facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zheke-k-s-pker-restorator-zh-ne-d-r-ger-ne-sebept-zbekstannan-aza-stan-a-k-shkender-turaly
logo
Жеке кәсіпкер, ресторатор және дәрігер не себепті Өзбекстаннан Қазақстанға көшкендері туралы
Өмір сүру стилі

19.05.2018

Жеке кәсіпкер, ресторатор және дәрігер не себепті Өзбекстаннан Қазақстанға көшкендері туралы

Фарход Норбаев, 31 жаста, туған жері — Ташкент, жеке кәсіпкер


Қазақстанға 2012 жылы көштім. Жалпы бұл жерде өмір сүрген ұнайды, әрине түтінді тұманды есептемегенде. Алматыға оның тұрғындарының арқасында ғашық болдым. Маған бірге тұрып жатқан адамдардың әртүрлілігі мен мәдениеті ұнайды.

WhatsApp Image 2018-05-09 at 01.48.57.jpeg

Алматыда адамдар өздерін еркін ұстайды, ойлау еркіндігі сезіледі. Ташкентте түрған кезде адамдар тұйық, консервативті болатын. Бірақ қазір ол жерде барлығы жақсы жаққа өзгеріп жатыр және ол жайт мені қуантады. Менің ойымша, Алматы — бұл жаңартылған Ташкент.

Біздің халықтарымызда ортақ салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар бар, мысалы, үлкендерге деген қарым-қатынас, бір-біріне деген көмек. Дегенмен, біз Орталық Азиямыз және бізде діліміз шығысша.

Менің ойымша, Алматы — бұл жаңартылған Ташкент


Өзбекстанда өстім, ал Өзбекстанда өсетін барлық адамдар бала кезінен тәтті тағамдарды жейді. Сондықтан, маған Алматыда тұру сәл қиындау, себебі бұл жерде тағамға жай ғана тамақ ретінде қарайды. Бірақ адам бәріне үйренеді, мүмкін мен де үйренген шығармын — өзіме тамақ дайындаймын, мейрамханаларға барамын. Бірақ өзбектің мейрамханаларына бармауға тырысамын, себебі ол жерде мені не күтіп тұрғанын білемін. Өзбек ас үйі дәмнің қаныққандығымен ерекшеленеді: майлылығы жоғары, дәмдеуіштер көп. Бұл ас үй тек Өзбекстанды бағындыра алады деп ойлаймын.

Жоспарларым көп. Алматыны әлі тұрақты тұратын қала ретінде қарастырмаймын. Мен оқып, жұмыс істеп, кәсіби мағынада өскім келеді, мүмкін, бірнеше жылдан кейін басқа мемлекетке көшіп кетемін.




Дмитрий Ахунов, 38 жаста, туған жері — Ташкент, Akhunov Group мейрамханалық компанияның иесі


Қазақстанға 2002 жылдың 13 қаңтарында көшіп келдім. Ол кезде түнгі клубтармен айналысатынмын және мені «ЛиДо» клубына шақырды. Ол сол уақытта енді ашылған еді және Иманова көшесінде орналасатын. Бұл жерге кейбір уақытқа, яғни мәңгі қалуды жоспарламай келдім, бірақ факттар бойынша бұл уақыт көп мерзімге созылып кетті.

2

Сол сәтте маған ташкенттік ауа-райы, ыстық пен күн онша ұнамайтын. Ал астаналық ауа-райы маған дәл келді. Аяздар мен қар — бұлар маған қуаныш әкелетін. Мен үшін осындай жағдайларда тұру толығымен қолайлы болды. Бірақ, мүмкін жас артқан сайын бәрі өзгереді — енді мені күнге тартады.

Астанамен мені ең жарқын эмоциялар мен естеліктер байланыстырады


Ташкентте өсіп, сол жерде 20 жыл тұрғаныма қарамастан, Астанамен мені ең жарқын эмоциялар мен естеліктер байланыстырады. Ташкент Астана секілді жағымды сағынышты тудырмайды. Мүмкін, бұл Астанаға 21 жасымда, өсіп, тұрақтанған шағымда көшкендіктен шығар.

Ташкенттің тұрғындары ашық, қарым-қатынасқа жақсырақ, ал Астана — іскер қала, бұл белгілі мінез-құлық мәнерлеріне және адамдардың ділдеріне әсер етеді. Астаналықтар мен ташкенттіктер үшін ортақ деп шығыс қонақжайлығын санаймын.

Мәскеуде негізделетініме қарамастан мен үшін басты нарық— бұл Қазақстан. Келесі жылы қалада тағы беске жуық жоба ашуды жоспарлап жатырмыз. Астанада, Шымкентте, Ақтөбеде немесе Атырауда ашылу жоспарымызда бар. Қазір Астанада екі жоба және Шымкенттегі бір жоба бойынша жұмыс жасап жатырмыз. Сол себепті, осы жылы бірнеше мейрамхана ашамыз деп ойлаймын. Ал келесі жылы тағы екеуін, мүмкін үшеуін ашармыз.




Арман Алиев, 36 жаста, туған жері — Алматы, Атырау облыстық ауруханасында эндоскопия бөлімінің меңгерушісі


1982 жылы Саратов қаласындағы әскери отбасыда дүниеге келдім. Ресей бойынша көп қоныс аудардық, ал 1992 жылы Ташкентке қайтып оралдық. Ол жерде ең бірінші Ташкент мемлекеттік медициналық университетіне оқуға түстім.

pp.jpg

Өзбекстаннан Қазақстанға 2003 жылы көштім. Туған қалам деп Алматыны атаймын, себебі бұл жерде 12 жыл тұрдым және бұл жаныма ең жақын қала.

Ерекше өзгешеліктерді атап айта алмаймын. Екі жердің де халықтары мейірімді, қонақжай. Қазақстанда медицинаға, менің салама ақша көп бөлінеді. Өзбекстандағы медицина жағдайы туралы айта алмаймын, себебі ол жерде көп уақыт бойы болмадым. Бірақ біз Өзбекстаннан келген дәрігерлермен халықаралық конференцияларда кездесіп тұрамыз, олардың арасында ақылды адамдар мен жақсы мамандар бар.

Туған қалам деп Алматыны атаймын, себебі бұл жерде 12 жыл тұрдым және бұл жаныма ең жақын қала


Алматыға көшкенде бәрінен де аса ұнаған нәрсе — таулар. Және бұл жерде мүмкіндіктер көп. Қазақстанда өз мансабымды құрдым.

Алғашқы екі айда, акклиматизация өткен кезде атмосфералық қысымның өзгешелігіне байланысты басауруын сезіндім. Тағы тамақта сәл дәмдеуіштер жетіспеді. Өзбекстаннан келген аспазшылармен сөйлестім, олар бірдей тағам дайындайтындарын айтты, бірақ басқаша болып шығады, себебі өзбек ас үйі әртүрлі.

Жоспарымда даму, өркендеу, өзіммен жұмыс жасау бар. Қазір Саеулге оқуға барғалы жатырмын.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.