facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
2000-zhyl-y-zhas-sp-r-mder-blokcheyn-biser-rnekteu-zh-ne-aza-sha-k-res-zamanui-zhastar-nemen-aynalysady
logo
2000 жылғы жасөспірімдер. Блокчейн, бисер өрнектеу және қазақша күрес: замануи жастар немен айналысады
Таңғажайып Қазақстан

22.03.2018

2000 жылғы жасөспірімдер. Блокчейн, бисер өрнектеу және қазақша күрес: замануи жастар немен айналысады

Лана Овсянникова, 15 жаста, туған жері — Теміртау


Менің хоббиім — би мен вокал. Он жылдан аса айналысып келемін. Біз жарыстарға барудың арқасында достарымызбен саяхаттаймыз. Мұндай сәттерден кейін міндетті түрде ұмытылмайтын естеліктер қалып, үлкен тәжірибе жинаймыз. Кішкентай кезімізден бастап тәуелсіз болуды және түрлі жағдайларда қалай әрекет етуді үйренеміз. Жарыстардың өзі үлкен күш пен жауапкершілікті талап етеді.

Үлкендердің арасында қазіргі жастардың ғаламтормен әуестігі бар деген стереотип бар. Кейде фильмдер, сериалдар, видеоблогтар көреміз, бірақ көбінесе біз бос уақытымызда көптен көрмеген достарымызбен кездесіп, әңгіме-дүкен құрамыз.

11.jpeg


Елизавета Кон, 15 жаста, туған жері — Қарағанды


Мен музыка тындағанды ұнатамын. Бос уақытым болып қалса, бірден құлаққалқанды шығарамын. Менің ойымша, барлық жастар солай істейді.

22.jpeg

Сондай-ақ, қосымша сабаққа барудың орнына пікірсайыс клубтарына баруды ұнатамын.

Мен көп уақытымды телефонда өткіземін: «2048», Hungry shark, Clash of clans ойындарын ойнаймын, достарыммен хат алмасамын, әлеуметтік желілерде отырамын. Бірақ пайдалы іспен де айналысамын. C++ кодтар жазамын, отбасыммен уақыт өткіземін, спортпен шұғылданамын.

Ерсултан Амангельды, 12 жаста, туған жері — Павлодар


Менің хоббиім — күрес. Үш жыл бұрын қазақша күреске жазылғанмын. Жаттығулар жиі болып тұрады. Кейде жаттығулар күнде болатын кездер болады. Жарыстар да жиі өткізіледі. Мен көптеген сайыстарда жеңіске жеткенмін. Қазіргі таңда мен облыстың екідүркін чемпионымын.

33.jpeg

44.jpeg

Мен компьютер ойындарын жақсы көрмеймін. Одан да далада достарыммен серуендегенді ұнатамын. Бірақ YouTube желісінде түрлі видеоларды көремін. Көбінесе танымдық видеоларды көруді жақсы көремін.


Ерназар Жургенбеков, 15 жаста, туған жері — Қарағанды


Маған YouTube желісінде кино, видеоблог туралы каналдарды көрген ұнайды. Мысалы, Ларинаның немесе Соколовскийдің каналын.

55.jpeg

Маған DC комикстар фэнтези және фантастика жанрындағы кіаптар ұнайды. Әлеуметтік желілерде ғылыми және тарихи контентті оқығанды жақсы көремін. Сонымен қатар мені The Venus Project қызықтырады. Бұл бейбіт және тұрақты дамып келе жатқан жаһандық өркениетке қол жеткізуге және шешім қабылдаудың ғылыми әдісін қолдануға бағытталған жоба.

66.jpeg

Сондай-ақ тренажер залында жаттығамын, егер уақытым болса, аптасына үш рет барамын.


Екатерина Федотова, 15 жаста, туған жері — Темиртау

77.jpeg

Бос уақытым аса көп емес, бірақ ғаламторда көп отырғанда, жалығып кетемін. Коньки теуіп, хоккей ойынын көрген ұнайды. Волейбол ойнағанды жақсы көремін. Бір кездері кәсіби айналысқым келген еді, бірақ батылым жетпеді. Волейбол мен коньки физикалық тұрғыдан денсаулығыма пайдалы болғандықтан ұнайды. Екі жыл бұрын бисермен өрнектеу курсына барғанмын. Ол курста тек бисердан ғана емес, моншақтардан да түрлі бұйымдар жасайды. Мен көбінесе моншақтан жасаймын.

88.jpeg

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.