facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhan-zha-tan-kelgenderd-g-meler-marat-shaken-astanada-y-m-r-s-rud-de-gey-almaty-a-ara-anda-lde-ayda-zho-ary-eken-zhayynda
logo
«Жан-жақтан келгендердің әңгімелері». Марат Шакен Астанадағы өмір сүрудің деңгейі Алматыға қарағанда әлдеқайда жоғары екені жайында
Өмір сүру стилі

08.03.2019

«Жан-жақтан келгендердің әңгімелері». Марат Шакен Астанадағы өмір сүрудің деңгейі Алматыға қарағанда әлдеқайда жоғары екені жайында

Марат Шакен, туған қаласы — Көкшетау, Astana Hub-тың бас редакторы, The Tech telegram каналының авторы

DSC_0454.jpg


Көкшетау — Астана — Алматы — Астана


Мен Көкшетау қаласында тудым. 16 жасымда мектепті бітірдім және ата-анам менің алысқа барып оқығанымды қаламады. Сол себепті мен Астананы таңдадым.

Сол кезде қаржыгер, заңгер, экономист сияқты мамандықтарға түсу сәнге айналғанымен, мен техникалық мамандық бойынша Еуразиялық ұлттық университетке түстім. Әкем инженер болғандықтан, техникалық бағытта жетілуді қаладым. Университетті бітіргесін, мен Алматыға көшіп кеттім және сол жерде тоғыз жылдай тұрдым.

Астана – прогрессивті қала, Алматыдағы көптеген достарым ақырындап осында көшіп келіп жатыр

Сол уақыт аралығында маған Астанағы жұмыс бойынша әртүрлі ұсыныстар түсетін, бірақ мен келіскен жоқпын, себебі жергілікті климаттың қандай екені есімде болды. Бірақ өткен жылы мені Astana Hub-қа жұмыс істеуге шақырды. Бұл ауқымды, әрі қызықты жоба еді және мен көшіп келуді шештім. Астана – прогрессивті қала, Алматыдағы көптеген достарым ақырындап осында көшіп келіп жатыр. Осында кездесіп, араласуға болатын шағын орта да қалыптасты.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Менің алғаш рет Астанаға келуім 1999 және 2000 жылдары болды. Мен мектеп оқушысы едім және ата-анам бізге жаңа елорданы көрсетуге ниеттенді. Сол жағалауда «Бәйтерек» Шұбары ауданы және Қабанбай батыр көшесінде сары үйлердің болғаны нақты есімде сақталып қалды. Сонымен қатар «Астана – жаңа экономикалық аймақ» деген плакаттар болатын. Ақорда мен Министрлер үйі сол кезде салынып жатты. Қала осылайша есімде қалды, ал Астанаға дейін электричкамен болған саяхаттың өзі қызықты болып көрінді.

DSC_0460.jpg

Алматыдан кейін Астанаға көшіп келудің шешімі қиынға соқты, себебі отбасымды – әйелім мен кішкентай баламды көшіріп әкелу қажет болды. Әйелім көпке дейін күмәндәнді. Бірақ біз көшіп келген кезде, осындағы өмір сүрудің деңгейі Алматыға қарағанда әлдеқайда жоғары екенін айтты.

Біз Алматыда 80-жылдары салынған үйлерде тұруға үйреніп қалдық. Бұндай үйлерде лифттер мен пандустар бола бермейді. Ал Астананың сол жағалауындағы үйлердің барлығы жайлы жабдықталған. Бесік арбамен көтеріліп, түсуге, аулада серуендеуге болады. Астанада аулалардың басым бөлігі балаларға арналған ыңғайлы алаңдармен, жаттығу жабдықтарымен жабдықталған. Тұрғындарға арналған осындай ыңғайлылық еліктіреді. Алматыда бұл енді пайда болып жатыр.

Ақырындап климатқа дағдылану үшін, біз әдейілеп сәуір айында көштік. Астанадағы жаз мінсіз болып табылады және біз бір рет қыстап шықтық. Көлік қатып қалмау үшін, әрбір екі сағат от алдыру мәселесі үйреншіксіз болды. Және де мен күртке мен бас киімдерден біраз жалықтым. Менде Алматыда ешқашан жылы бас киімім болған емес, ал Астанада мен бірден күләпарасы бар ұзын күрте мен бас киімді сатып алдым.

Қалған жағдайларда барлығы жақсы болды. Пәтерді тауып беруге танысым көмектесті. Барлық қажетті заттарды бір көлікпен алып келдім. Ал әйелім баламен ұшақпен ұшып келді.


Астана жайында


EXPO кезінде мен Астанаға турист ретінде келгенмін. Сол кезде маған қала өзінің жаңа ғимараттарымен, жолдарымен ұнаған болатын. Алматыдан кейін бұл бос кеңістігі көп болған жаңа қала еді. Көптеген адамдар Астанада бос жерлер тым аз, адамдар да аз деп санайды. Бірақ менің ойымша халықтың топтанып жүрмеуі, асықпай серуендеуге болатыны жақсы.

DSC_0469.jpg

Мен кеткен уақыттан бері оң жағалауда ештеңе өзгермегені таң қалдырады. Оған қоса қалада оң жағалау мен сол жағалаудың арасындағы орталық көпірлердің саны өзгерген жоқ. Алайда бұл қаланың екі жағын байланыстыратын басты нәрсе.

Астананың басты артықшылығы – қаланың бар зейінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретінінде

Астананың басты артықшылығы – қаланың бар зейінмен жұмыс істеуге мүмкіндік беретінінде. Осында Алматыда сияқты күн сайын бір жерге шығуды іс-шараларға, театрларға, көрмелерге, мұражайлар мен концерттерге баруды қажет ететін көптеген алаңдатпа факторлары жоқ. Астанада сен нақты бір нәтижеге жетуге талпынасың. Осында жұмысқа берілген адамдар өмір сүреді. Оған қоса қазіргі кезде елордада жастар көп сияқты.

Жұмысы жайында


Мен Astana Hub-та басты редактор болып істеймін, мәтіндік жұмыспен айналысамын, біздің ресми сайтымызға және әлеуметтік желілерге шығатын материалдарды өңдеймін.

DSC_0472.jpg

Мені Astana Hub-қа Мағжан Мәдиев шақырды. Сол себепті мені команда еліктірді. Олардың қаншалықты өз істеріне, идеяларына берілгенін көрдім. Көшіп келгенге дейін, мен қашықтықта жұмыс істедім және сол кезде ғимараттың болмағанына қарамастан, жастардың қалай жұмыс істеп жүргенін, келешек хаб үшін презентациялар дайындап жүргенін бақыладым.

Маған Astana Hub-тың тұжырымдамасы – мемлекеттің жастарға және олардың IT саласындағы жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні ұнады. Бұл бір жағынан әлеуметтік жоба – ол жұмыс орындардың болуын қамтамасыз етеді. Жас балалар өздерінің жобаларын жүзеге асыра алады, осында келіп, жұмыс істеп, өздерінің жобаларын дамытып, оқи алады және ниеттес адамдармен араласу мүмкіндігіне ие болады. Менің студенттік кезімде осындай жағдайлар болған жоқ. Сол себепті hub – жастардың даму құралдарының бірі.

Бос уақытымда мен өз жобаммен айналысамын – бұл өзім үшін ашқан телеграм-каналым. Сол жерде мен әлемдегі жағдайлардан хабардар болуды, сонымен қатар өз уақыттарын үнемеуді қалайтын адамдар үшін IT-стартаптар жайында шағын ақпараттар жазамын.


Қала қалай ықпал етті


DSC_0451.jpg

Әлеуметтік жобалар мені моральды және рухани тұрғыдан қоректендіреді, Astana hub-тағы жұмыс маған осындай әлеуметтік жүктеме береді.

Хабта менен жеті-сегіз жасқа кіші және нағыз керемет нәрселер жасайтын белсенді жастар баршылық. Сен оларға қарап, Қазақстанның болашағы жарқын екенін түсінесің. Әрдайым дарынды жастардың ортасында жүрген кезде, олар сияқты ойлай бастайсың және біраз нәрселерге белсенді түрде араласасың. Бұл жігерлендіреді. Сол себепті Астанадағы өмір жаңа жобалар мен ойларға шабыттандырады.

Мен интровертпін және Алматыда кейбір кезде мәдени өмірдің ортасында табылып жүру ыңғайсыз болатын. Сол себепті маған Астанада өмір сүру ыңғайлы. Кейбір кезде әлеуметтік өмір жалықтырады және қазірде мен өз ойларымды жүйеге келтіре аламын.




Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.