facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/704/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/zj2hnto5z4kp0sqfueh2w60dx53rqh5s.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
kez-kelgen-m-al-mn-r-l-b-l-mn-ndyly-yn-k-rsetu-nuar-zhan-ozin-zheke-ndyly-tar-men-zd-ks-z-b-l-m-alu-turaly
logo
«Кез келген мұғалімнің рөлі — білімнің құндылығын көрсету», — Әнуар Жанғозин жеке құндылықтар мен үздіксіз білім алу туралы

Ануар Жангозин

37 жаста, Астана қаласы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы, @anuar_zhangozin

28.09.2023

«Кез келген мұғалімнің рөлі — білімнің құндылығын көрсету», — Әнуар Жанғозин жеке құндылықтар мен үздіксіз білім алу туралы

Ануар Жангозин

Психотип бойынша мен интровертпін. Ал ақыл-ой қабілетім бойынша математикпін. Өмірлік көзқарастарыма келер болсақ, оптимиспін.

Сондай-ақ күйеумін және әкемін. Менің ұлым бар, ол жақында сегізге келді.

Мен бірбетке адаммын. Қандай да бір позицияны таңдасам, сыртқы қысымға қарамастан, оны соңына дейін ұстанамын.

Принциптерімнің бірі — lifelong learning

Принциптерімнің бірі — lifelong learning. Мен оқуға икемдімін және кез келген жаңашылдықты жақсы қабылдаймын. Бұл мансапқа да, жеке қызығушылықтарыма да қатысты. Мен жайлылық аймағында ұзақ уақыт қалмауға тырысамын. Өмірдегі қиындықтар мені ынталандырады. Себебі бұл — жаңа дағдыларды игеру мен жаңа таныстар табудың мүмкіндігі.

Созидатели Астана

Мен өнерді, әсіресе киноны жақсы көремін. Бұл үнемі өзгерістерге ұшырап отыратын өнердің ең жас түрлерінің бірі. Маған осы өзгерістерді бақылап отыру, әртүрлі режиссерлердің өзіндік ерекшелігін, кино тілін зерттеу ұнайды. Олардың нәзік тұстарын түсіну үшін тақырыпқа тереңірек үңілемін.

Сондай-ақ жақсы музыка тыңдауды, жақсы кітаптар оқуды, пайдалы, дәмді тамақ жеуді, қызықты адамдармен араласуды ұнатамын.

Бала кезімнен спортпен айналысып келемін. Соңғы жылдары суда жүзуге бет бұрдым. Бұл — сапалы спорт түрлерінің бірі, себебі ол жақсы жаттығуды қамтамасыз етіп, жарақаттанудан аулақ болуға көмектесіп қана қоймай, медитация ретінде де әрекет етеді. Жүзу кезінде өз ойларыңызбен жалғыз қаласыз және бұл сізге кейбір нәрселерге басқаша үңіліп, жаңа идеялар мен қорытындыларға келуге көмектеседі.

Мен үшін адалдық пен жанашырлық сияқты адами құндылықтар маңызды.

НИШ

Сұлулықтың әлемді құтқаратынына сенемін. Біздің бәрімізде сұлулыққа және өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық бар. Дәл осы қасиет адамды басқа жаратылыстардан ерекшелендіреді. Бұл жерде тек сыртқы сұлулық қана емес, ішкі сұлулық туралы да айтып отырмын.

Қамқоршылық кеңесіміздегі халықаралық сарапшылардың бірі айтқандай, егер үнемі негативке назар аудара берсең, ол сені ерте ме, кеш пе, өлтіріп тынады. Мен мұнымен келісемін. Адамдардың позитивті ойлауы және өмірге оптимистік көзқараспен қарауы маңызды.

Мен бақытты адаммын. Олар айтқандай: «Бақыт дегеніміз сағат сияқты: механизмі неғұрлым қарапайым болған сайын, оның жұмысы мыөте сирек нашарлайды». Бақыт деген қарапайым нәрсе: жұмысыңды жақсы көріп келу, үйіңе де дәл солай асығу, еңбегіңнің жемісін көру, отбасыңның берекесі.

Пифагор «иә» және «жоқ» деген екі қысқа сөз бар екенін айтып кеткен болатын және оларды айтпас бұрын мұқият ойлану керек. Мен бұл екі сөзге жауапкершілікпен қараймын. Бірақ егер пайдалы болса, ойымды өзгертуге дайынмын.

образование

Тағы бір құндылық — өзіңе адал болу. Әрбір адам өз ісін түсініп, адал болса, өз ісіне жауапкершілікпен қарайды.

Өміріме әсер еткен оқиғалардың бірі Қарағандыдан Алматыға көшу болды. Қарағанды — зиялы қауым мен мықты ұстаздар шоғырланған керемет қала. Бірақ Алматының масштабы басқадай. РФММ үйіме жақын болғандықтан, емтихан тапсырып, сол жерге оқуға түстім. Оқу барысында мен қандай жақсы жерге тап болғанымды болғанымды түсіндім. Бұл болашақ мансабыма ықпал етті.

Тағы бір айтулы оқиғалардың бірі Астанаға көшуім және білім саласын таңдауым болды. Білім жолында жұмыс жасаймын деп ешқашан ойламаған едім, бірақ солай болды. 25 жасыңда мектеп директоры болған кезде барлық жағынан үлгі көрсетуің керектігін түсінесің. Бұл белгілі бір міндеттер жүктейді, кей тұстарда шектейді, бірақ бізді дамытуға және жаңа білім алуға ынталандырады.

школа

Бәрінен де көп ықпал еткен жан анам болды. Анам маған кітап, фильм және араласатын адамдарыңды мұқият таңдау керектігін үйретті. Ол өте маңызды, соған қарамастан қарапайым өмірлік даналық туралы айтып отыратын.

Музыкалық ұстазым да қатты әсер етті. Кез келген мұғалімнің міндеті — білімнің құндылығын көрсету. Ұстазым бойыма музыкаға деген сүйіспеншілікті дарытып, осы өнерге қызығушылығымды оятты. Мен күніне төрт-он сағат фортепианода ойнап, өз дағдыларымды дамытып, музыкаға тереңірек дендей түстім.

Адамдардың ойлау, ой елегінен өткізу және ақылға қайшы келетін жағдайларға бой алдырмау қабілеті мені таңдандырады. Сондай-ақ шығармашылық адамдарға тәнтімін. Талант пен жасампаздық әрқашан өзіне тартады.

Адамдардың ойлау қабілеті таңдандырады

Қызметіме жұмыс ретінде қарамаймын. Бұл күндіз-түні айналысатын ісім, тіпті өмір сүру салтым деуге болады.

Мен білім берумен айналысамын, өйткені жұмысымның мәні бар екенін көремін. Білім ғана қоғам өмірін жақсарта алады. Білімді адамдар ғана ел дамуының драйверіне айналады. Сондай-ақ жұмысымның нәтижесінен шабыттанамын. Мысалы, түлектер маған келіп, жетістіктері туралы айтқанда, олардың дамуына үлес қосқанымды, әсер еткенімді түсінемін.

людиwe

Менің жұмысым өзімді әртүрлі қырымнан көрсетіп, дамуыма мүмкіндік береді, адамдарға білім берудегі өз парызымды, миссиямды орындап жүргенімді сездіреді.

Өз жолын енді ғана бастағандар үшін үш кеңес:

1. Уақытыңызды болмашы нәрселерге құртпаңыз. Бастапқыда бір сәттік қызықтыратын нәрселер болады, бірақ оларға мән бермей, үлкен перспективаны көре білуіңіз керек.

2. Ісіңізге жауапкершілікпен қараңыз. Өзіңізге адал болыңыз.

3. Күнделікті күйбең тіршіліктің артында үлкен мақсаттар мен миссияңыз тұрғанын көре білу және орындау маңызды.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.