facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
tarazhub-ty-neg-z-n-salushylary-250-mln-te-gege-it-ortaly-ty-ashu-zh-ne-zhastar-a-k-mektesu-zhayynda
logo
TarazHub-тың негізін салушылары 250 млн теңгеге IT-орталықты ашу және жастарға көмектесу жайында
Технологиялар

14.01.2019

TarazHub-тың негізін салушылары 250 млн теңгеге IT-орталықты ашу және жастарға көмектесу жайында

Талғат Омаров, 27 жаста, туған қаласы — Алматы, Benediximus және TarazHub компаниясының негізін салушы

Нұрсұлтан Темірхан, 25 жаста, туған қаласы — Тараз, Benediximus және TarazHub компаниясының негізін салушы



IT-орталық жайында


Нұрсұлтан. Біз Талғат екеуміз Benediximus және TarazHub компанияның негізін салушыларымыз. Оған дейін біз студенттік кезімізде әртүрлі салада жұмыс істеп, жақсы тәжірибе жинадық.

Нурсултан.jpg

Талғат. IT-орталықты жасап шығару идеясы бізге 2016 жылы келді, бірақ оның негізін Таразда салуды сәл кейінірек шештік. Біз осы қалада бірнеше жобалар бойынша жұмыс істедік және IT саласындағы мамандарды іздедік, бірақ олар аз болып шықты. Сол себепті біз TarazHUB-тың негізін салуды шештік.

Орталықты ашу дайындығы құрылыс жұмыстарының салдарынан ұзақ уақытқа созылды. Біз салынып бітпеген ғимаратты сатып алдық, қалада болмаған әдемі және ерекше жерді салып шығаруды шештік. Ол өзін-өзі айқындайтындай минимализм стилінде болғанын қаладық. Сол себепті материалдар мен жиһазға ақшамызды аяған жоқпыз, көбісін Алматыдан әкедік. Орталығымыздың құнын біз 250 000 000 теңгеге бағалаймыз.


TarazHub дегеніміз не


Нұрсұлтан. TarazHub — бұл инновациялық IT-орталығы, оның басты міндеті – мамандарды дайындау, роботты техника және бағдарламалауға оқыту, стартап-жобаларға қолдау көрсету, Жамбыл облысының ИКТ-инфрақұрылымын дамыту.

Талғат. Біздің IT-орталығымызда бес қабат бар және әрбір деңгейдің өз мәні бар. Астыңғы қабатта фитнес-зал орналасқан, бірінші қабатта – кеңсе бөлмелері, конференц-зал, кофехана, екінші қабатта – сo-working аймағы және стартаперлар мен IT-компанияларға арналған кеңсе бөлмелері, үшінші қабатта – роботты техника, ал төртіншіде – балалар бизнес-инкубаторы және тендерлік бизнеске оқыту.

PHOTO-2019-01-07-14-38-40.jpg

Ашылымның алдында біз шағын жарнаманы іске қостық. Содан кейін бізге жергілікті оқу орындардан өздерінің жобаларын жүзеге асырғысы келетін, бірақ оларды қалай дұрыс жылжыту мен дамытуды білмейтін жас стартап-командалар келді. Біз оларға инвестицияларды табуға көмектесеміз. Сонымен қатар біз жобаларды әзірлеуге және оларды жоспарлауға көмектесеміз.

Бізде роботты техника бойынша екі мұғалім және веб-бағдарламалау бойынша бір мұғалім жұмыс істейді. Бізде Қазастанның үздік мамандары жұмыс істейді. Оған қоса біз жобалардың қаржы және заң тұрғысынан қорғалуы үшін бухгалтер мен заңгерді іздеудеміз.

Біздің мақсатымыз – IT-саласы қызықтыратын адамдарды оқыту. Мәселен, қазірде әрбір мектеп роботты техника үшін ЛЕГО-құралдарын сатып алады десе болады, бірақ көптеген мұғалімдер онымен қалай жұмыс істеу керек екенін білмейді. Сол себепті біз информатика мұғалімдері үшін екі аптаға созылатын күндізгі оқу бойынша роботты техника мектебін ұйымдастыруды қалаймыз. Оқытудан кейін біз EDU Online онлайн-платформасына кіру мүмкіндігін ұсынамыз. Аталмыш платформада роботты техника және 3D-үлгілеу бойынша курстар мен жаттығулар бар. Курстың құны платформаны ұсынуды есептегенде, бір мұғалім үшін 250 000 теңге.

Біздің ең басты ерекшелігіміз – жоба өз қаражатымызға жүзеге асты, біз роботты техника және 3D-үлгілеу бойынша бірегей әдістемеге иеміз, біздің мамандар Қазақстан бойынша үздік болып саналады.


Қала жайында


Талғат. Тараз – әдемі және тыныш қала, осында Алматыға қарағанда қарбалас орын алмайды. Таразда тарихи жерлер көп. Соңғы жыл ішінде қала өзгеріп жаңарды: осында бірнеше жаңа саябақтар, ұзын фонтаны бар аллеяны ашты, Талас өзенінің бойын қайта құрды – қазір сол жерде әдемі.

Осында жоғары жене орта техникалық оқу орындарының көп болуының арқасында жастар көп. Және де бұл орталығымызды осы қалада ашқанымыздың басты себебі болып табылады.

Талгат и Нурсултан.jpeg

Тараз қаласы халық саны бойынша Қазақстанның барлық қалалары арасында алтыншы орында тұр. Біз жобамыздың арқасында Тараз қаласының жастары ойлауын өзгертіп, өздерінің мақсаттарын жүзеге асырады деп үміттенеміз. Осында дарынды жас адамдар көп, бірақ бізге қолдау жетіспейді, IT-технологиялармен қызығатын адамдар да көп. Оған қоса біз TarazHUB-тың жастарға өсіп, табысты болуға мүмкіндік беретін алаң болса екен дейміз.


Жоспарлар жайында


Нұрсұлтан. 2019 жылға біз Жамбыл облысының информатика пәнінің мұғалімдерін роботты техника және 3D-үлгілеу бойынша оқытуды жоспарладық. роботты техника бойынша жарыстар, хакатондар өткіземіз, стартаперлер үшін іс-шаралар ұйымдастырамыз. Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, аймақтың дамуына бағытталған жаңа идеялары бар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсетеміз. Қалада роботты техника өндірісін ашуды жоспарлаймыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.