facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
alaysha-olimpiada-chempiony-bolu-zh-ne-ne-sebept-baladan-k-p-n-rsen-talap-etuge-bolmaytyny-turaly
logo
Қалайша Олимпиада чемпионы болу және не себепті баладан көп нәрсені талап етуге болмайтыны туралы

28.05.2018

Қалайша Олимпиада чемпионы болу және не себепті баладан көп нәрсені талап етуге болмайтыны туралы

Дмитрий Баландин, 23 жаста, туған жері — Алматы, қазақстандық жүзгіш, брасспен 200 метр қашықтықта 2016жылғы Олимпиада чемпионы, 2014 жылдағы Азия ойындарының үш мәрте чемпионы, 2015 жылдағы Универсиада жеңімпазы



Барлығы қалай басталғандығы туралы



aJ4Zj_qzjwI.jpg

Бес-алты жасымызда ата-анамыз ағам екеумізді жүзу секциясына берді. Біз суға шомылдық, үйрендік және сол кезде мені бірінші жаттықтырушым Марина Юрьевна байқады. Ол менің ата-анама кәсіби жүзумен айналысуға ұсыныс жасап, «Байқап көрсінші» деп айтты.

Мен спорт мектебінде оқыдым, 6 сыныптан бастап бірге жүзе бастаған балалардың көбісі 11 сыныпқа қарай жүзуді тастады. Яғни, олар оқуларын бітіріп, содан соң біреуі басқа университетке оқуға түссе, екіншісі шетелге кетті. Егер еске салсам, жүзумен өмірімді байланыстырған тек мен. Саналы түрде бұл спортта жүргеніме 12-13 жыл болды.

Олимпиадаға бір рет те бармай, кәсіби жүзуді тастаған дұрыс емес деп түсіндім


Олимпиадаға бір рет те бармай, кәсіби жүзуді тастаған дұрыс емес деп түсіндім. Жылдар бойы жаттығатынмын: күн сайын таңғы жетіде тұрып, мектептен кейін жаттығуға баратынмын. Бұл іске бар өмірімді арнап, кейін жай ғана кетіп қалу өкінішті болар еді.



Ең бірінші алтын туралы



-n5U1ARugKo.jpg

2013 жылдың аяғында — 2014 жылдың басында Дмитрий Манцевичпен жаттыға бастадық, сол кезде ол Түркия құрамасын жаттықтырған еді. Ол тек маған емес, сонымен қатар біздің жаттықтырушыларға жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін спортшылардың дайындық жоспарын қалай құру керек екенін көрсетті. Бізде жаттығу туралы кеңес мектебіндегідей сәл тұйық түсінік болды, ал ол бізге әлемнің жетекші спортшылары қалай жаттығатынын көрсетті.

Біз оның кестесіне байланысты жаттыға бастаған кезде нәтижелеріміз алға әлдеқайда тезірек жылжыды. 2014 жылы Инчхомдағы Азия ойындарында маған әлем рекордын орнатуға сәл жетпей қалды. Сол сәтте мен егер осы жерде осындай нәтиже көрсетіп жатсам, неге маған тағы екі жыл жаттығып, Олимпиада ойындарында бірдеңе ұтып алмасқа деп ойладым.

Біз оның кестесіне байланысты жаттыға бастаған кезде нәтижелеріміз алға әлдеқайда тезірек жылжыды


Олимпиадада қащықтықты өткен кезде қарсыластарымды көрдім. Кішкене алда екенімді түсіндім, бірақ сонда да. Қашықтықта қиын бола бастайды, денең ауырып, сынып жатқандай болады. Мұндай сәттерде өзіңді қолға алу керек, соңғы күштеріңді жинап, аз қалғанын және содан кейін, мүмкін, өмірің өзгеретінін түсіну керек.

Бірінші болып жүзіп келдім, ал менің жақсы досым — Антон Чупков үшінші болды. Бұл өте эмоционалды сәт болды.



Өмір қалай өзгергені туралы



Маған әлі күнге дейін үйреншікті емес көп көңіл бөлінеді. Түрлі пиар-оқиғалар, жарнамалардағы түсірім және т.б. — бұл мен үшін емес деп айтқым келеді.

Pqx4YkWalic.jpg

Кейде, әрине, мұндай көңіл жанға жайлы, ал кейде ол мені қатты ұялтады. Мені танымағанды қалар едім. Себебі, сауда үйінде келе жатқан кезде сені біреу танып, жаныңда суретке түсу үшін бірден бес-алты адам жиналады. Ал бұл кезде сенжаттығу шалбарын киіп, жай ғана тезірек тамақтану үшін келгенсің.

Осындай сәттерде адамдар өзіне сеніп, әрекет жасауларына себепкер болғаныңды түсінесің


Кішкентай қыз Қазақстанның туымен мені бейнелеген кез көңіліме өте жағымды болды. Ол келіп: «Рақмет, мен де чемпион болуды қалаймын. Ата-анамнан мені жүзуге бергенін сұрадым», — деп айтты. Осындай сәттерде адамдар өзіне сеніп, әрекет жасауларына себепкер болғаныңды түсінесің.



Жоспарлар туралы



Қазір 18 тамызда Индонезияның Джакарта қаласында өтетін Азия ойындарына дайындалып жатырмыз. Жақсы нәтиже көрсетіп, медаль иемденуге сенім артып отырмыз.

Егер барлығы жақсы болса, тағы бір Олимпиадаға барып келуді жоспарлап жатырмын.



Болашақ спортшылар үшін



Pd8h08HSKKg.jpg

Ата-аналарға «Баладан көр нәрсені талап етпеңіз» деп айтқым келеді. Балаға сайыс — бұл кішкентай мейрам екенін үйрету керек. Дұрыс сөздерді айта білу маңызды, мысалы «Қорықпа, егер бүгін жеңіліп қалсаң да, бәрібір кешке пицца жеп қайтамыз» немесе оның еңсесін көтеретін басқа нәрсе айту қажет. Егер бала жеңіліп, оның үстінен анасы ұрысса, оның спортқа деген ынтасы жойылады.

Балаларға айналысып жатқан нәрселерінен ләззат алуды тілеймін. Жаттықтырушым айтқандай: «Таяқ астынан спортшы шықпайды». Егер саған барлығы айқайлап, тек содан кейін ғана істесең, нәтиже болмайды. Ең алдымен сүйікті нәрсеңнен ләззат алу керек, бірдеңе шықпай жатқан кезде үмітіңді үзуге болмайды. Қазір қолыңнан келмесе, демек сен бір нәрсені аяғына дейін жеткізбедің. Келесі ретте жақсырақ жасау керек, сонда барлығы ойдағыдай болады.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.