facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
ironman-bol-ysy-kelgen-adamdar-a-arnal-an-8-k-tap
logo
Ironman болғысы келген адамдарға арналған 8 кітап

20.11.2017

Ironman болғысы келген адамдарға арналған 8 кітап

Марат Жыланбаев, 53 жас, Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы, жаттықтырушы, кәсіпкер


Спорт туралы жазылған бүкіл кітаптар ынталысты тудырады. Бүкіл адамдардың бір мәселесі бар: олар алдына мақсат қояды, бірақ бұл мақсатқа жете алмайды. Әр адамда екі «мен» бар. Біреуі: «Істеу керек» деп айтса, екіншісі: «Жата бер, дем ал, ұйықтап ал» дейді. Яғни, бұл жалқаулық. Және сіз жалқаулықты жеңу керектігін,сізге бірдене жеткіліксіз болғанын сезгенде, кітап оқып, ынталыс алу керек.

Жігерлілік, шыдамдылық, жеңімпаз мінезі, тәртіп – осы қасиеттердің барлығы тритлоншыда болу керек. Жүгіру – бұл триатлонның негізгі бөлігі. Жүгіруде үлкен шыдамдық дамиды. Жаттығу кезінде сіз «темір» адам бола бастайсыз. Сондықтан, дұрыс жаттығу үшін, тениканы зерттеу керек, көбірек кітап оқу керек. Көп ақпарат басынызда қалып қояды. Кітаптар көп, және олардың барлығы әр түрлі, адамдар да әр түрлі. Біреуге техника сай болып келсе, біреуге келмейді. Оны бүкілі түрлі қабылдайды. Мен көп кітап оқып шықтым, және олардың барлығы өзінше ерекше. Мен триатлоншыға және марафоншыға арналған бес негізгі кітапты ұсынамын.


Тез және жарақатсыз жүгір

Авторы: Гордон Пири


Гордон Пири өзінің спорттық тәжірибесінің негізінде жүгірушілер дайындығының және жаттығуларының негізгі аспектілері жайлы баяндайды. Ол техникалық дайындық пен жаттығулық бағдарламаларды құру бойынша жақсы кеңестер береді. Кітап жарақаттар болмау үшін, жүгірудің техникасын ұғу үшін арналған. Себебі спорт ең біріншіден денсаулыққа жарақаттар емес, пайда әкелу керек.


Дұрыс тамақтан, тез жүгір. Астам марафоншы өмірінің ережелері

Авторлар: Скотт Джурек және Стив Фридман


Бұл кітап – әсерлі автобиография, астам марафоншының өмірі жайлы еліктіргіш, оның балалық шағынан бастап қазіргі кезге дейінгі баяндама.

Бұл кітапта кәсіпқой тамақтану, жүгіру техникасы және алыс және тым алыс қашықтыққа арналған жаттығуларды ұйымдастыру бойынша кеңестерімен бөліседі. Скотт өзі – веган, тек табиғи, өсімдіктен алынған өнімдермен тамақтанады. Рухтандыратын және ынталандыратын кітап.


Джим Райан – Уичитодан шыққан рекордшы

Авторы: Корднер Нельсон


Бұл кітапта Джим Райанның әсерлі баяндамасы жазылған, жүгіру – жастарға арналмаған деп саналса да, дегенмен ол 18 жасында әлемдік рекордшы бола алды.

Оның өмірінде көп сәтсідіктер болды. Бірақ, осыған қарамастан, ол шыдамдыққа жүгіру тарихында мәңгіге әлемдік рекордшы болған жас жігіт болып қалады.

Кітапта спортшыға пайдалы болатын көп сандар берілген. Кітаптің негізгі мәні – әр адам алдына мақсатын қойып,барынша мүмкіндіктерді қолданып бұл мақсат бағытында қозғалу керек.


Лидьярдпен бірге жүгіру

Авторлар: Артур Лидьярд және Гарт Гилмор


Бұл кітап спорттық құрылысты сақтағысы келген және кез-келген жаста сау болғысы келген адамдарға арналған. Көбінесе баяу жүгіру философисы туралы, бұл жүгіру түрі қалай денсаулықты сақтауға көмектесетіні жайлы айтылады. Автор әдісінде физикалық мүмкіндіктер мен ағзаның қорлары жайлы қолжетімді баяндайды.


Сіздің алғашқы марафоныныз. Қалайша финишқа күлімсіреп жетуге болады

Авторлар: Грете Вайтц және Глория Авербух


Бұл анағұрлым заманауи кітап. Енді бастаған әуесқой-жүгірушіге арналған. Бұл кітапта марафонға физикалық және психологиялық дайындық жайлы, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидалары жайлы, жабдықтауды дұрыс таңдау, күштік жаттығулар мен созылуға арналған жаттығулар жайлы айтылады. Автор жиі нақ бұрын жүгірмеген, алдына марафонды жүгіруге мақсатын қойған адамдарға арналған.




Олжас Аязбаев, 26 жас, туған қаласы – Қарағанды, BI Group даму бөлімінің басшысы


Мен жүгіру туралы айтқанда, не туралы айтамын

Авторы: Харуки Мураками


Бұл кітап - танымал жапон жазушысының оның жүгірумен әуестенуі жайлы қызықты баяндама. Адамның жүгіру кезіндегі ойлары туралы оқу өте қызықты, себебі жиі менде де жүгіру кезінде көптеген түрлі ойлар туады. Жеке мен бұл кітаптан кейін кез‑келген жарыстарда жүгіру кезінде басымнан шықпаған және оны тура қолданған бір сөйлемді есімде қалдырдым: «Сонымен мен қадамнан өтпедім...». Көп жағдайда енді бастаған тритлоншы алғашқы жаттығуларын жүгіруден бастайды, сондықтан бұл кітап триатлондағы алғашқы қадам үшін тамаша ынталыс болады.


Біз осында жеңу үшін келдік: бизнес пен спорттағы жетекшілік туралы баяндамалар

Авторы: Дмитрий Соколов


Кәсіпкерлердің спорттағы жетістіктері жайлы еліктіретін және ынталандыратын 7 баяндама. Шетелдік әдебиетке қарағанда, бұл кітаптың кейіпкерлері – ТМД елдерінен шыққандар, бұл сіз қойған мақсаттарды олардың жетістіктерімен анағұрлым жақын салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл кітап триатлон – бұл тәртіп пен айқын тайм-менеджмент екенін көрсетед і,себебі бұл кітаптың кейіпкері ірі компанияларды басқара отырып, ондаған, жүздеген,тіпті мыңдаған километрді жүзуге, жүргізуге, жүруге уақыт таба алады.


Біз осында жеңі үшін келдік

Авторы: Крис Маккормак

Бұл аңызға айналған австралиялық триатлетшінің жеке өмірбаяны. Бұл баяндама шарықтаулар мен құлаулар, рухтың күші, өзімен жұмыс және қайраттылық туралы. Үлкен триатлон немесе оны басқаша айтатындай ,Ironman не екенін егжей-тегжейіне дейін сипаттайды. Бұл спортпен айналысудан бастағаннан бұрын бұл кітапты оқуға міндеттісіз, себебі сізді көп ынталыс және триатлон жайлы көптеген пайдалы анықтамалық ақпарат күтеді.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.