Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-asy-a-k-t-p-zh-rgen-9-haly-araly-brend

Қазақстандықтар асыға күтіп жүрген 9 халықаралық бренд
804

10.03.2017

Қазақстандықтар асыға күтіп жүрген 9 халықаралық бренд

Франчайзинг ассоциациясының президенті Бекнур Кисиков Қазақстанда қандай халықаралық брендтердің асыға күтілетіні жайлы ойымен бөлісті.



Subway



44 868 мейрамхана, 113 ел


sub.jpg


Subway — негізгі өнімдері сэндвичтер, салаттар және ролл болып табылатын тез тамақтану желісі. Subway стандартты өзін тез тамақтану желісінің сау баламасы ретінде көрсетеді, бұл компанияның ұранында да көрініс табады «Балғынын же!». Әлемдегі нүктелерінің саны жағынан өте ірі компания.


Тарихы: 1965 жылы 28 тамызда Фред Делюка мен доктор Питер Бак Коннектикут штатындағы Бриджпортте жаңа мейрамхана ашып, оны Pete’s Super Submarines деп атады. Сол кезде 17 жаста болған Фредке университеттегі оқуын төлейтін ақша керек болған, бұл мәселенің шешімі ретінде отбасылық досы Питер Бак оған сэндвич сататын дүңгіршек ашуды ұсынады. Банктен 1000 доллар көлемінде несие алады да, Фред Делюка бизнесті басқаруды қолға алады.



IKEA



392 дүкен, 48 ел


ikea.jpg


IKEA компаниясы жиһаз бен үйге арналған тауарлардың дизайнымен айналысады. ИКЕА — сатып алушыларға жиһаз түрлерінің көп бөлігін өз бетінше жинақтауға берілетін мүмкіндік, сондай-ақ тауарлар тегіс қораптармен әкелінетіндіктен, тасымалдау мен қызмет шығындары азаяды, ал бұл тауар құнының арзандауына әкеледі.


Тарихы: Ингвар Кампрад бес жасқа толғанда саудаға араласқан, ол Стокгольмде сіріңкені көтерме бағамен сатып алып, оны кішкене ауылда бөлшек саудамен сатқан. Жас бизнесменнің ең алғашқы сатып алушысы оны қолдаған әжесі болады. Ингвар сауданы жалғастырып, тауарды өзі әкеліп және поштамен жіберіп отырған, ол кездегі тауары — қалам, қарындаш, әмиян, жиектемелер. 1948 жылы ассортиментінде бірінші рет жиһаз пайда болды, ал 1958 жылы Швецияда ИКЕА-ның тұңғыш дүкені ашылды.



Leroy Merlin



400-ге жуық дүкен, 12 ел


leroy.JPG


Leroy Merlin — француз компаниясы, құрылыс, әрлеу материалдары, жабдықтар, үй мен бақшаға арналған тауарлар сатуға бағытталған еуропалық ірі шаруашылық дүкендерінің бірі.


Тарихы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Адольф Леруа АҚШ-тың құрлық әскерінен қалған әскери қалдықтарды сатумен айналысқан, өз ұлы кіші Адольф Леруаны көмекші ретінде алады да, 1921 жылы Au Stock Americain деген маңдайшамен дүкен ашады. 1923 жылы дүкен 19 жасар Адольфтің басқаруына өтеді, ал жыл өткен соң, саудагерлер отбасынан шыққан өз жерлесі Роза Мерленге үйленеді де, оны дүкенді дамытуға қатыстырады.



Uniqlo



1632 дүкен, 19 ел


uniclo.jpg


Uniqlo — «бәріне арналған» күнделікті киімдердің жапондық бренді. Алғашқы Uniqlo бутигі 1984 жылы Хиросимада ашылды. Бүгінде Uniqlo белгісі тек Жапонияда ғана емес, сонымен қоса Қытай мен Оңтүстік Кореяда «№1 күнделікті киім бренді» болып танылған.



Dunkin’ Donuts



12 000 астам нүктесі, 45 ел


dunkin.jpg


Dunkin’ Donuts — майға пісірілген бүйрекше бәліші бар кофеханалардың халықаралық желісі. Бірінші кафені Билл Розенберг 1950 жылы Массачусетс штатындағы Квинсиде ашқан. Желі уақытының әр минутын бағалайтын қаланың белсенді жастарына арналған, желі төмен бағаларға баса назар аударады.



Papa John’s



4700 астам мейрамхана, 41 ел


papa.jpg


Papa John’s — пиццаға мамандандырылған америкалық қоғамдық тамақтану желісі. Джон Шнаттер өзінің алғашқы мейрамханасын 1984 жылы ашқан. Содан бері жаңа қоспалар мен қамырдан жасалған пиццаларды сату өте танымал болып кетті. Мейрамхана тез арада желіге айналды.



Kumon Math & Reading Centers



4 300 000 оқушы, 49 ел


kumon.jpg


Kumon бұл — жеке репетиторлық ұйым. Kumon әдісі — математика мен оқу бойынша білім беру әдістері.


Тарихы: Kumon оқыту әдісін 1954 жылы Жапонияның аса дарынды оқытушысы Тору Кумон құрастырған. Мектепте оқитын ұлы Такеши математика саласындағы өз потенциалын жүзеге асырмайтынын байқап, Тору Кумон ұлына арнап күн сайын үйде дайындала алатын жұмыс дәптерін жасап шығарды.



Taco Bell



7000 жуық мейрамхана, 11 ел


taco bell.jpg


Taco Bell — техастық-мексикандық асханаға бейімделген тез тамақтанудың халықаралық желісі.


Тарихы: Желінің негізін 1962 жылы кәсіпкер Глен Белл қалаған. Алғашқы мейрамхана Калифорния штатының Дауни қаласында ашылған. Бірінші франчайзингтік мейрамхана Калифорния штатындағы Торранседе 1964 жылы пайда болды.


Компания жұмыс істеген алғашқы жылдардың өзінде-ақ белсенді түрде дамыды, 1967 жылға қарай желіде 100 мейрамхана болды, ал 1970 жылдарға қарай олардың саны 325-ке жетті. 1978 жылы негізін қалаушы Глен Белл 868 Taco Bell мейрамханасын PepsiCo Inc. Компаниясына сатты және өзі оның акционері атанды.



Spar



12 000 дүкен, 40 ел


spar.jpg


Spar — дүкен-супермаркеттердің нидерландық желісі сатып алушы кооператив — бөлшек саудагерлер тауар әкелушілерден пайдалы шарттарды алу мақсатында бірыңғай брендке топтасты.


Тарихы: SPAR желісінің негізін De SPAR атауымен бакалеяшылардың ерікті желісі ретінде 1932 жылы Адриан ван Велл негізі қалады. Негізгі мақсаты — Еуропадғы ірі сауда желілерінің пайда болуына жауап ретінде тәуелсіз көтерме компаниялар мен ритейлерлер арасындағы кооперацияны сақтау.