facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
spasibeaucoup---19-zhasta-bastap-y-kapitalsyz-kompaniyany-neg-z-n-salu-zhayynda
logo
«Спасиbeaucoup» - 19 жаста бастапқы капиталсыз компанияның негізін салу жайында

11.12.2018

«Спасиbeaucoup» - 19 жаста бастапқы капиталсыз компанияның негізін салу жайында

Асан Паржанов, 24 жаста, туған қаласы — Кентау, «СпасиBeaucoup» негізін салушылардың бірі

Ұлжан Смадияр, 24 жаста, туған қаласы — Алматы, «СпасиBeaucoup» негізін салушылардың бірі


Компанияның аты: «СпасиBeaucoup»

Саласы: білім беру

Негізін қалаған жыл: 2013

Бастапқы капитал: 0



Бастамасы



Ұлжан. «СпасиBeaucoup» тегін жобадан бастау алды. 2012 жылы Асан ҚазХҚжәнеӘТУ француз тілінің курсын жүргізе бастады. Университет оған аудитория бөліп, соған басқа оқу орындарынан студенттер келіп жүрді. Келесі жылы бірінші сабаққа 150 шақты адам келді, бірақ университет өткізу орнын қайта бөлген жоқ.

We Project КУРСЫ-6.JPG

Бұл жоба ешқандай коммерциялық мақсатты тұтқан жоқ. Дегенмен, бірінші сабаққа келген балалар Асанға университеттен бөлек ақылы курстарын ұйымдастыруды ұсынды. Ол маған жазды да, біз осының бәрін қалай ұйымдастыруға болатынын ойлана бастадық. Біз қалаушылардан 200-400 теңгеден жинап, залды жалға алып, сабақ бере бастадық.

Кейін әр сабақ сайын біз қызмет көрсетуді жақсартып жүрдік. Мен әкімшілік және операциялық міндеттер бойынша, ал Асан сабақ беру мен шығармашылық жағынан жауапты болды. Бізден бөлек, жобада сабақ жүргізуге көметескен еріктілер – тіл иелері болды.

Ақырындап оқушылар басқа тілдер жайында сұрай бастады. Содан біз басқа курстарды да іске асырдық. Асан өз тілдерін жақсы көретін балаларды тауып, олар испан, түрік, ағылшын, италия тілдерін оқытты.

2013 жылы компания ретінде жұмыс істей бастадық.



Қиындықтар жайында



Ұлжан. Бізге қазір жобада жұмыс істемейтін көптеген жақсы адамдар көмектесті. Біз 19 жаста болдық, біздің стипендиядан басқа қаражатымыз болған жоқ. 2014 жылы біз менің планшетімді сатқан ақшаға офисті жалға алдық.

Еден жуу, жазбаларды жүргізу, әдістемелерді жетілдіру - біз барлығын өзіміз істеп жүрдік. Бәрін өз қолымен істеу – жақсы тәжірибе деп ойлаймын. Себебі ешбір тәжірибиесіз кәсіпке көп қаражат жұмсаудың қажеті жоқ. Адамның кәсіпкерлікте тәжірибесі жоқ болса, оған капиталды сеніп тапсыраға болмайды. Ол барлық ақшаны құртып, қалпына қалай келтіруге болатынын білмей қалады. Аянатын еш нәрсеміз жоқ болғасын, біз қателік жіберген жоқпыз. Барлығы өздігінен қалыптасты, ақырындап барлық процессті ұйымдастыра алдық. Сол кезде біз бар білімімізді іске асыруға талпындық.



Идея жайында



Ұлжан. Біздің компаниямыздың мақсаты – әлемдік азаматтар жаңа толқынының қалыптасуына септігін тигізу. Бүгінде жасөспірімдер, жастар – өздерінің жастарында бірнеше елдерде болып көрген балалар. Барлығы емес, бірақ көбісі. Олардың сана-сезімдері басқа, үлкендердікіне қарағанда әлдеқайда кең. Ол өте жақсы, біз барлық адамдардың шекараларсыз өмір сүре алатындарын түсінгендерін қалаймыз. Осы орайда тіл бір-бірін түсінуге көмектеседі.

We Project 10.JPG

Асан. Жақын арада біз ұлт түсінігінің жоюлуына келеміз. Барлық адамдар жай ғана әлем азаматтары болады. Миллиеналдар қайда тұратындары лйламайды, оларға жеке пәтердің болуы қажет емес. Барлығы саяхаттап, әлемді тануды мақсат тұтады. Бұл жағдайда біз адамдарға көмектескіміз келеді.



«СпасиBeaucoup» ерекшеліктері жайында



Асан. Біз жұмысымызды бастағанда, басқа білім беру орталықтарының қалай жұмыс істейтіндерін зерттеген жоқпыз. Бір барлығымыз әр түрліміз және біреуге қарап ешқашан бірдей нәрсені істей алмаймыз. Алайда әлі күнге дейін бәсекелестер бізге келіп жүретінін білемйн. Біреу жетістіктің сырын ұғынғысы келеді, бірақ ең бастысы – жұмыс істеу.\

We Project КУРСЫ-12.JPG

Ұлжан. Көбісі егер қызметі үшін төмен баға қойса, тырыспай-ақ қоюға болады деп ойлайды. Бірақ егер адам оған ақша төлесе, ол көп шығындады ма, жоқ үнемдегісі келді ме, бәрібір нәтиже күтеді. Сол себепті біз арзанырақ әрі сапалырақ болуға тырысамыз. Бізде түрлі халық топтарына қарастырылған жеңілдіктер жүйесі бар. Оған қоса біз қызметіміздің сапасын бақылаймыз. Бізде оқу жүйесі қалай жүріп жатқанын қадағалайтын әдіскерлер бар. Бәрі де оқушылар үшін жасалып жатқанын, қамқорлығымызды көрсету үшін біз олардың кері байланыстарын түсіреміз.

Біздей арнайы «шағымдар мен ұсыныстар» формасы бар. Кез келген адам оны толтырып, ұнамаған жақтарын айта алады. Оған кіру мүмкіндігі менде ғана бар, әр апта сайын мен оны тексеріп отырамын. Әрине, жаман нәрселерді оқығың келмейді, бірақ ол жақсырақ болуға ықпал етеді. Біз қызметкерлеріміздің арасында барлық сұрақтарды көтереміз, жұмыстың қағидаларын түсіндіріп, оларды үйретіп отырамыз.

We Project КУРСЫ-9.JPG

Біз әрдайым жаңа бағдарламаларды жетілдіреміз, оқушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыру үшін процесске шығармашылық түрғыдан қараймыз.

Асан. Басты айырмашылық – егер бірнәрсе ойдағыдай болып жатпаса, студенттер кімге хабарласу керектігін біледі, яғни маған. Егер адамдарға бірдеңе ұнамай қалса, олар маған инстаграмға, поштаға жазады. Біз қызметкерлеріміз бен студенттерімізбен тығыз байланыстамыз. Компания өсіп, барлығы автоматты түрде жұмыс істей бастаған кезде, бізде босаңсып кету деген ой болған жоқ. Барлығын өз бетімен жібергеннен жақсы ешнәрсе шықпайды.

Біз өз мұғалімдерімізді қағаз жұмыстарымен бастырмалатпаймыз. Олар тек студенттермен жұмыс істейді, себебі мұғалім сабақ беруі керек. Біздің қызметкерлер костюмдерде жүруі тиіс емес, бізде бәрі емін-еркін. Ең бастысы – өзі ісін жақсы атқару.

Ұлжан. Біз үшін жауапкершілік маңызды. Біз жай ғана табыс таппаймыз, біз студенттердің білім алғаны үшін жауаптымыз. Біздің оқушылар шет елдегі оқу орынға түскендері жайында айтып, жазғанда, біз үшін бұл жағымды. Біздің қызметіміздің арқасында олар жетістікке жететінін және біз олардың тағдырына ықпал ететінімізді түсінеміз.



Жұмыстың қағидалары жайында



Асан. Біз бастағанда, ешқандай бизнес-әдебиетті оқыған жоқпыз. Бірақ онымен таныса бастағанда, біз ол жердегі жазылғанның барлығын 19 жаста болған кезде істеп қойығанымызды түсіндік. Бүгінде кітаптарды оқу мен теорияны зерттеу сәнге айналды. Бірақ біздің өз басымыз бар және де біз өзіміз ойдан жаңа нәрселерді жасап шығара аламыз. Бес жыл бұрын жасап шығарғанымыз әлі күнге дейін жақсы жұмыс істеп келеді.

Ұлжан. Біз жай ғана не және не үшін істеп жатқанымызды түсіне отырып, сол қисынға негізделдік.

Біз әрдайым қызмет көрсетуге көңіл бөлдік, біз үшін бұл маңызды. Егер клиентің бар болса, ол риза болуы керек – бұл өзінен-өзі белгілі нәрсе.

We Project КУРСЫ-3.JPG

Көбінесе нарықты түсінетін заманауи жастар клиенттеріне лайықты дәрежеде қызмет көрсеткісі келмейді. Бұл мені таң қалдырады. Себебі, негізі, біз бәріміз бір-бірімзге қызмет көрсетеміз. Егер маған студент келсе, мен барлығын қолымнан келгенімше істеймін. Кейін келе мен ол жұмыс істеп жүрген киноға барамын, ол өз кезегінде маған қызмет көрсетеді. Бұл өзара тиімді қатынас, қарапайым адами қарым-қатынас.

Көптеген адамдар жұмысқа азап ретінде қарайды. Олар жаңа нәрселерді жасап шығару, адамдардың тағдырларына ықпал етуге талпынбай, жай ғана күн көру үшін табыс табады. Біреулер жақсырақ жұмыс істеу үшін оларға көбірек ақша төленуі тиіс деп ойлайды. Алайда бүгінде сондай қатынаспен жұмыс істеп, ертең табысты болу үшін, кейін орнына жақсы нәрсені алу үшін алдымен бере білу керек.

Асан. Сыртқы уәждемелерге тәуелді болған кезде, сен ешнәрсеге қол жеткізе алмайсың. Ақша табуды үйренбей, өз жұмысыңды жақсы көру керек. Егер біз жобамызды жақсы көрмесек, ол бес жыл өмір сүріп, үздіктердің қатарында болмас еді.



Жоспарлар жайында



Асан. Бес жыл бойы біз өзіміздің өнімімізді, өз жүйемімізді жасап шығардық. Біз, әрдайым, бірітіндеп өзгеріп отырса да, қорытынды бейнені елестетіп жүрдік.

«СпасиBeaucoup» — бұл біздің өмір бойы айналысатын жобамыз. Біздің орасан зор жоспарларымыз бар. Біз тек ақша табуды қаламаймыз. Әдетте, сен тек ақша жайында ойласаң, қолыңнан ешнәрсе келмейді, ақша да келмейді.

Бес жыл өткен соң біз бизнесте ешқандай түсініктері жоқ балалардан, біраз түсініктері бар адамдарға дейін өсіп жетілдік. Біз компанияны ешбір қаражатсыз, жоқтан тұрғыздық. Ең бастысы – ақша мен байланыстар емес, біздің ақылымыз бен еңбекқорлығымыз.

Біз білім беру жүйесін өзертуді, тарихта қалуды қалаймыз.




Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.