facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
nikon-fotomekteb-end-astanada
logo
Nikon фотомектебі енді Астанада

13.03.2017

Nikon фотомектебі енді Астанада

Nikon фотомектебі енді Астанада


Зарина Плотникова

29 жаста, туған қаласы — Алматы, маркетинг маманы


Nikon School — фотобрендіміздің баламасы жоқ керемет білім беретін жобасы. Фотомектебіміз 30 жылдан бері Nikon өкілдігі бар әлемнің барлық елінде жұмыс істеп келеді.


Nikon Қазақстанда 2012 жылдан бастап таныстырылды. Алғашқы фотомектебімізді 2015 жылдың мамырында Алматыда аштық, жақсы пікірлер мен сұрақтар: «Неге бәрі Алматыда? Осындай фотомектептің Астанада ашылғанын қалаймыз». Сондықтан, бас қалада да ашылуымыз керек деп шештік.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Фотомектептің ресми ашылуына 100-ден аса адам келді.


Nikon School бұл — фотосуретті жақсы көретіндердің мектебі. Бізде үш деңгей бар.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Біріншісі — айналы камераны жаңадан сатып алған, алайда оны қолдана алмайтын бастауыштарға арналға. Бұл курста біз фотоаппараттың баптаулары туралы айтып, теория мен практиканы береміз.


Екінші деңгей — әуесқой деңгей, ол ары қарай тереңдетуге арналған. Ол композиция, жарық пен студиялық түсірілім бойынша курстан тұрады.


Үшінші деңгейде оқушыларымыз түсірілімнің түрлі жанрына терең бойлайды: портреттік, заттық немесе репортаждық.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Әр курс қайсысынан бастап оқыса да, ыңғайлы әрі түсінікті етіп жасалған.


Біз коммерциялық фотографтарды тәрбиелеуді мақсат тұтпаймыз. Біздің міндетіміз — адамдардың әдемі фотосуреттерге деген сүйіспеншілігін ояту. Біздің фотомектебімізде брендтермен шектеліп қана қоймаймыз, бізге Nikon, Canon, Sony фотоаппараттары және басқа да фотоаппараттары бар адамдар келе алады. Бастысы, фотоаппараттың қолмен бапталатын үмкіндігі болса, жеткілікті.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Nikon міндеті — фотосуреттерді сүйіп, жақсы көретін фотограф-энтузиасттерді дамыту және қолдау. Nikon өз фотоаппараттарын дәл осындай адамдар үшін жасайды.


Біздің өкілдеріміз — кәсіпқой фотографтар. Әр қалада жергілікті мамандар бар. Астанада бізде Максим Рожин, Турар Казангапов, Никита Жарков пен Айбек Аханов сабақ береді.


Бізде сабақ берудің халықаралық бағдарламасы бар, біз оны сабақтың негізі ретінде пайдаланамыз, алайда әрқашан оқытушыларға өз авторлығын кірістіруге рұқсат етеміз.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Nikon фотомектебі енді Астанада


Nikon фотомектебі енді Астанада


Nikon School артықшылықтары:


1. Біздің мектебіміз халықаралық және курс аяқталғанда біз ағылшын және орыс тілдеріндегі ресми сертификаттар береміз.

2. Біз әрдайым оқушыларымызбен байланыста боламыз. Курсты аяқтаған соң жыл бойы әр оқушымызға фотосурет бойынша тегін кеңес береміз.

3. Бізде оқушыларымызға келешекте өз қызметтеріне 25% жеңілдік беретін серіктес фотостудиялар бар.

4. Біздің қазіргі және бұрынғы оқушыларымыз Nikon фотомектебінің шеберлік сыныптарына тегін қатыса алады.

5. Бізде барлық оқушылар қолдана алатын фототехниканың өз негізі бар.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Пенсионеров и детей из детских домов Nikon будет обучать бесплатно. Нам важно показать людям возможности, которые пред ними открывает фотоискусство.


Для пенсионеров мы ходим создать досуг-хобби, которым может заниматься человек на пенсии.


Nikon фотомектебі енді Астанада


Ал балалар үйінің балаларына фотосурет туралы көбірек айтқымыз келеді, кейбіреулерінің болашақ мамандығы да болуы мүмкін ғой.


Толығырақ мәлімет алғыңыз келсе немесе курсқа жазылу үшін мына нөмірге хабарласа аласыз: 8 701 530 26 66.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.