facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
smart-point-kovorking-n-neg-z-n-salushy-s-y-kt-alada-dostar-zhinalatyn-mekemen-alay-ryp-salu-a-bolady
logo
Smart.Point коворкингінің негізін салушы: сүйікті қалада достар жиналатын мекемені қалай құрып салуға болады

Әмірхан Омаров

32 жаста, туған қаласы – Шымкент, SmArt.Point коворкинг орталығының негізін салушы, жылжымайтын мүлік, технологиялар

Өмір сүру стилі

11.01.2019

Smart.Point коворкингінің негізін салушы: сүйікті қалада достар жиналатын мекемені қалай құрып салуға болады


Өзі жайында


Мен жақсы адаммын. Әдетте адамдар мені ақсүйектілікпен қатар діндар екенімді айтады. Мектепте мен математика және тарих бойынша олимпиадаларға қатысқанмын. Әдетте тарихты жақсы көретін адамдар математиканы ұнатпайды және керісінше. Сол себепті маған әдетте қатар келмейтін нәрселерді біріктіре алатыным ұнайды.

20181003-WE PROJECT 4 инт. (3).JPG

Мен спортты жақсы көремін. Кроссфитті ұнатамын, себебі бұл спорттың интенсивті түрі. Маған бокспен айналысқан ұнайды, ал әр жексенбі сайын мен футбол ойнаймын. Велоспортты, үлкен теннисті және жүзуді жақсы көремін. Бұл менің айналысатын нәрселерімнің негізгі түрлері.

Достарымды жақсы көремін, және тамақ ішуді ұнатамын. Мен тамақ дайындаймын, бірақ жылына бір немесе екі рет. Себебі мен кейде достарымды үйімде жинап, өзімнің аспаздық қабілеттерімді байқап көруді ұнатамын. Маған жерорта теңіздік тағам түрлері көбірек ұнайды: түрік, итальян және орта-азиялық тағамдар: палаулар, лағмандар, қуырдақтар.

Қызықты жобалармен айнасысуды және басқалар жасамаған нәрселерді істеуді ұнатамын.

20181003-WE PROJECT 4 инт. (18).JPG

Әдебиетте маған биография және автобиография жанрлары ұнайды. Осы жанрда мен көп кітаптар оқыдым. Соңғы кезде оқыған ең жақсы еңбектердің бірі – «Абақты және бостандық» деп аталатын Ходорковскийдің биографиясы, оның түрмеден шыққанға дейін жарық көрген кітабы. Кейде басқа адамдардың тәжірибесі мен сөздері ой-өрісің кеңейтуге, жағдайға басқа қырынан қарауға септігін тигізеді.


Алматы жайында


Мен Шымкенттің тумасымын, бірақ Алматыда 2003 жылдан бері тұрып жатырмын. Мен Шымкентке оралғым келмейді, бұл қаламен көп ауыр естеліктер байланысты.

20181003-WE PROJECT 4 инт. (13).JPG

Мен Алматыға 17 жасымда келдім. Білімнің негізін осында алдым және Алматы мен үшін жаныма жақын қала болып табылады. Кешкі уақытта алматылық көшелер бойымен серуендегенде, жаңа сезімдерге ие боласың.

Алматы маған әртүрлі себептер бойынша ұнайды. Біріншіден, мен Сүлеймен Демирел атындағы университетте оқыдым, достарымның басым бөлігі осы жерде. Екіншіден, ыңғайлы климат. Үшіншіден, осы жерде, мысалға, Астанада жоқ жерлер – таулар мен табиғат бар. Астананың инфрақұрылымы жақсы: Алматыда табылмайтын Ұлттық теннистік орталығы, теннис алаңдары, Триатлон саябағы бар. Қала жақсарып келеді, бірақ табиғат жағынан сәл жолы болмады. Суық, жазда да, қыста да – әрқашан жел тұрады. Мен бас киімді алғаш рет Астанада кидім – құлағым үсіп кете жаздады.

20181003-WE PROJECT 4 инт. (10).JPG

Алма-Арасанда «Беназир» деген футбол алаңы бар. Сол жерде жексенбі сайын достармен жиналуды ұнатамын. Наурыз айының соңғы күндерінен бастап қазан айының соңына дейін сол жерде ойнап жүргенімізге жеті жыл болды. Сол жердің шөбі жасыл, ауасы таза. Кейбір кезде біз достарымызбен таңғы алтыда оянып, Бутаковский сарқырамасына барамыз немесе Медеуден Шымбұлаққа дейін жаяу барамыз. Мен Алматының барлық дерлік шыңдарында болдым.


Жанашыр адамдар және олардың өмірлік істер


Бүгінде SmArt.Point коворкингі – менің жүзеге асқан жобаларымның бірі, сол себепті бұл менің өмірлік ісім деп айта алмаймын. Мен оны әлі тапқан жоқпын, мен іздеу үстіндемін. Мен коммерциялық тұрғыдан негізі бар, қоғам үшін, мемлекет үшін маңызды болып табылатын жобалармен айналысқым келеді. Болашақ жоба үшін бірнеше нұсқалар бар, бірақ мен әлі шешкен жоқпын.

SmArt.Point жайында айтатын болсақ, оны жүзеге асыру ойы бұрыннан болды. Достарыңның ортасында отырған кезде, әрдайым осылай болса екен деп қалайсың. Себебі өмір адамдарды жан-жаққа таратады. Менің санамда көп адамдар жиналатын мекеме құрып салу керек деген ой болды. 2015 жылдың соңында коммерциялық жылжымайтын мүлік бойынша тәжірибе жинақтаған кезімде, белгілі инвесторлар, бизнес-үлгілер пайда болған кезде, мен технологиялармен айналысуды, бизнесті трасформациялауды ұнататынымды түсіндім. Соған лайық осындай жаңа нәрселермен айлалысуды ұнататын адамдар үшін кеңістіктің болуы қажет еді. 2017 жылдың соңында біз ашылдық.

20181003-WE PROJECT 4 инт. (15).JPG

Мен үшін SmArt.Point бұл көп қырлы жоба. 90-жылдары Алматы кез-келген бос мекеменің коммерциялық нысанға айналған капитализм дәуірін кешті. Мысалы, бос мектептер, тұрғын үйлер сауда орталықтарға, бизнес орталықтарға, қонақ үйлерге айналатын. Алматының әкімдігінде адамдардың қолы жетпейтін және бос тұрған әдемі ғимараттар көп. Мен бұл жобаның, біріншіден, инвесторлар үшін қызықты болғанын, коммерциялық тұрғыдан табысты және шығыны өтелетін жоба болғанын қаладым. Екіншіден, мемлекет үшін қызықты болғанын, себебі бұл цифрлы Қазақстан, IT-саябағы. Үшіншіден, мен жылжымайтын мүлік саласындағы жаңа жоба немесе бизнес-орталық коммерциялық тұрғыдан табысты болуымен қатар әлеуметтік тұрғыдан маңызды бола алатынын көрсеткім келді. Біз коммерциялық жылжымайтын мүлік – бұл тек қонақ үйлер, сауда, бизнес орталықтары, қоймалар ғана емес екенін нарыққа көрсеттік. Бұл театр алаңы, зертхана, қоғамдық қабылдау әкімдігі, әлеуметтік кәсіпкерлердің коворкингтары, фитнес, кітапхана орналасқан көпфункционалды аймақ болуы мүмкін. Инфраструктураның 30 % тұрақты және логистика саласындағы және әлеуметтік жобалары бар серіктестерге, суреттерін көрмеге қоятын орынға қаражаты жоқ суретшілерге – әртүрлі серіктестерге тегін беріледі. Бұл жылжымайтын мүлігі бар, бірақ онымен не істейтіндерін білмей жүрген адамдар үшін үлгі болып табылады.


Қазіргі сәттегі рухтың күйі


Мен әрдайым байсалдымын, себебі менің ойымша мен негізінен дұрыс нәрселер істеп жатырмын және маған уайымдаудың қажеті жоқ. Аллаға сенсең, тағдырдың жазғанынан құтылмайсың және жаман нәрсе болса, бұл – сабақ, ал жақсы нәрсе – алдын-ала берілетін аванс.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.