facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
pkel--s-l-l-ekeu-korporativt-k-sektordan-zheke-bizneske-ket-p-meyramhanasy-bar-peyntbol-ash-any-zhayynda
logo
Әпкелі-сіңілілі екеуі корпоративтік сектордан жеке бизнеске кетіп, мейрамханасы бар пейнтбол ашқаны жайында

16.07.2017

Әпкелі-сіңілілі екеуі корпоративтік сектордан жеке бизнеске кетіп, мейрамханасы бар пейнтбол ашқаны жайында

Дана Ақбасова, 44 жаста, туған қаласы — Қарағанды, «Штаб» пейнтбол клубын басқарушы


Әлия Ақбасова, 36 жаста, туған қаласы — Қарағанды, lounge bar a'la Picasso директоры



Біріккен бизнес неден басталды




DSC_2687.jpg

Әлия. Біз ұзақ уақыт бойы әр түрлі сала компанияларында бірге жұмыс істедік. Кейін кәсіби жолымыз бір-бірінен сәл ұзаған болатын. Біз туған әпкелі-сіңіліліміз, сондықтан бір-бірімізден алыстап кете алмадық. Бала күтімі бойынша еңбек демалысына шығып, өз ісімді ашатын кез келгенін түсіндім, ал Дана үлкен компанияларда жұмыс істеуден шаршағандықтан, осындай шешімге келді.


DSC_2686.jpg


Дана. Басында бәрі қызық болды, мен жаңа жобамен күні бойы жұмыс істей алатынмын. Кейін үдерістер тұрақтала бастағанда ішім пысатын. Өмір саусақтарымның арасынан өтіп бара жатқандай көрінді, барлық уақытымды мені еш қызықтырмайтын іспен айналысуға жұмсап жүргенімді сездім. Корпоративтік сектордағы ұзақ уақыт жұмыс істегенде мені тұрақты жалақы ғана ұстап тұрды. Кейін Әлия екеуміз сөйлесіп, жұмыстан ләззат алу керек деп шештік.


Бала күтімі бойынша еңбек демалысына шығып, өз ісімді ашатын кез келгенін түсіндім, ал Дана үлкен компанияларда жұмыс істеуден шаршағандықтан, осындай шешімге келді


Әлия. Менің үш балам бар және бұрынғыдай жұмыс істейтін мүмкіндігім жоқ. Ана болу — міндет, алайда өмірімді тек осымен ғана шектегім келмейді. Отбасымыз Дана екеумізді қолдады, біз де өз ісімізді ашуға дайын едік. Адамдарға қуаныш әкелетін нәрсе жасағымыз келді. Осылайша, пейнтбол клубы дүниеге келді.


Дана. Достарымыздың көбісі пейнтболға барады және үнемі осындай жерлерде қызмет көрсету жоқ, лас деп айтып жатады. Адамдар ойнағысы келеді, алайда кемгшіліктері де көп. Біз осындай кемшіліктері болмайтын клуб құрғымыз келді.



«Штаб» пейнтбол клубы туралы



Дана. «Штаб» бұл — пейнтбол ойнағанды жақсы көретіндер мен бұрын ойнап көрмегендерге арналған клуб. Себебі, қонақтарымыздың 80%-ы — бірінші рет келгендер. Және бұл ойнап, араласып, ойыннан кейінгі әсерімен бөлісетін орын.


DSC_3421.jpg


DSC_3418.jpg


Пейнтболды жақсы көретін, үнемі ойнайтын адамдар бар. Оларға жағдай маңызды емес: келеді ойнайды, кетеді, олар үшін бұл спорт. Ал ойнамағандар бар, олар әдемі кеңселерде ақ көйлек киіп отырып үйреніп қалған, сондықтан шаң мен балшықтан қашады. Біздің клубымызда жылыжай жағдайы бар. Біз адамдарға жайлы болуы үшін максималды түрде барлық жағдайды ескеруге тырыстық және олар бізге екінші рет келгісі келді.


«Штаб» бұл — пейнтбол ойнағанды жақсы көретіндер мен бұрын ойнап көрмегендерге арналған клуб


Әлия. Астанада жылжымайтын мүлік арзан емес, сондықтан біз Лесозавод жақтан орын алдық. Астаналықтардың көбісі бұл қандай аудан екенін, оның қайда орналасқанын білмейді. Бұрын біз мұндай нәрсемен айналысқан жоқпыз, қалада өскен қыздармыз, ал енді құрылыстан хабардармыз.


Біз жылжымайтын қойма түріндегі ұшақжайды алдық. Ойын аймағының ауданы — 850 шаршы метр. Жарықтандыру жүйесін жүргіздік, ол бір пультпен басқарылады. Әртүрлі түстерді қоюға болады, түрлі ойын сценарийлерін құруға мүмкіндік береді. Біз дыбысты жойдық, осылай жабдықталған «Штабта» би кештерін өткізуге болады. Бейнебақылау орнаттық. Ойын ойнамайтын ата-аналар немесе достарыңыз ангарда не болып жатқанын көре алады. Бұл жерде душ кабиналарын құрып, ересектер мен балаларға, ұлдар мен қыздарға арналған үлкен жылы киіну бөлмелерін құрдық. Бізде үлкен фуд-аймақ бар, онда тамақтанып, демалуға, әуен тыңдауға болады.


Астанада жылжымайтын мүлік арзан емес, сондықтан біз Лесозавод жақтан орын алдық


Дана. Бізде өтетін шаралардың 70%-ынан астамы балалардың туған күндері. Түгел сынып болып келген кезде балалармен жұмыс істеу қиынға соғады. Алайда, олап «Кеткіміз келмейді» деп айта бастайды, туған күн иесіне сыйлық сыйлағанда оның көзі оттай жана түседі, сонда мұның рахатын сезінесің.


Бізге жұмыстан кейін ұжым болып келгенді ұнататындар көп, сондықтан тәулік бойы ашық.


DSC_3352.jpg


DSC_3359.jpg


Топ бірнеше рет келген болса да, міндетті нұсқау береміз. Алаңда үнемі екі нұсқаушы жүреді. Бірі — жоғарыда, ол жарық пен түтінді реттейді, егер бірдеңе дұрыс болмаса, ойынды тоқтатады. Екіншісі — соққы алған ойыншыларды шығу есігі алдында күтеді, ойыншының бояуларын сүртіп, маскасын тексеріп, бағананы тазалайды.


Әлия. Пейнтболдан басқа көпшілігі баланың ойыны деп санайтын «соғыс» түрлерін, лазертагты ұсынамыз. Ол еш ауыртпайды, себебі қарудың орнында — инфрақызыл сәуле, ойыншыларда сәуленің тигендігін анықтайтын құрылғы бар. Компьютер сәуленің түсуін санайды. Егер пейнболдан кейін көгерулер болуы мүмкін, ауыр қаруды тасуға тура келеді, онда лазертаг — адал ойын, онда бәрін компьютер анықтайды. Лазертагта әртүрлі жастағы топтарды біріктіруге болады.



Lounge bar a'la Picasso туралы



Дана. Қазір пейнтболға уақыт аз кететін болды. Әрдайым жақсартып, айналысуға болатын нәрсе табылады, алайда ол бастапқы кездегідей уақытт алмайды. Себебі, басында біз соның ішінде өмір сүретінбіз.


DSC_5332.jpg


DSC_5305.jpg


Әлия. Енді біз қоғамдық тамақтан ісіне кірістік. Бұл тіптен бөлек атмосфера, бірақ ол да өзінше қызық. Біз екі бизнесті қиыстыруға тырысамыз. Мысалы, «Штабта» бұрын тамаққа тапсырыс беретінбіз, ал қазір оны өзіміздің a'la Picasso-ден орындаймыз.


Енді біз қоғамдық тамақтану ісіне кірістік


Біздің жұмыс істегенімізге екі ай болды және ребрендингтен өттік, бұл орынның бұрынғы атауынан арылдық, бұрын бұл жер жай ғана Picasso деп аталатын. A'la Picasso — бұл жайлы, үй атмосферасында дәмді тамақтанатын орын. Мұнда үлкендер демалады, балалар PlayStation ойнай алады. Немесе бізде нарда, монополия, карталар, шахмат бар.


Біз асханамызға тәжірибе жасап келеміз, жақында сушиді қолға алдық. Сушидің дайындалуы көшеден көрінетіндей аймақ жасадық. Біздің сушистіміз қонақтарға кеңес беріп, жаңа суши түрін ұсынады.



Заманауи бизнестің қиындықтары




DSC_2729.jpg

Дана. Егер пейнбол клубы туралы айтсақ, онда Астанада адамдар аздап интертті келеді. Ойнағысы келетін, алайда уақыты, көңіл-күйі, компаниясы жоқ адамдар болып жатады. Адамдар ай бойы келетін уақытты таңдай алмайтын кездері болады. Адамдарымыз белсенді демалысқа үйренбеген, біздің түсінігіміздегі демалыс — отыру немесе жату: тамақ ішу, сусын ішу, ән айту. Жастардың басқа жаңа нәрселерге қызығатыны қуантады. Балалар да енді компьютер ойындарын ойнағысы келмейді. Бұл көп уақытын отырып өткізетіндіктен, белсенді демалыстың қажет екенін түсінетін ұрпақ. Адамдар үлкен қалада күйзелісте өмір сүреді, пейнтбол — бұл көңіл аулап, демалатын мүмкіндік.


Адамдар үлкен қалада күйзелісте өмір сүреді, пейнтбол — бұл көңіл аулап, демалатын мүмкіндік


Әлия. Қоғамдық тамақтанудағы ең қиыны — қызметкерлер. Жөндеу жұмыстары, асханаға арналған құрылғы сатып алу үшін керемет адам болудың қажеті жоқ. Адамдармен жұмыс істеу қиын. Біз қатал регламенті, міндетті нұсқаулары мен қатал күн тәртібі бар үлкен компанияларда жұмыс істеуге үйреніп қалғанбыз. Бұл адамдар бәрінің жазбаша рәсімделу керектігін біледі, ал мұнда бәрі басқаша. Мейрамханада бәрі оңай, қызметкерлер топ ішілік қарым-қатынас құрады, ол жерде нақты иерархия жоқ, мұнда харизмасы жоғары адам басшылыққа жақындай түседі. Бізге оны түсіну қиын.


DSC_2718.jpg


Аспаздар, даяшылар бізге келіп: «Біздің қоғамдық тамақтануда бұлай істемейді» дейді. Ал біз оларға: «Ал бізде осылай істеледі және кейін де осылай істейтін болады» деп жауап береміз. Біз барлығы сияқты жұмыс істегіміз келмейді. Біз жаңа бір нәрсені істеп көруден қорықпаймыз.


Бастысы — берілмеу. Кейде салың суға кететін, ештеңе шықпайтын кездер болады. Бәрін тастап, ештеңе түсінбеймін дегің келеді. Бастысы — бұл кездерді өзің үшін еш шығынсыз өткеру. Бәрінен сәл алшақтау қажет, осыдан кейін санаңда міндетті түрде бірдеңе өзгереді, сосын сіз мәселенің неде екенін немесе жай ғана күту керектігін түсінесіз. Мен үшін ойлануға ең жақсы уақыт — көлік айдап келе жатқан кезім. Осы кезде нені, қалай істеу керектігін ойластырамын. Уақытынан бұрын көңіліңді түсірмеу керек, ал сәтсіздіктерге тәжірибе ретінде қарау қажет.


Бизнес пайда болғаннан кейін өмір қалай өзгерді


Дана. Өмірді қабылдау өзгерді. Ол қуанышты бола түсті. Өмірімді енді бос сезінбеймін. Мұның бәрінің неге әкелетінін білмеймін, «40 жаста өмір енді басталады» дегендей, бұл бизнесте қалатынымыз да белгісіз.

Әлия. Мен үй мен балабақша мен секцияларға берген балаларыма аз уақыт бөле бастадым. Менің ана болғанымнан бөлек, тағы бірдеңе істеп үлгеріп жүрмін. Балалар мені оларды тамақтандыратын адам ретінде ғана қабылдамайды, олар қазірден бастап аналарының жұмыс істейтінін түсінеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.