facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
25-zhas-a-dey-n-tabys-a-zhetken-3-k-s-pkerd-o-i-asy
logo
25 жасқа дейін табысқа жеткен 3 кәсіпкердің оқиғасы

11.07.2017

25 жасқа дейін табысқа жеткен 3 кәсіпкердің оқиғасы

БІЗ ересек өмірді күтпей, құрдастары мектепте оқып жүргенде немесе университет аяқтап жатқанда өз ісін ашуды ұйғарған жастармен әңгімелескен болатынбыз.


Rocket Study білім орталығы


Арслан Даримов, 20 жаста

туған қаласы — Ақтөбе


Бизнес туралы


Rocket Study білім орталығының бас директорымын. Біз ағылшын тілін үйретеміз және IELTS, TOEFL және SAT халықаралық емтихандарына дайындаумен айналысамыз. Бұл істі ашу идеясы 11 сыныпта университеттердің біріне грант ұтып алғаннан кейін шетелге оқуға түсемін деп шешкен күнімнен басталды. 10-сыныпта тақырыптық кештер ұйымдастырумен айналыстым. Тапқан ақшамды оқуға түсуге дайындалу үшін кітаптар сатып алуға жұмсадым. Сәтті түскеннен кейін өзім дайындалған емтиханға дайындалу кітаптарын аламын деп шештім. Оларды білім орталықтарына хабарласып жүріп саттым. Біреуі маған жұмыс ұсынды. Оларда аздап жұмыс істеген соң бұл іспен өзімнің де айналыса алатынымды түсіндім. Сонда мен репетиторлық қызметті ұсынатыным туралы бірнеше парақшаны шығарып алдым. Қызығушылық танытқан клиенттер де көп күттірген жоқ. Қажетті оқушылар тобы жинақталған соң кеңсе жалдап, сабағымды бастап кеттім. Осы кезден RocketStudy оқиғасы басталды.


Мен тобыма мамандарды адамның шешімін тапқысы келетін қандай да бір мәселесі бар-жоқтығына қарай таңдаймын


Менің түсінігімде мәселесі бар адам — тірі адам. Мәселенің қандай екені де: жеке, отбасылық, қаржылық немесе жаһандық екені маңызды емес. Егер мәселесі бар адам оны шешу үшін маған келетін болса, мен оған көмектесемін. Мәселесі жоқ, бейқам адамдар бізге қажет емес.


Орталықты ашқан кезде жеңілірек болды, себебі неден қорқу керектігін білген жоқпын. Алғашқы капиталым 50 000 – 60 000 теңні құрады, неден айырылатыным да қорқынышты емес еді. Алайда, қазір тәжірибем ұлғая бастаған сайын нақты неден қорқу керектігін түсіне бастаймын, жауапкершілігім де арта түседі. Болашақта Астанада дамып, Алматы мен өңірлерге шыққымыз келеді. Білімнің жалпы деңгейін көтеретін ағылшын тілін үйрету бойынша төңкерістік өнім дайындағымыз келеді.


12248089_1020970904589805_666405990611043463_o.jpg


Жасқа байланысты қиындықтар


Жасыма байланысты мәселер үнемі шығып тұрады. Көбісінде қандай да бір жаста адамның бірдеңеге жетуі тиіс деген түсінік қалыптасқан. Басқалары сен олардың жасына немесе қаржылық деңгейіне жетпеген болсаң сені дұрыс қабылдамайды. Бірақ, мұның жақсы жағы да бар — мұндай жағдайлар көр әрі жақсырақ жұмыс істеуге ынталандырады. Өзінен жасы кіші адамның тапсырмасын орындағысы келмейтін адамдар болады, біз мұндай адамдармен қой айтысамыз.


Бизнес маған не үйретті


Бизнес маған адамдардың мәселесін шешуді үйретті.




Upgrade group білім компаниясы


Аблай Юсупов, 23 жаста

туған қаласы — Екібастұз


Бизнес туралы


Upgrade group білім компаниясының бас директорымын. Оны құру идеясы маған студенттік кезде келген болатын, ол кезде барлық студенттер тап болатын мәселелерге кезіктім: жоо-да сапасыз білім алу, жұмыс істегің келмейтін мамандық бойынша білім алу, жоо бітіргеннен кейінгі бағытты анықтай алмаушылық.


Тобымызға адамдарды екі таоап бойынша іріктедік: біліктілігі мен біздің салада өсуге деген ынтасы


59fadd653aa8c51232dd3f30d3b83b11.jpg


Сондай-ақ, біз үшін дамыта алатын қырларының болуы маңызды болды. Екі жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Біріншісі — адамдарды бір нәрсеге үйренуге көмектесетін сайт. Екіншісі — 13 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушыларына арналған лагерь, ол болашақта немен айналысатындығын анықтауға көмектеседі.


Өкінішке орай, біздегілер оқығысы келмейді және бұл біз тап болған қиындық болды. Егер адам ақшасын демалысқа, ойын-сауыққа немесе оқуына жұмсайтынын шешкенде көбінесе біріншісін таңдап жатады, бұл мұңайтады. Біз даму мен білімнің пайдалы әрі қажетті нәрсе екенін көрсеткіміз келеді.


Жасқа байланысты қиындықтар


Ең бірінші кезекте компанияны ашқан соң көптеген мәселеге тап болдық, себебі бизнесте ешқандай тәжірибеміз жоқ еді, қалай жұмыс істейтінімізді білмедік. Мұны қалай істеу керектігін түсіну үшін көптеген зерттеу жұмысын жүргіздік. Сонымен қатар көбісі біздің қолымыздан бірдеңе келетініне күмәнмен қарап, сенбегендер болды. Алайда, бұл қалыпты жағдай, адамдарға сенің оқыта алатыныңды дәлелдеу қажет. Бастысы, технологиямыз бен жұмыс істеуге деген ынтамыздың бар екенін көрсеттік.


275d357e84510aac2c831c93cedae881.jpg


Бизнес маған не үйретті


Бизнес маған тек қала немесе ел деңгейінде ғана емес, ауқымды ойлауды үйретті. Бұл маған ұнайды, сондықтан мен бұл іспен айналысып жүрмін.




«Павлин» эстетика және сұлулық мектебі және киімдер жолағы


Зарина Байкенова, 23 жаста

туған қаласы — Джалал-Абад, Қырғызстан


Бизнес туралы


Қазір екі бизнесім бар. «Павлин орталық» — Ақтаудағы эстетика мен сұлулық мектебі. Ол әйелдер аудиториясына бағытталған. Сабақта бойжеткендер мен қыздардың қоғамда өздерін ұстай білуін, омыртқасын түзу ұстауын, шығармашылық қабілеттерін дамытамыз. Сондай-ақ, модельдік базамыз бар, Eatmodels – бен бірге жұмыс істейміз, Mercedes Benz Fashion Week апталығына қатыстық. Екінші ісім — киім жолағы. Біз принт басылған свитшоттар мен футболкалар тігеміз, олардың дизайнын өзім жасаймын. Футболкаларда менің өлеңдерімнен алынған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жолдар жазылады. Өзім бұрын балерина болғандықтан, свитшоттардың принттерінде балериналар бейнеленген. Киім балалар және жасөспірімдер жасына лайықталған, стилі — casual. Наурыз айынан бастап хореографиялық топ ашып, «Сарыарқа» СОСО-да балаларға балет билеуді үйретемін.


«Павлин орталығы» мектебін құру идеясы Атырауда келген болатын. Сонда шығармашылық орталығы бар анамның әріптесі мектеп жанынан сәнбикелер мектебін ашқысы келді, және ол анам екеумізді осы іспен айналысуға шақырды. Біз қыздарды жинақтадық, алайда кейін бұл мектепті жабуға тура келді. Сол кезде анам маған бұл істі өз қолыма алуым керектігін айтты, сол кезде бұл маған қызық болатын. Алғашында бөлме бойынша үлкен қиындық туды, көрме залында, картиналар арасында және ковролинде дайындалдық. Орынды табуға анамның әріптесі көмектескен болатын. Басында сабақты тегін беретінмін, бар ынтаммен жұмыс істедім. Мұның бәрі қалай жұмыс істейтіні маған өте қызық болатын. Курстарым таныла бастаған кезде ақылы сабақ беру туралы ойлай бастадым. Содан кейін басқа деңгейге өтіп, басқа да модельдік агенттіктермен келісіп, ірі шараларға қатыстық.


IMG_2813.JPG


Киім жолағын шығару да кездейсоқ басталды. Атыраудағы қазақстандық дизайнерлер көрсетілімінде Tengri брендінің өкілдерімен таныстым, олармен бірге футболкалар мен свитоттардың біріккен топтамасын жасауға итермеледі. Біз мұны жасай алдық, қазір өз бетіммен шығарып жатырмын.


16 жасымнан бері жұмыс істеп келемін.


Ата-анам үнемі басқа қалаға оқуға кетсең, өз өміріңді өзің құрып үйрен деп айтатын


Сондықтан, мен жастайымнан жұмыс істеп үйренгенмін.


Тобыма адам жинақтауда адал адамдарды алуға тырыстым, бұл қасиетсіз бизнес алға баспайды. Сонымен бірге достарыммен жұмыс істегім келген жоқ, қызметтес болу болашақта көптеген мәселенің туындауына себеп болады. Сосын адамның креативтілігіне, мәселеге қаншалықты кең қарай алатындығына қарадым. Және мен үшін адамның жасы тіпті де маңызды емес.


IMG_3080.PNG


Әлбетте, достарымның бәрі менімен бірге қалған жоқ, кейбірі сырт айналды, кейбірімен қызғаныш сезімдері үшін айрылысуға тура келді. Алайда, әлі күнге дейін мен қолдап, әр жеңісім үшін қуанып жүретіндер де бар.


Жасқа байланысты қиындықтар


Мен бірнеше рет өз жасыма байланысты түрлі қиындықтарға тап болдым. Шаралар ұйымдастырғанда серіктестерді белсенді түрде шақыру қажет, ал менің жасыма қарап көбісі сенбейді, сондықтан келіссөздер кезінде серіктестердің дауысы мен көзқарасын мұқият қарайтынмын.


IMG_2237.JPG


Бизнес маған не үйретті


Бастысы, бизнесті басқарып жүріп адамдарға, серіктестер мен клиенттерге сыйластықпен қарауды үйрендім. Сондай-ақ, басқалар үшін жауапкершілік алудың не екенін білдім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.