін.


Жомарт3.jpg


Жомарт4.jpg