Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
medicinaly-tekser-s-ne-sh-n-kerek-zh-ne-medicinaly-tekser-s-sh-n-t-leu-kerek-pe

Медициналық тексеріс не үшін керек және медициналық тексеріс үшін төлеу керек пе
1035

06.10.2017

Медициналық тексеріс не үшін керек және медициналық тексеріс үшін төлеу керек пе

Қазақстан азаматтары медициналық тексерістен өтуге міндетті. Медициналық тексеріс – бұл аурулардың, соның ішінде кәсіби аурулардың таралуын, улануларды, бақытсыз жағдайларды анықтауға және ескертуге, сондай-ақ қандай да бір шаруашылық және (немесе) бағытталған уақытылы медициналық қарау.


Медициналық тексеріс түрлері


Медициналық тексерістер міндетті және профилактикалық болады.Міндетті медициналық тексерістер мынадай түрлерге бөлінеді:


алдын-ала міндетті мединалық тексерістер мамандығы немесе оқуы бойынша міндеттерді орындауға жарамдылықты анықтау мақсатымен жұмысқа немесе оқуда түсуде, сондай-ақ жалпы, кәсіби және инфекциялық, паразитарлық ауруларды ескерту үшін жүргізіледі


мерзімді міндетті медициналық тексерістер жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін, жалпы, кәсіби және инфекциялық және паразитарлық ауруларды таралмауын уақытылы анықтау мақсатымен жүргізіледі.


Өндіріс және шаруашылық қызметі саласындағы жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар алдын ала немесе мерзімді медициналық тексерістен өтпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа жарамсыз деп танылған адамдарды жұмысқа жібермеуі тиіс.


Медициналық анықтамалардың формалары


Медициналық анықтамалар формасы адамның жасына және еңбек қызметіне байланысты әр түрлі болады:


форма 026/у-3(немесе баланың денсаулық паспорты)
форма 086/у
форма 082/у
форма 083/у
жеке медициналық кітапша.


Әр балаға балабақшаға немесе мектепке барарда тіркелген емханасында 026/у-3 формалы анықтама ресімделеді (басқаша айтқанда «Баланың денсаулық паспорты»). Балабақша немесе мектептің медициналық қызметкері жүйелі түрде осы кітапшаны жүргізіп, толтырады. Басқа ұйымға ауысқанда баланың денсаулық паспорты жеке іспен бірге беріледі.


17 жастан кейін кез келген орта,жоғары,орта-арнайы оқу орнына түскенде немесе жұмысқа тұратын кезде, сондай-ақ диспансеризациядан өткенде 086 формалы анықтама беріледі. Бұл адамның осы мамандық бойынша жұмыс істеуге немесе аталмыш оқу орнында оқуға жарамдылығы туралы дәрігер мамандардың қорытындысы.


086 формалы анықтаманы алғанда міндетті түрде терапевт, хирург, неврапатолог, отоларинголог, гинеколог және басқа мамандардан тексеруден, рентгенологиялық тексеруден, сондай-ақ зертханалық зерттеулердің мәліметтерін ұсынуы және сақтандыру екпелерін ұсынуы тиіс.


082 формалы медициналық анықтама — бұл шетелге шығушының анықтамасы. Шетелге жол тартқан адамның шетелге сапарды жүзеге асыруы үшін медициналық қарама-қарсылықтары жоқтығының дәлелі. Осы анықтама Шенген аймағына виза алу үшін және медициналық сақтандыруды рәсімдеу үшін керек құжаттардың бірі болып табылады.


083/у формалы медициналық анықтама көлікті басқару куәлігін алуда беріледі. Сондай-ақ тар шеңберлі мамандандыру дәрігерлерін және нарколог пен психиатрдан тексерістен өту керек.

Медициналық тексеріс үшін төлеу керек пе


Медициналық тексерістер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне кірмейді. Медициналық тексерістен өту құны бағалар прейскурантына сәйкес жүргізіледі.


Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыскерлердің медициналық тексерістерін жүргізу жұмыс берушінің міндеті болып табылады, ол өз қаржысы есебінен жүргізуі тиіс.



Дереккөзі: egov.kz