facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => /upload/resize_cache/iblock/f6e/400_450_240cd750bba9870f18aada2478b24840a/gxk7lq75mt5bvx9sklqpe19pxz9pivib.jpg
    [WIDTH] => 400
    [HEIGHT] => 450
)
alay-m-ns-z-t-y-ndeme-zhasau-kerek-t-zh-ribel-rekruterlerd-ke-ester
logo
Қалай мінсіз түйіндеме жасау керек: тәжірибелі рекрутерлердің кеңестері

18.12.2023

Қалай мінсіз түйіндеме жасау керек: тәжірибелі рекрутерлердің кеңестері

Егер мықты компанияға өзіңіз қалаған лауазымға орналасқыңыз келсе, біздің материалды оқыңыз.

Creative Asia Telegram-арнасындағы тұрақты эфирлеріміздегі HR-мамандардың кеңестерімен бөлісуді жалғастырамыз. Ұсыныстары бар бірінші материалды сілтемеден таба аласыз.


Сілтемелерді басып, өтуге болатындай етіңіз

Насиба Роматова, «Компаньон Банкінде» IT Recruiter

nasiba

Түйіндемедегі барлық сілтемелер бойынша өтуге болатын болса, бұл өте жақсы. Мысалы, мен LinkedIn немесе GitHub-дағы кандидаттың профилін көргім келеді делік, нұсқайтын сілтемелер тұрса маған басқа терезеге өтіп, іздеудің қажеті жоқ. Сондай-ақ, Telegram-дағы контактіні бірден қосымшаға өтетіндей еткен дұрыс — осылайша рекрутерге хабарласу ыңғайлы болады.

Өзіңіз туралы жазыңыз

Татьяна Григорьева, Head of talent acquisition Beeline Uzbekistan

tatyana

Өзіңіз туралы қосымша ақпарат беру өте маңызды. Бұл бөлімде компанияға қандай құндылық бере алатыныңызды, жеке өзіңізді не қызықтыратынын және қандай принциптерді ұстанатыныңызды айтуға болады. Осының арқасында жұмысқа алушы алдындағы үміткермен әрі қарай бірге қызметтес болуға дайын ба, соны түсінеді.

Өз көрсеткіштеріңізді цифрландырыңыз

Жанерке Кулымжанова, PGS Astana құрылыс компаниясының HR-директоры

zhanerke

Рекрутерге алдыңғы жұмыс орныңызда компанияға қандай үлес қосқаныңызды білу маңызды. Мысалы, егер сіз сату жөніндегі менеджер болсаңыз, онда сіз жұмыс істеген соманы көрсетуге болады. Мүмкін сіз көрсеткіштердің бірін екі-үш есеге арттырған шығарсыз. Сондай-ақ, күніне қанша қоңырау соғылғанын және тағы да басқаны көрсетуге болады.

Өзіңіз жұмыс істеген компаниялар туралы айтып беріңіз

Асель Цхай, BASF персонал және әкімшілік қолдау бөлімінің басшысы

asel

Жұмыс тәжірибесі деген бөлімде компанияның қысқаша сипаттамасын немесе оның жұмысының бағытын көрсетуге кеңес беремін. Тіпті ірі компаниялар туралы бәрі біле бермейді, әсіресе, егер алдыңыздағы адам индустриядан болмаса. Егер жұмыс орындары көп болса, әдетте рекрутердің олар туралы ақпарат іздеуге уақыты болмайды.

Сәйкес фотосуретті пайдаланыңыз

Меруерт Канаткызы, жетекші HR

meruert

Фотосуретті қосу міндетті емес. Бірақ егер сіз түйіндемеңізге фото қоямын деп шешсеңіз, онда лайықтысын таңдаңыз. Суретіңіз ашық түсті, іскерлік стильде болғаны дұрыс. Бастысы бетіңіз анық көрінуі тиіс.

Ілеспе хаттар жазыңыз

Жибек Нуртаева, HR-менеджер, кеңесші, рекрутер

zhibek

Әсіресе, жаңа бастаған мамандар үшін ілеспе хаттар маңызды. Мұнда сіз қандай лауазымға орналасқыңыз келетінін және болашақта өзіңізді қандай маман ретінде көретініңізді жазуға болады. Осының барлығы рекрутерді үміткердің компанияға қалай көмектесе алатынынан хабардар етеді.

Құрылым бойынша толтырыңыз

Сымбат Мустаханова, HR-кеңесші

symbat

Функционалды тізбектеу кезінде белгілі бір құрылымды ұстанған дұрыс: егер «оңтайландыру», «қалыптастыру» сөздерін жаза бастасаңыз — жалғастырыңыз. «Енгіздік» немесе «өткіздік» деген сөздерді қосуға және араластыруға кеңес бермеймін. Жетістіктер туралы айта отырып, «біз» дегенге көшпеңіз — оның орнына «командамен бірге» деп көрсеткен дұрыс.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.