facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
dior-zh-ne-make-up-for-ever-kompaniyalarynda-y-zh-mys-t-zh-ribes-aza-standy-yz-parizhdeg-lvmh-kompaniyasynda-alay-mansap-ryp-zhat-any-turaly
logo
Dior және MAKE UP FOR EVER компанияларындағы жұмыс тәжірибесі: қазақстандық қыз Париждегі LVMH компаниясында қалай мансап құрып жатқаны туралы
Главный (каз)

30.03.2023

Dior және MAKE UP FOR EVER компанияларындағы жұмыс тәжірибесі: қазақстандық қыз Париждегі LVMH компаниясында қалай мансап құрып жатқаны туралы

LVMH — люкс тауарлар ұсынатын француздық ірі өндіруші. Бүгінгі материалда MAKE UP FOR EVER компаниясында жұмыс істейтін әрі Dior-да тағылымдамадан өткен Айкүміспен танысып, Париж өмірінің ерекшеліктерін сұрап-білдік.


Айкүміс Сыдықова, 23 жаста, қаласы — Париж, MAKE UP FOR EVER-де Social & Media Project Manager, @aika_sydykova

Айкумис С.JPG

Қоныс аударуы туралы

Мен Алматыда туып-өстім. Бакалавр дәрежесін Назарбаев Университетінде, ал магистр дәрежесін Франциядағы EDHEC Business School-да алдым.

Францияны таңдауыма бірнеше себеп болды. Біріншіден, мен Назарбаев университетінде екі жыл француз тілін оқыдым. Екіншіден, мектеп кезінен бастап маркетолог мамандығын оқығым келді. Франциядағы MSc in Marketing Management магистратура бағдарламасы ол кезде әлемде 7-орында болды. Ол үшін кәсіби тәжірибең болуы керек еді немесе бірнеше айлық кәсіби тағылымдамадан өту қажет болды. Ал оқуды бітіргеннен кейін жұмыс іздеу үшін бір жылға Францияда тұруға рұқсат ала аласыз. Үшіншіден, мен әрқашан сән-салтанат құрған сұлулық әлеміне қызығатынмын. Осы факторлардың барлығы шешім қабылдауда маңызды болды.

Қазір мен Парижде тұрамын және LVMH холдингінің бренді — MAKE UP FOR EVER компаниясында Social & Media Project Manager болып жұмыс істеймін.

Жаңа өмірге бейімделуі және қиындықтар туралы

Оқу кезінде мен кампустағы жатақханада тұрдым. Университеттің халықаралық студенттер кеңсесі барлық мәселемді шешуге көмектесетін. Мен оқыған кезде шетелдік студенттер көп болды және кейбір мәселелерді бірге шешу оңайырақ болды. Сондықтан мен Лилльде оқып, өмір сүрген кезде Франциядағы экспат ретінде ешқандай қиындық көрмедім.

Барлық қиындықтар кейін басталды. Біріншіден, француз бюрократиясы. Елдегі барлық әкімшілік процестер адам сенгісіз ұзақ жүреді. Құжаттарды басып шығарып, префектураға бару керек, визаның ұзартылуын үш айдай күтесіз дегендей. Мен медициналық сақтандыру нөмірін алты ай бойы күттім, бұл олар үшін қалыпты жағдай. Банктерде де дәл осы жағдай.

Айкумис С.JPG

Екіншіден, тіл мәселесі. Көптеген адам Францияға француз тілін білмей келеді, алайда Парижден тыс жерлерде ағылшын тілінде сөйлейтін адамдар аз. Әкімшілік процестер де француз тілінде жүргізіледі.

Үшіншіден, баспана табудың қиындығы, әсіресе Парижде. Пәтер ұнаса, төлқұжат, тұруға ықтиярхат, диплом, жалақы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама, кепілдік хат, кепілгердің жалақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтаманы қоса алғанда, көптеген құжат жіберуіңіз қажет. Ол аз болғандай, алғашқы айлық жалдау ақысын және кепілдік депозитін төлеуіңіз керек. Нәтижесінде барлық тілек білдірушілердің ішінен пәтер иесі өзіне көбірек ұнайтын адамды таңдайды.

Францияда ең бірінші байқаған өзгешелік өмір ырғағы болды. Маған бұл жақта Қазақстанға қарағанда әлдеқайда баяу өтетіндей көрінді. Кезекте тұрған кезде алдыңыздағы сатып алушы сатушымен жаңалықтар немесе мерекелік жоспарлар туралы әңгімелесіп тұрып қалуы әбден мүмкін. Сондықтан кейде дүкендер мен наубайханаларда ұзақ уақыт кезекте тұруға тура келеді. Алайда бұған бола күйгелектікке салынбау керектігін тез түсіндім.

Айкумис С.JPG

Мен Парижде емес, кішірек қалада тұрғандықтан, жексенбіде кейбір мейрамханалар мен шіркеуден басқасының жабық болатыны ұнамады. Жексенбіде шашыңызды қиюға немесе дүкен аралауға бара алмайсыз, себебі бәрі жабық. Бұл күні әркім отбасымен уақыт өткізеді, спортпен айналысады, саябақтарда серуендейді.

Барлық дүкендер мен сауда орталықтары 19:00-де немесе 20:00-де жабылып қалады. Сондықтан жұмыстан 18:30-да шыққан кезде көп жерге үлгермеуіңіз мүмкін. Бұл тұрғыдан алғанда, біздің сауда орталықтарын сағынамын.

Кез келген елде қазақстандықтар қауымдастығын тауып, бірлескен іс-шараларға баруға болады

Әлі де үйрене алмай жүргенім — әр тамақтанудың нақты уақыты бар екендігі. Францияда бәрі түскі асты 12:00-де ішеді, ал бұл кезде менің әлі түстенгім келмейді. Ал 15:00-ден кейін көптеген мейрамхана кешкі ас алдындағы үзіліске жабылады. ТМД елдерінен келген иммигранттардың көбісі әлі де үйрене алмай жүргендерін түсінемін.

Кез келген елде қазақстандықтардың қауымдастығын тауып, бірлескен іс-шараларға баруға болады. Мысалы, Facebook желісінде «Франциядағы қазақтар» тобы бар. Қазақ киносы фестиваліне барып үлгердім.

Францияда жұмысты қалай іздеген дұрыс

Франциядағы бизнес-мектептердің магистратурасында оқу үшін жұмыс тәжірибесі қажет болады. Қаңтар айынан бастап мен тағылымдамадан өтуге өтініш бердім, түрлі компания менеджерлерімен сұхбаттан өттім. Нәтижесінде жарты жылға Dior-да тағылымдамадан өтуге рұқсат алдым. Мен Dior Beauty компаниясында Social Media Manager болып жұмыс істедім. Бұл керемет тәжірибе болды және мен көп нәрсе үйрендім. Соның арқасында мен MAKE UP FOR EVER-ге жұмысқа тұрдым. Осылайша, оқуымды бітірмей жатып жұмысқа орналастым. Мен компанияның сайтына жұмысқа орналасуға өтініш бердім.

Айкумис С.JPG

Жұмыс іздегенде нетворкинг маңызды. Мен теориялық дағдылармен қатар практикалық дағдыларды дамытуға кеңес берер едім. Мысалы, брендтердің әлеуметтік желілерінің менеджментінде жұмыс істеу практикалық дағдыларды қажет ете бермейді. Мен Dior-да сұхбаттасудан өткенде, оларға әлеуметтік желілерімді бердім. Менеджерлер оларды тексерді, менің контент жасай алатынымды, видеоларды өңдей алатынымды көрді, тіпті визуалымды мақтады. Менің ойымша, мұндай дағдылар мен фрилансерлік тәжірибе маған тағылымдамадан өтуге, кейінірек жұмысқа тұруға көмектесті. Сондықтан әрқашан басқа үміткерлерден ерекшелене білуіңіз керек.

LVMH-дағы жұмысы жайлы

Қаңтар айының соңынан бастап мен MAKE UP FOR EVER компаниясында Social & Media Project Manager болып жұмыс істеймін. Dior сияқты, бұл бренд те LVMH холдингінің бір бөлігі. Мен брендтің әлеуметтік желілерін жүргізу және дамыту стратегияларын жасаймын. Сонымен қатар жаңа сала — Paid Media, яғни жарнаманы зерттей бастадым.

Айкумис С.JPG

Францияда жұмыста барлығы бір-біріне «сіз» демейді, «сен» деп араласа береді. Бастапқыда бұл маған біртүрлі көрінді, бірақ қазір үйреніп кеттім. Өзімнен жасы әлдеқайда үлкен болса да, директормен «сен» деп сөйлесемін.

Қоныс аудару қалай әсер етті

Францияға келген алғашқы күннен-ақ жақындарым маған осында тұру ұнайтынын байқады. Мен баяу жүретін процестерге және сервиске шыдамдырақ бола түстім, құжаттарымды алдын ала реттейтін болдым және француз жетілдірдім.

Ең бастысы: өзіңізге ұнайтын іспен айналысып, осы салада кәсіби маман ретінде дами алатыныңызды түсіндім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.