Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
lemdeg-aza-stanny-b-r-b-lsheg-kezdeset-n-zherler

Әлемдегі Қазақстанның бір бөлшегі кездесетін жерлер
601

25.03.2017

Әлемдегі Қазақстанның бір бөлшегі кездесетін жерлер

Қазақтар – тұруға қолайлы жер іздеп үлкен жолды жүріп өткен даланың ұландары. Көптеген қазақ мәдениетінің қайраткерлері, саясаткерлері тек туған Қазақстанында ғана емес, оның сыртында, өзге жерлерде де өте танымал болған. Әлемнің көптеген елдерінде оларға арнап ескерткіштер қойылған, көшелер мен білім мекемелеріне есімдері берілгендері де бар. БІЗ Қазақстан мен оның тұрғындарына байланысты өте қызықты орындарды жинақтадық.



Ресей



Атақты күйші Құрманғазы 16 жыл бойы Астрахань өңіріндегі кішкентай ауылда тұрған және дәл сол жерде жерленген. Астрахань облысындағы Алтынжар ауылында күйшінің мүрдесі қойылған кесене тұрғызылған. Сонымен қоса мұнда оның шығармашылығына арналған музей бар. Музейге келушілер түрлі экспозициялар арқылы қазақ халқының тұрмысымен таныса алады. Астрахань қазақтары – негізінен, Бөкей Ордасының ұрпақтары және Астрахань облысында Ресейдегі қазақ диаспорасының ең көп бөлігі тұрады.


Дереккөз: theslim.livejournal.com


Ресейдің астанасы – ақ тасты Мәскеу де қазақ ағартушыларын назардан тыс қалдырмаған. Абайға арнап қойылған ескерткіш Мәскеудегі Қазақстан елшілігіне жақын жердегі Чистопрудный гүлзарында орналасқан.

Абайға арналған ескерткіштер тек Мәскеуде ғана емес, Будапешт, Пекин, Тегеран, Витебск пен Ташкентте де орнатылған.


Дереккөз: dic.academic.ru


Әлия Молдағұловаға арналған ескерткіш Әлия Молдағұлова көшесіне қойылған. Кеңес Одағының Батыры, мерген Молдағұлова осы көшеге жақын мектепте дайындықтан өткен.


Дереккөз: wikipedia.org


Енді сәл оңтүстікке қарай, дәлірек айтқанда, Қырымға ығысайық. Дәл осы жерде Қырымның ескі мешіті – Бейбарыс мешіті орналасқан. Бейбарысты қазақтар да, түркімендер де өздерінің бабалары деп есептейді. Ол – тұтқындағы құл бола жүріп, елдің сұлтанына дейін көтерілген, құл базарынан барлық түріктерді сатып алып, олардан жауынгер дайындаған аңыз адам. Бейбарыс алыста жүрсе де, әлі ислам діні тарай қоймаған Қырымда мешіт салдыруға ақша бөлген. Мешіт 1287-1288 жылдары салынғандықтан, қазір мешіттің қирандылары ғана қалған.


Дереккөз: tourprom.ru


Ресейдің басқа аймағы, Шешенстан Республикасы, Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне аталған көше, лицейімен мақтанады. Шешен халқы – Қазақстанға репрессияланған халықтың бірі. Сол кездегі ауыр кезең мен қазақтардың көмегін ұмытпаған олар, Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін оқу орнына беруді ұйғарған.



Мысыр



Жоғарыда атап өткеніміздей, Бейбарыс қыпшақ даласынан алыста, қазіргі Мысыр (Египет) жерінде сұлтан болған. Бұл жерде де Бейбарыстың тағы бір мешіті бар. Мешіт Каирде, Аз-Захир тұрғын ауданында салынған. Өкінішке орай, қазір мешітке кіруге болмайды: 1269 жылы тұрғызылған ғимарат болғандықтан, жөндеуді қажет етеді. Мысырлықтар Бейбарысты қазақтар сияқты құрметтейді, себебі ол билеген кезеңде елдің шекарасы нығая түскен.


Дереккөз: dome.mit.edu



Польша



2006 жылы Астана күні мерекесіне орай Варшавадағы көшелердің бірін «Қазақ» деп атаған. Поляк астанасының билігі осылайша поляктарды күштеп депортациялау кезінде қазақ халқының көрсеткен көмегіне өз алғысын білдірген.



Түркия


Түркия – Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш болып мойындаған мемлекет. Біздің отандастарымыз Стамбұлдан Абай Құнанбаев атындағы мектепті таба алады, ал астанасы Анкарада 2010 жылы Нұрсұлтан Назарбевқа арнап орнатылған ескерткіш бар. Абулла Гүлдің айтуынша, түрік әлемі үшін еңбектеніп жүрген Назарбаевқа осылайша ризашылығын білдірген.


Дереккөз: sherbol.files.wordpress.com



Иордания



2010 жылы Аммандағы орталық көшелердің біріне Нұрсұлтан Әбішұлының есімі берілді. Астана мен Амман – бір-біріне туыс қалалар.



Франция



Бір қарағанда, тарихта Франция мен Қазақстанның ортақ дүниелері жоқтың қасы, бірақ қоғам қайраткері, гуманист, Түркістанның азаттығы үшін күрескен Мұстафа Шоқай Францияда мәжбүрлі түрде эмиграцияланған. Мұстафа Шоқай мен оның әйелі Мария Түркістан автономиясы жабылғаннан кейін елден кетуге мәжбүр болды. Олар Францияда Парижге жақын Ножан-сюрн-Марн жерінде тұрған. Дәл осы шағын қалада жерлесімізге арнап ескерткіш қойылған. Мұстафа Шоқай Берлиндегі түрік мазарында жерленген.



Ментонда тұратын қазақстандықтар өздерін отанына жақын жүрміз деп ойлауына да болады. Себебі, Ментон қаласында қолына бүркіт қондырған салт аттының мүсіні бар. Бұл еңбек «Қырғыз бен бүркіт» деп аталады және ІІІ Александр кезінде Францияға сыйға тартылған.



Үндістан



Үндістанның астанасындағы Лаченсовті Дели деп аталатын ауданнан Қазақстанның мәдениет алыбы, ұлы ақын, сазгер, философы Абай (Ибрагим) Құнанбаевтың есімі берілген көшені көруіңізге болады. Көше «Абай мардж» деп аталады. Мұндағы «мардж» сөзі жол немесе көше дегенді білдіреді. Нью-Делидегі тілдік ережелерге байланысты «Абай мардж» хинди, ағылшын, панджаби, урду тілдерінде жазылған. Үндістандағы Қазақстан елшілігі Нью-Делиде Абай атындағы көшенің ашылуын Қазақстан мен Үндістан арасындағы тығыз қарым-қатынаспен байланыстырады.

Абай көшесі Нью-Делидегі Президент резиденциясының жанында орналасқан және бұл көшені 14 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі ашқан болатын. Көшенің ашылу салтанаты кезінде Қазақстан мен Үндістанның жақын әрі сенімді дипломатиялық қатынастарының жаңа кезеңі басталды.