Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс челленджер турнирінің финалында тартысты матч өткізді.
Қазақстандық теннисші әлемнің 219-ракеткасы, америкалық Стив Джонсонмен бас жүлде үшін шеберлік байқасты.
Бірінші партияда америкалық спортшы 6:4 есебімен үстемдік көрсетсе, екіншісінде Кукушкин есе қайырды — 7:6. Тағы бір тай-брейкте С.Джонсон жеңісті жұлып алды — 7:6.
Үш сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында М.Кукушкин 4 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Қарсыласы 21 эйс, 6 брейкпен көзге түсті.
АҚШ-тағы жарыстың финалына дейін жетуі арқасында Михаил Кукушкин қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 262-ден бірден 218-сатыға көтеріліп тұр.
Дереккөз: inform.kz