facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
90-zhyldarda-y-k-s-pkerler-13-zhyl-bankte-zh-mys-step-zhurnal-shy-arumen-aynalysu-zhayynda
logo
90-жылдардағы кәсіпкерлер. 13 жыл банкте жұмыс істеп, журнал шығарумен айналысу жайында

Қарлығаш Темірханова

37 жаста, туған қаласы – Астана, «Әйелдер. Шығыс-Батыс» журналын шығарушы

09.05.2019

90-жылдардағы кәсіпкерлер. 13 жыл банкте жұмыс істеп, журнал шығарумен айналысу жайында


Кәсібінің бастамасы


DSC_7813.jpg

Мен Павлодар облысының тумасымын, «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Павлодар индустриялық институтын бітірдім. Кейін «КСРО Өнеркәсіп-құрылыс банктегі» жұмысқа бағытталдым, техникалық бөлімінде жұмыс істедім. Қайта құрудан кейін, оның атауы «Тұран Банк» деп өзгерді және біз техникалық бөлімнен экономикалық бөлімге көштік, инженер-экономистер қызметін атқардық.

Банктік жүйеде 13 жыл жұмыс істеп шықтым. Экономикалық білімге ие болдым, мұнай өңдеу зауыты банкінің басқарушысы қызметін атқардым. 1996 жылы күйеуімді Алматыға ауыстырды және біз көшіп кеттік.

Алматыда өміріміздің басқа кезеңі басталды. Күйеуім экономика саласында жұмыс істеді және 1998 жылы экономика тақырыбында журнал басып шығаруды шешті, «Транзиттік экономика» журналын басып шығару лицензиясын сатып алды. Маған тең құрылтайшысы болуды ұсынды. Мен беттеушіні, дизайнерді, ғылыми редакторды, бас редакторды, журналистерді іздедім. Бұның барлығы біз үшін жаңа кәсіп болды, таныстардың ұсынымдарын байқап көру мен қателіктер арқылы жасалды. Журналымыздағы басылымдар ғылыми мақалалар ретінде жарияланды, сол себепті бізге көптеген авторлар мен жас ғалымдар жазатын. Сол кезде мен алғаш рет баспамен жұмыс істеп, бұл саланы ұғына бастадым.

DSC_7826.jpg

Сол кезде әйелдер қозғалысы дами бастады – қыздар бизнеске еніп, өз құқтарын қорғай бастады, еліміздің қоғамдық және саяси өміріне араласа бастады. Мемлекет бұған назарын аударып, Отбасы және әйелдер істері бойынша ұлттық комиссия құрды. Біз әйелдерге арналған журнал шығару идеясын ұсындық. Идеяны қолдады, біз алғашқы санның үлгісін жинап бердік және 1999 жылдың шілде айында «Әйелдер. Шығыс-Батыс» журналын шығара бастадық. Биыл журналымыз 20 жылдық мерейтойын атап өтеді.


90-жылдар жайында


Сол кезде банктер жаңадан құрылып жатқан нарықта жұмыс істеді. Шағын және орта бизнес белсенді түрде пайда бола бастады. Біз несиелер бердік, ал адамдар оларды жаба алмады. Қарыздарын қайтару үшін, әртүрлі әдістерді табуға тура келетін. Пайыздар да, инфляция да өсті. Кейбір кезде жылдық пайыздар 420 % дейін жете алатын. Қызыл күрең пенжектер пайда болды, барлығы жанталасып жүретін.

DSC_7845.jpg

Сол кезде интернет болған жоқ, біз барлығын қолмен жасап шығардық. Барлық процестер көп уақыт алатын. Мысалы, бізде барлық ақша процестеріне жауап беретін және көп уақытты банкте өткізетін бухгалтер болды. Ақшаның барлығы қолымызда болды.

Еңбек шығындары әлдеқайда жоғары болды. Біз сұхбаттар алып, болжалды үлгілер жасадық, оларды кейіпкерлерімізге көрсетіп, пікірлерімен санастық. Қазіргі кезде барлық бизнес-процестердің, ақпарат алмасудың жылдамдығы өсті, бір сағаттың ішінде бес-алты істі тындырып тастауға болады. Адамдар көп оқиды, тыңдайды, тезірек үйренеді.

Адамдар кеңістіктің кең болғанын, одан сайын ашық болуды қалайды. 90-жылдары біздің терезелерімізде торлар, есіктерімізде құлыптар болды, адамдар бүгінгідей ашық өмір сүрмеді.

Бірақ біз бір-бірімізбен көбірек араласып, өзара әрекеттестік, ал қазіргі кезде әлеуметтік желілер арқылы бір-біріміздің өмірін аңдып отырамыз.


«Әйелдер. Шығыс-Батыс» журналы жайында


Баспа бизнесі – әдемі, жағымды бизнес. Ол әрдайым қарым-қатынас жасау негізінде құрылады.

Баспа бизнесі – әдемі, жағымды бизнес


Біздің қазақстандық әйелдер әртүрлі мәдениеттердің қиылысында өмір сүреді. Олар шығыс әйелдері сияқты әрдайым отбасының қамын ойлайды, салт-дәстүрлерді құрметтейді, бірақ соның өзінде батыс әйелдері сияқты белсенді болып, мансап құруды, бизнеспен айналысуды, үйренуді, әлемді тануды қалайды. Сол себепті біз «Әйелдер. Шығыс-Батыс» деген атауды таңдадық.

DSC_7857.jpg

Біз әйелдер үшін үлгі болатын және шабыт беретін әңгімелерді жазуға тырысамыз. Оқырмандарымыз әйелдердің балаларды тәрбиелеп, кәсіпкерлер және белсенді қыздар ретінде дами алатындарын түсінгендерін қалаймыз.

20 жыл өткен соң, көп нәрселерді оңтайландырып, басқаша істеуге болар екенін түсінесің. Бірақ біз қателіктеріміздің арқасында үйрендік, өз жолымызды іздедік, тәжірибе жинадық.


Өмірлік қағидалар жайында


Мен үшін ең бастысы – жайнақы адам болу.

Мен солтүстікте өстім және турашыл болуға үйреніп қалдым, маған басқа адамдардың өмірлік жағдайларына ортақтасу ұнайды.

Мен сындарлы адаммын. Барлығы нақты және жоспар бойынша болғанын ұнатамын.

Жалғыз болу мен үшін қиынға соғады, әрқашан серіктестерді іздеймін, қонақтарды ұнатамын. Мен үшін отбасылық құндылықтар маңызды, отбасылық дәстүрлерді сақтап, бір дартарханның басында жиналуды жақсы көремін. Бұны кеңге таратуға тырысамын.

Мен үшін ең бастысы – жайнақы адам болу


Маған жайлылықты тудыруды, отбасымның және өзімнің кеңістігімді жайластыру, үйді безендіру, айналама әдемілікті сыйлау ұнатамын. Адал адамдармен араласуға тырысамын, өтірікті көтермеймін.

DSC_7862.jpg


Бүгінгі күні жайында


Заманауи БАҚ өзгерді. Біз өзімізге жұмыс істедік, қазірде журналды басып шығару қиынырақ болып жатыр. Негізгі аудиторияны интернет алады және адамдар қағаз журналдарды азырақ оқиды. Еуропада адамдар әлеуметтік желілерді белсенді қолданудан алыстап бара жатыр – бізге де сондай түсінік келеді деп ойлаймын.

Біз қызметімізді жалғастырып жатырмыз. Мерейтойымыздың қарсаңында арнайы шығарылымды дайындап жатырмыз, кейіпкерлеріміздің әңгімелерін қайтадан көтердік және олар 20 жыл өткен соң өмірлік әңгімелерімен қайтадан бөлісіп жатыр. Барлық кейіпкерлерді шақырып, тұсаукесер өткізу жоспары бар.

Сонымен қатар мен әйелдерге арналған бизнес-турлар бағытындағы жаңа жобаны дамытып жатырмын. Біз Малайзияда, Куала-Лумпурда болып қайттық, жергілікті кәсіпкерлермен танысып, демалып қайттық. Бұл жаңа жобаларды, бизнес-идеяларды табуға және байланыстарға ие болуға көмектеседі.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.