facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nd-stan-t-r-yndary-ne-sebept-aza-stan-a-k-shkender-zh-ne-aza-tar-men-nd-ster-nes-men-saytyndary-turaly
logo
Үндістан тұрғындары не себепті Қазақстанға көшкендері және қазақтар мен үндістер несімен ұқсайтындары туралы
Таңғажайып Қазақстан

01.06.2018

Үндістан тұрғындары не себепті Қазақстанға көшкендері және қазақтар мен үндістер несімен ұқсайтындары туралы

Rahulkumar Dumdolia, 23 жаста, туған жері — Мумбаи, Астанадағы Медициналық университеттің студенті


24

Қазақстанда екі жыл тұрып жатырмын. Ағам Қарағанды университетін бітіріп, Қазақстан ең жақсы мемлекет екенін айтты. Сол себепті мен Астанаға келіп, медицина университетіне оқуға түстім. Қазір мен оқыту ағылшын тілінде өтетін курста оқимын.

Көшіп келген кезде айтарлықтай қиындықтарым болған жоқ. Бірінші кезде жергілікті тұрғындармен сөйлесу қиынға соқты, сондықтан орыс тілін үйрене бастадым.

Қазақстан мен Үндістанның негізгі ерекшеліктері — ауа райы мен адамдар. Мені қазақстандық қыс таңғалдырды. Үндістанның кейбір аймақтарында қар бар, бірақ Қазақстандағыдай соншалықты көп емес. Оған қоса қыс та қысқа болады.

Мемлекеттеріміздің адамдары тек сырттай ерекшеленеді: Үндістан тұрғындарының тері түсі қараңғы, ал Қазақстандағы адамдар ашықтау. Бірақ екі ел халықтарының мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы ұқсайды. Мұнда жаңадан келген кезде университетке немесе супермаркетке барғанда адасып кететінбіз. Ал жергілікті тұрғындар бізге көмектесіп, дұрыс жолды көрсетіп, сүттің немесе басқа нәрсенің қалай аталатынын түсіндіретін.

WhatsApp Image 2018-05-20 at 10.29.03.jpeg

Астанада Үндістандық адамдар көп. Достарымның көбісі — үндістер, бірақ қазақтар да бар. Олар мені жиі қонаққа шақырып тұрады.

Астанада иесі үндіс болып табылатын Indian Gate мейрамханасына барғанды ұнатамын. Бұл мейрамханада нағыз үндістің тағамдары әзірленеді. Тағы дүкендерге барғанды ұнатамын. Өз университетімді жақсы көремін. Қаладағы ең сүйікті орным — жағалау, онда отбасыммен сөйлесіп, көп уақыт өткіземін. Қыста жағалауға жақын жердегі Coffee Boom-ға жиі барып тұрамын.

Астанаға келіп, бұл қала менің өмірім мен мансабымды өзгертетінін түсіндім. Менің ойымша, Қазақстанға келіп, дұрыс шешім қабылдадым. Маған бұл жер ұнайды. Астана университет бітіргеннен кейін де менің жүрегімде ерекше орынға ие болады.


Гарри Тевани, 39 жаста,туған жері — Аджмер, «Императорлық тігінші» компаниясының директоры


55

Ең бірінші рет Қазақстанға Мәскеуден 2001 жылы келдім. Астанаға көшіп келем деп шештім, себебі бұл болашақтың қаласы, мұнда әрі қарай даму үшін көп мүмкіндіктер бар.

Қазір Астанада ерлер киімін тігумен айналысамын. Адамдар сәнді әрі әдемі киінгенді ұнатады, ал мен оларға тапсырыс бойынша киім тігемін.

Келген бетте Мәскеуден кейін Астана кішкентай қала болды, сол жаға мүлдем болмады, мұндай қалада тұру қиынға соқты. Ал қазір, әрине, Астана өсті, кинотеатрлар, кафелер пайда болды, қала көркейді. Астанада түрлі ас үйлері бар көптеген мейрамханалар ашылды. Менің сүйікті мейрамханам — Indian Gate. Тағы жапон мен итальян ас үйін ұнатамын. Сонымен бірге бесбармақты жақсы көремін, ол маған ұнайды.

556.jpeg

Қазақстан — ол да Азия және маған Азия өкілі ретінде бұл жер өте қолайлы. Қазақстандағы адамдар мейірімді, олармен жұмыс істеген жағымды. Қазақстан мен үндістер — жақсы әрі ашық халықтар. Бұл жерде өзімді үйдегідей сезінемін және бұл керемет.



Даршан Кумар, 23 жаста, туған жері — Джайпур, Раджастан, ҚММУ студенті


96

Қазақстанға 2013 жылы Қарағанды медициналық университетіне түсу үшін көшіп келдім. Бұл университет туралы білгенмін, ғаламтордан оқитынмын, осы жерде оқитын студенттер айтатын. Қазір «жалпы медицина» мамандығының бесінші курсында оқимын. Университетімді жақсы көремін және ол дамып, нағыз маман ретінде өсу үшін медициналық университеттердің ең үздігі деп ойлаймын.

Келген кезде барлығы қызық болды, себебі мұнда адамдар, ауа райы, мәдениет өзгеше. Өмірімде алғаш рет қар көрдім, себебі Үндістанда мен тұрып жатқан аймақта қар болмайды. Сонымен қатар мені университеттегі Қазақстан тарихы қызықтырды.

WhatsApp Image 2018-05-19 at 19.54.07.jpeg

Университетімнің өміріне белсенді ат салысамын, курс пен тобымның ауылнайымын және конференцияларға, концерттерге, іс-шараларға қатысамын. Бос уақытымды кітапханада өткіземін немесе крикет пен волейбол ойнаймын.

Маған бұл жер ұнайды. Осында қалатынымды әлі білмеймін, бұл сұрақты оқуымды бітіргеннен кейін шешемін деп ойлаймын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.