facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
android-pen-ios-ke-arnal-an-9-aza-standy-zha-a-paydaly-mobil-d-oldanbalar
logo
ANDROID пен IOS-ке арналған 9 Қазақстандық жаңа пайдалы мобильді қолданбалар
Технологиялар

24.10.2017

ANDROID пен IOS-ке арналған 9 Қазақстандық жаңа пайдалы мобильді қолданбалар

Біз сіз үшін 9 отандық қолданбаларды дайындап қойдық, олардың көмегімен сізде арзан әуе билеттерін сатып алуға, Қазақстанның көрікті жерлері жайлы білуге және пәтер таңдап алуға мүмкіндік пайда болады.


Zenge.kz

Платформалар: IOS, Android

Бағасы: тегін


Zenge.kz –Алматы мен Астана қалаларында тамаққа тапсырыс жасау және мейрамханаларда орын брондап қоюға арналған қолданба. Осы мобильді қолданба көмегімен сіз түрлі тағамдарға мейрамхана бағаларымен үйге тапсырыс жасап немесе мейрамханаға келуден бұрын алдын-ала тапсырыс жасай аласыз және әрекеттегі акциялар жайлы біле аласыз. Қолданбада Астана мен Алматының 70-тен астам мекемелерін табуға болады.




Santufei

Платформалар: IOS, Android

Бағасы: тегін


Santufei – бұл арзан әуе билеттерін іздеуге және брондап қоюға арналған қазақстандық сервис. Santufei әлемнің көптеген әуе компанияларына арзан әуе билеттерін табуға,комиссиясыз және қосымша жасырылған жинақсыз 500-ден астам әуе компанияларының әуе билеттерін сатып алуға көмектеседі. Брондап қойылған билетер үшін Visa/MasterCard/Amex банк карталары немесе Qiwi/Kaspi терминалдары арқылы төлеуге болады.




LunchApp

Платформалар: IOS

Бағасы: тегін


Қолданба Алматы қаласының мекемелері ұсынған кешенді түскі астарды,бизнес-ланчтарды,швед үстелдерін табуға көмектеседі. Геопозицияны анықтау арқылы,қолданба ең жақын орналасқан мекемелерді анықтап,олардың тізімін көрсетеді,оларды 360 градустық фотосуреттер арқылы бағалап қарауға болады.




Qazaqstan3D

Платформалар: IOS. Android

Бағасы: тегін


Қолданбада 3D-форматындағы Қазақстанның туристік жерлерінің 100-ден астам модельдері бар. Қолданушы еліміздің көрікті жерлерімен толығымен жете танысып,сол жер жайлы толық ақпаратты көре алады.




Жеті қазына

Платформалар: IOS. Android

Бағасы: тегін


Қолданба қазақ халқының дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын,географисын толығымен қамтып көрсетеді. «Жеті қазына» мобильдік қолданбасы 7 бөлімнен тұрады: «Киелі сандар сыры», «Қазақ халқының жеті аруағы», «Салт.Дәстүр. Әдет.Ғұрып.», «Халық даналығы», «Дана сөзі», «Тайқазан», «Асыл мұра» ,және қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.




QazLatyn

Платформалар: IOS

Бағасы: тегін


Мәтінді латын жазу таңбаларына аударатын конвертер-қолданба. QazLatyn қолданбасы батырылған мәтінді қатесіз бірнеше секундта аударады. Сонымен қоса қолданба offline режимінде қазақ жазуын латын жазу таңбаларына,кириллицаға немесе араб жазу таңбаларына аудара алады.




Tazalyk

Платформалар: IOS. Android

Бағасы: тегін


Қолданба картада Алматының бүкіл қайталама шикізатты қабылдау орындарын табуға мүмкіндік береді. Қабылдау орындары келесі бөлімдерге бөлінеді: «Макулатура», «Пластик», «Электроника», «Шыңы», «Тоқыма».




Flatfy.kz Жаңа құрылыстар

Платформалар: Android

Бағасы: тегін


Flatfy.kz Жаңа құрылыстар – бұл Астананың,Алматының және Қазақстанның басқа қалаларының тұрғын үй кешендірінің тізімдемесі берілген қолданба. Осы жерде сіздің ұнататынызға негізделіп жылжымайтын мүлікті таңдай аласыз. Қазіргі кездегі пәтер сатылатын Қазақстанның тұрғын үй кешендерінің салушыларынан өзекті ақпарат берілген.




EcoCity – тұрмыстық қалдықтарды қабылдайтын орындарды іздеу

Платформалар: Android

Бағасы: тегін


«Экосити» қолданбасы тұрмыстық және өндірістік қалдықтарын қайта өндеу және жою бойынша қабылдау орындарын табуға мүмкіндік береді. Қолданбада қашықтықты бағалауға,қайталама шикізат бағасымен танысуға, Астана,Алматы,Шымкент,Ақтау,Қарағанды,Атырау және Қазақстанның басқа қалаларындағы қалдықтарды жою бағасын білуге болады.




Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.