facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
3-aza-standy-ta-ironman-ashy-ty-yn-alay-tken-turaly
logo
3 қазақстандықта Ironman қашықтығын қалай өткені туралы

05.09.2017

3 қазақстандықта Ironman қашықтығын қалай өткені туралы

Елена Кун, 36 жас, туған қаласы – Алматы, Almaty Sports City спорт кешенінің даму директоры


елена1.jpg


Менің артымда Ironman-нің 4 толық бәйгесі бар: біруеі Флоридада,екеуі Германияда және біреуі Барселонада. Соңғы рет өткен жылы, қазан айында болды.


Бұл қашықтыққа қатысу менің бұрынғы кезімнен жоспарыма кіріп, күткен және үміт еткен мақсатым болды,себебі мен түрлі кезеңдік спорт түрлерімен айналысатын адаммың. Ironman мен үшін жайлылық зонасынан шығаратын тағы бір даму сатысы болды.


Бірінші Ironman-ге дайындық шамамен бір жылдай уақытымды қажет етті,бұл жаттығуларға Ironman-нің барлық үш спорт түрі кірді .Келесі стартқа дайындық кезені шамамен тура сондай уақытты қажет етті,бірақ та бұл дайындық анағүрлым серпінді болды.Бірінші Ironman адамды Айға жіберумен бірдей. Сен қандай мәселелермен соқтығысқанынды білмейсін,ағзан өзін қалай сезетінін білмейсін,себебі сен бүкіл спорт түрлерін тек бір-екеуден ғана өтіп көрдін,бәрін бірге өтпедін.Қандай қиындықпен соқтығысатынынды білмейсін,осыны алдын ала болжай алмайсын. Ironman-ге екінші рет қатысқанда, енді қай жерде,қашан,қалай істегенін жақсырақ болатынын түсінесін,кейбір жерлерде басқаша шешім қабылдайсын,дайындықта өзіне қаталдау болып одан да қаттты қатысасын. Біз үшін шоссемен белгілі бір қашықтықты өту өте маңызды, себебі,велосипедшілер мен триатлоншылар сөзімен айтқанда, сонда сенде аяғында километр мөлшері көбіректеу болады.


Бірінші Ironman адамды Айға жіберумен бірдей


Менің екінші Ironman-ге тіркеуімді біріншісін аяқталған кезде қолыма алдым. Мен қатысуымды жалғастыратынымды білдім, бұл маған қызықты екенін түсіндім. You are an Ironman ардақты сөздерін естігенде,өзімнен қызу қуанышты күттім. Финишқа тақалғанда, қызу ду қол шапалақ болатынын елестеттім, осының барлығы мені тартып әкетті . Шынында осының барлығы тыныш және қарапайым болды, мен жай ғана өмірімнің жаңа сатысына бастым. Бұл, сен Ironman дайындығына қатысқанда,сен дайындық кезінен бастап «темір» тәрізді қатты болуына байланысты деп ойлаймын:дайындыққа таңертен тұрасын, дайындықты жұмыспен, отбасынмен бірге қиыстыруды үлгеріп, нон-стоп тәртібінде өмір сүресін. Сондықтан сен «темірден» жасалғанынды финишқа дейін жетпей де сезесін.


елена.JPG


Ironman мені өзгертті. Мен анағұрлым тәртіпті болдым,өзімді қажетсіз ұсақ істерге уақытымды бөлуді тоқтаттым, көптеген жағдайларға тыныштау әрекет жасауымды бастадым. Бұған қоса, бұл тек спортта ғана емес, өмірде де,бизнесте де көп көмектеседі. Сенің барлық шаруаларын орын-орнына келеді,сондықтан саған пайда әкелмейтін іске сен өз уақытынды бөлмейсін. Сен өз уақытынды тиімді пайдаланасын — бұл Ironman беретін ең маңызды зат. Осыдан кейін сен нон-стоп тәртіпте кез-келген жобаны істеп, ironman тәртібінде өмір сүруге толығымен дайын боласын, анағұрлым нәтижелі боласын.


Ironman ұраны «Мүмкін болмағаны іске асады» деп бос айтылмаған


Өткен жылы мен әуесқойлар арасындағы Ironman бәйге сериясының 5% атлеттер құрамына кірдім.Мен үшін бұл өте маңызды. Осы жылы мен Quest for Kona байқауына қатыстым, яғни біз видео түсіріп,адамдарға жаттығатын адам деген кім екенін түсіндіруге тырыстық. Бүгінгі күні Ironman сериясындағы бұл менің жетістігім деп санайтын мен ұшін екі ең қызықты кез.


Жақын арада менің екі стартым өтеді, сондықтан мен әрі қарай қатысуды жалғастыруды жоспарлаймын.


елена 2.JPG


Мен қорықпауға кеңес бергім келеді, көп жағдайда адамдар бұл мүмкін емес деп ойлайды. Ironman ұраны «Мүмкін болмағаны іске асады» деп бос айтылмаған. Жай ғана осыны қалау жеткілікті, сонда сіз өзінізге мақсат қойғанда, сіз Ironman финишіне бірінші қадамынызды басасыз. Екіншісі,асықпау керек. Қазіргі кезде бұл мода сияқты, адамдар финишқа жету үшін бір-екі ай жеткілікті деп санайды. Ол үшін кезеңдік жаттығулар бойынша көп дайындалу керек, әйтпесе бәйгенің бұл бөлігі өз-өзін зорлау тәрізді болады.Бұл бәйге масаттануды әкелу керек, фиништан кейін сіз қуаныш пен рақаттылықты сезіну керексіз.




Яна Качалей, 26 жас, туған қаласы – Алматы, коммерциялық директор


Өткен жылы,2016 жылдың қазанында,Барселонада мен Ironman-ге бірінші қадамымды бастым. Мен Ironman-ге қатысуға Қазақстаннан келген алтыншы қыз болдым. Сонымен қоса, мен Қазақстаннан келген ең жас қатысушы болып саналамын.Әдетте Ironman-ге 30-дан асқандар қатысады.


яна2.jpg


Ironman жайлы мен досымнан естідім, ол маған бұл бәйге туралы мен жүгіре бастағанда айтып берді. Мен Ironman қашықтығы жайлы естігенде,бұл өте күшті,бірақ та қолдан келмейтін бәйге деп ойладым. Мен жүзе алмайтынмын, менде велосипед болған жоқ. Мен жай ғана өз рақатыма жүгіріп жүрдім. Менде мақсатым пайда болды, бұл қаншалықты қиын болса да,мен бұл қашықтыққа қатысуды шештім. Мен өз мақсатыма екі жыл бойы жылжыдым: велосипед сатып алдым,жүзуді үйрендім. Бұл жалпы дайындық кезі болды, ал нәтижеге бағытталған күшейтілген жаттығулар жарты жыл бойы созылды. Ironman-ге жарты жылда дайындалуға болады, бірақ та бұл дұрыс емес деп санаймын.


Мен Ironman-ге қатысуға Қазақстаннан келген алтыншы қыз болдым


Ең басында,мен финишқа жеткенде толығымен өзгеремін деп ойладым. Шынымен де мен өзгердім, мен одан да көп жасай алатынымды түсіндім, алдымда тұрған шекараларды қозғалтуға мүмкіндігім бар екенін түсіндім. Әрқашан да кез келген затты анағұрлым жақсырақ жасауға болады.Менің алдымда кедергілер пайда болғанда,мен Ironman-де 15 сағат бойы тоқтаусыз қозғалыста болғанымды есіме аламын. Мен нені қажет етсем де,соған жете алатынымды түсіндім. Ironman шекаралардың жоқтығына сенуге көмектесті.


яна1.jpg


Ironman мен үшін — адам негізі жайлы. Сен педальді бұрайтынын,жалғыз жүгіріп жүзетінін түсінікті. Бірақ мен үшін мені финишта күтіп қолдайтынын білу мен үшін өте маңызды. Егер өткен жылы мен жаттықтырушымен жеке дайындалсам,осы жылы мен топтық дайындыққа келдім. Сенің өз бандан болғанын қаншалықты күшті екенін мен анық білемін: сендердің мақсаттарын мен құндылықтарын бірдей, көптеген заттарға көзқарастарын бірдей.


Мен жүзуге екі жыл бұрын үйрендім. Сонда да жүзу — триатлондағы менің ең сүйікті қашықтығым. Біріншіден, сен әлі күшке толысын,себебі бұл бірінші қашықтық, екіншіден, жүзу — бұл шынымен де күшті, бұл жерде сен бүкіл жағдайды бақылайсын. Велосипедте көп нәрсе саған бағынышты емес, кез-келген нәрсе болып қалуы мүмкін: велосипед сынып қалды, дөңгелек босап қалды, бірденеге үстінен басып кеттін. Соңында сен өте қатты шаршаған себептен,жүгіру саған басындағы жүзу секілді соншалықты рақаттылық бермейді.


Ironman шекаралардың жоқтығына сенуге көмектесті


Мен келесі жылға өз Ironman-ді жоспарлаймын. Осы жолы мен бұл бәйгеден рақаттылықты алуға үміттенемін, себебі бірінші рет Ironman мен үшін зерттелмеген жаңалық болды,ал осы жолы маған оны толығымен сезгім келеді. Мен соңғы рет бәйгеге қатысқанда,енді ешқашан қатыспаймын деп өзіме сөз бердім,бірақ та уақыт өткен соң өз сөзімді ойластырдым, енді қайта қатысқым келеді. Себебі бұл есірткі тәрізді. Біз арамызда қалжыңдап өз-өзімізді сектант деп атаймыз.


яна.jpg


Ең маңыздысы — білгір жаттығушыны табу, бұл табыстың ең маңызды бөлігі. Соңымен қоса тым болмаса қауіпсіздік жағынан қарастырғанда да, жалғыз өзі жаттығудың қажеті жоқ.Спорттан алыс және осындай нәрселерді жеке бағаламайтын басқа адмдардың сөзін тындауға қорқуға керек емес. Себебі маған бұкілі менің қашықтықты өте алмайтыным жайлы айтты. Ең бастысы –мақсатынды қойып,сол мақсатқа жету. Міндетті түрде түрлі қиыншылықтар болады, бірақ та соңғы мақсатынды елестетіп, тек алдыға тоқтамай жүру керек.




Мадина Умбетова, 37 жас, туған қаласы — Алматы, шетел компанияның бас менеджері


мадинаумб.jpg

Менің бірнші Ironman-ім 2014 жылдың қарашасында Аризонада өтті. Мінезім бойынша мен негізі бәсекелес адаммын. Ең басында мен үшін мансапымды құруға,кәсіптік салада нәтижелеріме жетуге маңызды болды.Содан соң,белгілі мақсаттарыма жеткенде менде бос уақытым пайда болды, басқа да салаларда өзімді жетілдіруге мүмкіндігім пайда болды. Ойда болмай бұл спорт,дәлірек айтсақ,триатлон болып қалды. Сол себептен мен Ironman үлгісінде өтетін бәйге туралы естігенде,мен үшін бұл шыңымен соншалықты жарқын және «дәмді» шақыру болды,сондықтан мен оны істей алатынымды шештім.


Ironman — бұл дене сынағы,сондықтан бұл тәріздес бәйгелерге дайындықта ұзақ және тұрақты жаттығулар қажеттлігін ескеру керек. Стандартты ұсыныс бойынша — екі жылдық дайындық. Мен үшін бұл бір жарым жыл болды, мен триатлонмен шұғылдануды бастаған 2013 жылдың ақпанынан бастап 2014 жылдың қарашасына дейін. Сонда да осындай дайындық уақытынан кейін 2014 жылдың қарашасында мен жүз пайызға дайын болмадым.


мадина 2.jpg


Жаттығулар үш негізгі спорт түрі бойынша өтті: жүзу, велосипед және жүгіру. Әдетте, бұл әр спорт түрінен аптасына екі,кейде үш рет өтетін жаттығулар. Егер белгілі бір спорт түрінен сіз артта қалып қойсаныз, мысалы, біздің локациямыздың сипаты бойынша көптеген қазақстандықтар жаман жүзеді, жүзу бойынша жаттығу аптасына үш-төрт рет өтеді. Сонымен қоса залда бір-екі рет болса да, күштік жаттығу жасау керек. Мүмкін,йога,созылуға қосымша уақыт бөлу керек. Қазіргі уақытта, старт алды уақыт болып жүргенде, жаттығулар аптасына 15 сағаттай уақытты қажет етеді. Бұл шыңымен физикалық және ой сынағы. Себебі, егер 4 километр жүзіп, содан соң 180 километр велобәйгеге қатысып,содан кейін толық марафон жүгірсен,сіздің ағзаныз осындай сынаққа толығымен дайын болу керек.


Мен осы өмірде мүмкін емес заттың жоқтығына көзім жетті. Егер мақсатты дұрыс қойып, оған қажетті жоспар қойсаныз ,кез келген биіктікке жетуге болады.Мен өз күшіме одан аса сене бастадым.


Егер мақсатты дұрыс қойып, оған қажетті жоспар қойсаныз ,кез келген биіктікке жетуге болады


Спортшы-әуесқой үшін ең негізгі қиыншылық — бұл уақыт. Қарқынды жаттығуларды,жұмысты қиыстыру, себебі бұл спорт түрі өте шығынды, себебі жабдықтауды, киім-кешекті, тамақты және стартқа бару үшін тұрақты қаржыны қажет етеді.Содаң соң,отбасы: менде үш балам бар, сондықтан отбасылық парызыма қажетті уақыт бөлу керек. Денім сау болу керек,себебі осындай күш салмақтан,дұрыс емес тамақтанудан,кесте жасаудан пайдаға қарағанда зияны көбірек болады,иммунитетініз зақымданады, жиі ауыратынызға мүмкіндік пайда болады. Сонымен қоса,спорт жарақаттары. Менде болған велосипедтен құлау сияқты қарапайым жарақаттан бастап,ең ренішті, қайта қалпына келуге көп уақыт алатын жүгіру жарақаттары.


мадина 3.jpg


Маған жүзу ұнайды,бұл менің ең күшті спорт түрім.Дегенмен, мен жүзуге тек 2012 жылы үйрендім. Әдетте,егер бұл жергілікті старттар болса мен ең біріншілердің арасынан жүзіп шығамын,ал егер халықаралық старттар болса бірінші топ арасынан жүзіп шығамын. Менің және менің жаттығушымның осы жылғы негізгі екпіні — бұл жүгіру көрсеткіштерін және велосипед қуаттылығын жетілдіру.


Жалпы егер тек Ironman туралы айтпасақ, Қазақстан көрсеткіштері бойынша мен өткен жылы біздің триатлон Құрамасы өткізген Көкшетауда халықаралық стартта ересек дәрежеге ие болдым. Осы жылы мен Құрама өткізген Астанада шілдеде өткен Олимпиадалық қашықтықтағы ҚР жеңімпазы болдым. Ironman шегінде мен All World Athletes аталатын қола тобына кірдім — бұл бүкіләлемдік атлеттер, олар бүкіл әлемнің тек он пайызына кіреді.


мадина 4.jpg

Триатлонға келгенде, кейбірі оны тастайды. Бұл қызығушылық мені 2012 жылы басып алды. Мен жыл сайын күштірек, жылдамырақ болғанымды білемін, әрі қарай дамығым келеді.


Ironman шегінде мен All World Athletes аталатын қола тобына кірдім – бұл бүкіләлемдік атлеттер, олар бүкіл әлемнің тек он пайызына кіреді


Ironman — тез жете алмайтын мақсат екенін түсіну керек. Бұл мақсатқа күн сайын өз дене және ой көрсеткіштерін көтеріп, біртіндеп — біртіндеп қозғалу керек. Бұл көп уақытты,қаржыны тартып алады,бұл мәселені түсіну керек. Бірақ та келесі жылы Астанада Ironman 70.3 ресми старты өтеді — бұл Ironman брендінің жартылай «темір» қашықтығы. Бұл қазақстандықтар үшін ерекше мүмкіндік: егер қазір дайындықты бастасандар, келесі шілдеде стартқа дайын болып шығу үшін сізде бір жылдай уақыт болады. Бұл Қазақстан,сонымен қоса ТМБ бойынша ең бірінші старт.


Жаттығуларды бастаудың алдындағы ең үлкен кеңес — міндетті түрде дәрігерлік тексерісті өту керек,себебі жүрек-қан тамырлар ауруының және тірек-қимыл жүйесінің ауруы мен асқыну мүмкіндігін жою қажет.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.