Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
diplomym-zho-zhas-biznesmender-ne-sebept-zho-ary-b-l-m-alma-andary-zhayly

«Дипломым жоқ» — жас бизнесмендер не себепті жоғары білім алмағандары жайлы
1632

22.12.2017

«Дипломым жоқ» — жас бизнесмендер не себепті жоғары білім алмағандары жайлы

Арман Тосканбаев, 26 жаста, туған жері — Қарағанды, кәсіпкер

Менің бес компаниям бар: UnitedBusinessGroup, Otan shop.otanwatches.kz, Zertis компаниясы, New Green Technologies компаниясы www.newgreentech.kz және бұлтты майнинг Union of Miners www.unionminers.biz.

31.jpg



Жоғары білімім жоқ. 11 сыныптан кейін, ҰБТ-ден өту баллын ала алмағандықтан, жұмыс істей бастадым. Ұсталған компьютерлік техниканы сататын дүкен аштым. Бір жылдан кейін, қандай-да болсын диплом алуын қажет деген ата-анамның көңілі үшін Томск мемелекеттік университетіне түстім. Ең аз өту баллдары бар физика-техникалық факультетке құжаттарымды тапсырдым. Өмірімді бұл саламен ешқашан байланыстырмайтынымды түсінгеннен кейін, екінші курста оқуымды тастап кеттім. Содан кейін Қазақстанға, Қарағандыға қайта оралып, кәсіпкерлігімді жалғастырдым.


QyhL-0X1j-8.jpg


Басқа білім алып жатқан жоқпын. Түсуге тырыстым, бірақ 11 сыныптан кейін сырттай оқуға алмайды. Ал, күндізгі оқуға уақытым жоқ, өйткені мен айналысатын жобалар үнемі назар аударуымды талап етеді.


2.jpg


Менің ойымша дәл біздегі жоғары білім қазір актуалды нәрсе емес. Жоғарғы оқу орындарында білім алу уақытың қысқарту керек деп ойлаймын. Тәжірибие басымырақ болу керек. Барлық вуздар да нақты керек қабілеттерге оқыту қажет.


Сапфир Виталий, 23 жаста, туған жері — Астана, кәсіпкер

Біз косметикаға арналған жиһаздарды, ерлерге арналған органайзерлерді, қуыршақ үйлерін, сондай-ақ сыртқы және ішкі жарнама заттары: жарық әріптерді, лайтбокстарды, декор элементтерін жасаумен, шатыр қондырғыларын орнатамыз және тағы басқа көптеген нәрселер жасаймыз.


IMG-20171219-WA0004.jpg


Кәсіпкерлікпен 17 жасымда айналыса бастадым. Ең алғаш балалар электромашиналарын жалға берумен айналысқан едім. Содан кейін 6 жыл бойы әртүрлі қызықты жобалармен айналыстым. 18 жасымда Алматыға көшіп, үйлердің ремонтын жасайтын компаниямды аштым. Одан кейін Астанаға оралып, Кәсіпкерлік мектебін аштым.

2017 жылдың қаңтарында осыған дейін болған — контакт линзаларын жеткізу бизнесімді серіктесіме тастап, өзім бір бір нәрсе өндірумен айналысқым келетінін түсіндім. Мен жаңа бағыт тек Астананы ғана емес, басқа қалаларды да қамтығанын қалаймын. Сол кезде біз косметика жеткізумен айналысатынбыз, күніне он тапсырыстан кем болмаған еді. Сондықтан косметикаға арнлаған жиһаз жасау ойы келді. Тоғыз айдың ішінде біз Қазақстанда осы сала бойынша ең бірінші орындамыз.


IMG-20171219-WA0003.jpg


Жарнама жасауға келетін болсақ, клиенттеріміздің арасында Bambino, Сбербанк, Beeline сияқты үлкен компаниялар бар. Мектепті бітргеннен кейін КазГЮУ-не қаржы мамандығына түстім. Екі ай оқып, оқуды тасатп кеттім, өйткені ол жерде ақша табуға үйретпейтінін түсіндім. Анам шешіміме түсіністікпен қарады, бірақ атам мен әжем қапаланды. Атам бір жылдай менімен сөйлеспеді, өйткені ол маған үміт артты, мен университетті бітіріп, Новосибирскке барып физик-ядер мамандығына түсіп, лайықты жалақым болғанын қалады.

Мен әрдайым қосымша білім аламын. Қазақстандағы тренигтердің 70% өттім. Сонымен қатар, онлайн үйренемін. Мен басқару, мотивация жүйелері, конвейер өндірісі саласында білім алғым келеді.

Оқуға түсу жоспарымда бар. Бір жылдан кейін саналы түрде, өзім қалаған, мұғалімдерін өзім таңдай алатын университетке түсу жоспарымда бар. Мен маған жетіспейтін академиялық білімді, оның ішінде өз ойымды жүйелі жеткізуге, терең ойлауға үйренгім келеді.


IMG-20171219-WA0007.jpg


Менің ойымша, білім беру жүйесі ескірген. Біріншіден, менің барлық таныстарым, бір ауыздан университетте тәжірибие аз береді дейді. Адам төрт-бес жыл тек теория оқыпғ бірнеше айда ғана тәжірибие өтеді. Университетті бітіріп, жұмысқа кіріскенде, ол өзінде қажетті тәжірибиенің жоқтығын байқайды. Университеттегі уақыттың жартысын тәжірибиеде өткізсе, сонда нақты өз ісінің шеберлері шығады деп ойлаймын.

Жоғары білім керек, бірақ ол басқа форматта болуы қажет. Түсу алдында адамның мықты жақтарын анықтайтын, немен айнылу керектігін анықтай алатын белгілі бір курсты өту керек деп ойлаймын. Мысалы, ДНК арқылы адамның қай салаға жақын екенін анықтайтын таныстарым бар, міне, бұл пайдалы іс деп ойлаймын. Бұл адамдарға өзіне керек емес мамандыққа оқуға уақыт жұмсамай, нағыз өзі қалайтын мамандық бойынша оқуға көмектеседі.


Меруерт Нурсила, 18 жаста, ртуған жері— Астана, Tatti Bakery үй кондитерлігінің директоры

Мен 13 жасымнан жұмыс істей бастадым. Бала кезімнен аспаздық ұнайтын, тапсырысқа дайындағым келетін. Бұл ойды маған әпкем ұсынды, өйткені мен жақындарыма, достарыма әрдайым дайындайтынмен, ол маған тапсырыспен жұмыс істеуге кеңес берді. Осылайша Instagram желісінде өз аккаунтымды ашып, торттарды сата бастадым. Бұл осы сферадағы жалғыз жоба, маған мастер-класстар жасау туралы көп ұсыныс түседі. Жақын арада жаңа бағыт ашуды жоспарлап отырмын.


IMG-20171219-WA0015.jpg


Шын мәнісінде, мен барлығын өзім үйрендім. Бірақ әлемдік аспазшылардың мастер-класстарын да өттім.

10 сынып пен 11 сынптың арасында жазғы демалыста ҰБТ-ді тапсырмаймын және университетке түспеймін деп шештім. Өйткені, менің әуестенетім нәрсем табыс әкелетін жұмысыма айналды. Ол көп уақытты талап ететін, сондықтан мектепке деген құлшынысым мүлдем жоқ болып кетті. Бұл шешімімде ата-анам қолдау көрсетті. Олар әрқашан маған таңдау жасауға мүмкіндік беретін, сол себепті бұл шешіміме олар таңқалған жоқ. Мен әрқашан өзіме ұнайтын нәрселермен ғана айналысамын. Анам аздап бұл шешіміме күмәнмен қарады, әлі күнге дейін мені дипломсыз қалай тұрмысқа беретіні жайлы ойлайды.


IMG-20171219-WA0016.jpg


11 сыныпқа келген бойда, мен ҰБТ тапсырмау туралы өтініш жаздым. Мұғалімдер күмәнмен қарады, мені бәрібір дайындық сабақтарына баруға мәжбүрледі. Барлығын тек бір сұрақ мазалайтын «ҰБТ-сіз, университетсіз, дипломсыз не і не істейсің? ». Мен де тек бір ғана жауап болатын, ҰБТ-ге университетке түсу үшін, университетке диплом алу үшін барады, ал диплом — жұмысқа тұру үшін керек. Менің жұмысым бар кезде, ол кезеңдерді не үшін өтуім қажет?

Мен ҰБТ тапсырмандар демеймін, әрдайым білімді қолдаймын, тек әр адам өзі алайтын бағытта дамуы керек деп ойлаймын.

Шетелдік университетке түсу жоспарымда бар, өйткені Қазақстанда кондитерлік өнімдерді дайындауға үйрететін сапалы мектептер мен университеттер жоқ. Le Cordon Bleu мектебіне түскім Ата-аналар өз балаларын қолдай білу керек. Мен ҰБТ-ден бас тартқанда небәрі 16 жаста едім, бұл оңайға соққан жоқ. Жүйеге қарсы жүру әркезде қиын. Осы кезде отбасым қатты қолдау көрсетті.


IMG-20171219-WA0014.jpg


Жақын адамдарынның қолдауы мен сенімін көргенде, мақсатына жету оңайырақ, қазір өз шешіме ризамын. Егер университетке түссем, қазір маған қызық емес сабақтарға барып, уақытымды босқа құртатын едім. Ол уақытты бизнесімнің дамуына жұмсай аламын.