facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zha-a-aza-tar-zha-sy-kompaniya-a-zh-mys-a-ornalasu-sh-n-tanysty-azhet-zho
logo
«Жаңа қазақтар»: «Жақсы компанияға жұмысқа орналасу үшін таныстың қажеті жоқ»
Өмір сүру стилі

19.08.2018

«Жаңа қазақтар»: «Жақсы компанияға жұмысқа орналасу үшін таныстың қажеті жоқ»

Алия Каюпова, 29 жаста, туған жері — Кентау, Cellwize wireless technology компаниясында сапа бойынша инженер



Өзі туралы



Кішкентай қалада өстім, анам мектепте мұғалім болып істеді, ал әкем — инженер. Анам сабақ оқуымызды талап етіп, үй шаруаларымен ауырпалық жасаған жоқ. Осылайша ол сабақ пен дамуға қызығушылығымызды оятты. Жетінші сыныпта «Дарын» мектебіне түстім, өйткені математика пәнінен жақсы көрсеткіштерім болды. Сабағымды жақсы оқып, мектептен кейін Алматыға «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығына оқуға түстім. Менде есептеу техника бойынша білімдерім болған жоқ, бірақ математикалық қабілеттерім оқу бағдарламасын меңгеруге көмектесті. Оқу қиын болды, себебі төртінші курсқа дейін біз жоғары математика, физика және компьютерлік технологияларды оқыдық. Институттан кейін Sanyong компаниясына жұмысқа орналастым. Біз Азиаданың техникалық қамтамасыз етілуімен айналысып, жарыстарда уақытты бақылаумен айналысатын швейцариялық Swiss Timing компаниясымен бірге қызмет жасадық. Бұл менің халықаралық ортада ең бірінші тәжірибем болды, маған ағылшын тілін жақсы деңгейде білуім көмектесті.

Жоба аяқталған соң, Ресейлік шағын компанияға жұмысқа орналасып, SQL-де икемдерімді дамыттым. Одан кейін Metro Cash & Carry жұмыс істедім. Metro Cash & Carry басшылығы шетелдіктер, сондықтан маған тағы да ағылшын тілін білідерім көмектесті. Аналитик болып жұмыс істедім, жұмыс қызық болды, себебі басқа мәдениетпен танысып, басқа адамдармен араласа бастадым. Шетелдіктермен жұмыс істеу — рахат, себебі олар сыпайы, түсініктері мол және қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, көмектеседі. Олар қызметкерлеріне қол астындағы адам ретінде емес, дос және серіктес ретінде қарайды. Metro Cash & Carry кейін Philip Morris Kazakhstan компаниясына аналитика және есеп беру бойынша инженер лауазымына жұмысқа орналастым. Онда қызықты адамдар, белсенді әрі жас ұжым болды. Бастысы топта жұмыс істей білу болды, сондықтан бөлімдер бір-біріне қолдау көрсетіп отырды. Кейін біз Астанаға көшіп, мен Cellwize wireless technology компаниясына жұмысқа кірдім. Бас кеңсесі Израильде, Тель-Авив қаласында орналасқан. Компания әлем бойынша телеком-компанияларға қызмет көрсетумен айналысады. Бұл компанияның басшылығы жылы шырайлы, сондай-ақ мұнда әрқашан өзін-өзі жетілдіру қажет. Халықаралық компаниялардың жақсы жағы — қызметкерлерге деген жылы қарым-қатынас.



Лауазымы мен міндеттері туралы



QA-инженер болып жұмыс істеймін және өнімді тестілеймін. Өндірушілер кодты жазады, ал менің міндетім — кодтың дұрыстығын тексеріп, орындалған жұмыстың ерекшелігі мен талаптарының сәйкестігін бақылау. Көмекші, интеграциялық және регрессиялық тесттерді өткіземін.



Икемдер туралы



Cellwize wireless technology жұмысқа орналасуға ағылшын тілі көмектесті, себебі команда ағылшын тілінде. SQL білімдері, Linux бойынша базалық білімдер, кодты оқып білуім мен ақпараттық жүйелер не екені жайлы жалпы білімдер де маған өз көмектерін көрсетті. Жұмыс жеріндегі қарым-қатынастар мен үшін бірінші маңыздылық. Сонымен қатар, маған даму мен өсу мүмкіндігі ұнайды. Басшылықтан бағыт-бағдар алып, өз бетіңмен оқып, дайындалып, тренингтерден өтуге болады.



Стереотиптер туралы



«Жақсы компанияға жұмысқа орналасу үшін таныс қажет». Мен бұл тұжырыммен келіспеймін, өйткені бірінші компанияда жұмыс істеп жүрген жоқпын және әрқашан жұмысқа өзім орналасып, мұндай мәселелер ешқашан туындаған емес. Сондықтан жақсы жерге жұмысқа кіру үшін таныстың керек екеніне сенбеймін.


Салтанат Сарина, 26 жаста, туған жері — Қостанай, «Стратегия 2050» ақпараттық агенттігінде ағылшын нұсқасының шығарушы редакторы



Өзі туралы



Ақпараттық агенттікке аудармашы болып жұмыс істеуге келдім, осы жылы мені жоғарлатты. Шет тілдер факультетін бітіріп, ағылшын тіліне байланысты мамандығым бойынша жұмыс істеп келемін. Жұмысым ұнайды, ешқашан жұмысқа барғым келмейтін жағдайлар болған жоқ. Жұмысқа мерекеге секілді барамын, өйткені ұжымымыз өте тату. Маған шығармашылық адамдармен жұмыс істеген ұнайды. Өзім шығармашыл адаммын, сондықтан компанияда идеялар мен ойларды талқылаған қызықты. Жаңалықтарды жазып, аудара аламын, маңызды халықаралық шараларға барып, осы жайлы ағылшын тілінде материал жазып, өңдеп, сайтқа саламын.



Лауазымы мен міндеттері туралы



Мақалаларға материал жазамын, пресс-релиздерді аяғына дейін жеткізіп, сайтқа жіберер алдын өңдеймін. Менің міндетім — оқырмандарға әдемі материал ұсыну. Бұл жерде журналист және аудармашымын, себебі ағылшын тілінде шаралар сирек өткізіледі. Ағылшын редакциясында тек бір адам жұмыс істейді, сол себепті өзім-өзіме жетекші, редактор және басшымын.

Менің ойымша, жұмысқа орналасу қиын емес. Бұл тек біздің компанияға байланысты емес, барлығы адамның өзіне байланысты. Жұмысқа университеттен кейін, тәжірибесіз орналастым, бірақ бар білімімді және тағы неге қол жеткізе алатынымды көрсеттім. Осы бойынша бес жыл бойы жұмыс істеп, іске асырудамын. Ең бастысы — өзіңе сенімді болып, өз «меніңді», шығармашылығыңды көрсету. Мені қабылдамай қала ма деп алаңдап, қорықтым, өйткені бұл университеттен кейінгі бірінші жұмысым, бірақ мені штатқа қабылдады.



Икемдер туралы



Жұмысқа орналасуға мақсаттылығым көмектесті. Өзіме осы компанияда жұмыс істеймін деп мақсат қойдым және оған қол жеткіздім. Тексеріс, тест және тағылымдамадан өтіп, жұмысқа қабылданғанымды айтпағанша мақсатыма тынбай ұмтылдым.

Ұжымда жұмыс істеу үшін адамдармен тез тіл табыса білу керек. Қоғамда жұмыс істеу үшін қарым-қатынасты ұстап тұру қажет. Және жазған нәрсеңе жауапты болу керексің.



Жұмыста не ұнайтыны туралы



Жұмыста екі нәрсе ұнайды: ұжым және шектеулердің болмауы. Ұжымым жақсы және олармен жұмыс істеу жайлы. БАҚ пен журналистер — шығармашылық тұлғалар және қатаң ережелер мен шеңберлерден тыс жұмыс істеулері қажет. Бізде тек жұмыс шеңберінде жазылатын нәрселер бойынша шектеулер бар, ал қиялдаған кезде кез келген нәрсені таңдап, сол ақпаратты білгенімше жазамын. Маған осы еркіндігім ұнайды, өзімді көрсете аламын.



Стереотиптер туралы



Ешқашан таныссыз жұмысқа орналасу мүмкін емес деп ойлаған емеспін. Таныстарым жоқ, сондықтан әрқашан барлығына өз күшім, жігерім, білімдерім арқылы қол жеткіздім. Қоғамда таныстар көмектесетін жағдайлар бар, бірақ біреудің қолдауымен жүрген адамдар әрқашан өздерін көрсете алмайды.

Аязбек Советбеков, 27 жаста, туған жері — Семей, Henkel команиясының бренд-менеджері



Өзі туралы



Бірінші білімімді КИМЭП-те «бизнес басқару» мамандығы бойынша алдым. Оқумен қатар қабылдау комиссиясында қосымша жұмыс істедім, талапкерлер рекрутингімен айналысып, студент атынан университетке жарнама және презентация жасадым. Осылайша екі жыл бойы жұмыс істеп, маркетингте жұмыс істегім келетінін түсіндім. Университетті бітіргеннен кейін бірден Imperial Tobacco Kazakhstan британдық компанияға орналасып, кейін Samsung Electronics көштім. Кейін Qiwi Kazakhstan ресейлік компанияға жұмысқа орналасып, маркетинг бойынша «Болашақ» халықаралық бағдарламасына оқуға түстім. Ұлыбританияда оқып, маркетинг бойынша магистр дәрежесін алдым, ал Қазақстанға қайтып келгенімде Henkel компаниясына бренд-менеджер болып орналастым.



Лауазым мен міндеттер туралы



Henkel компаниясының Қазақстанда үш бағыты бар: тұрмыстық химия, косметика және желімдегіш материалдар. Бірінші бағытқа LOSK, Persil және Bref жуғыш заттары жатады. Екінші бағыт —Schwarzkopf, Syos, Got to Be, Shauma. Ал үшінші бағытқа «Момент» және «Терасит» желімдері кіреді. Менің міндетіме осы брендтерді Қазақстан, Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдерінде дамыту жатады.



Икемдер туралы



Халықаралық компанияға түсу қиын. Іріктеудің үш кезеңінен өту керек: кадрлар бөлімімен сұхбаттасу, тікелей жетекшімен сұхбаттасу, сол жерде бизнес-кейс пен тестілеуден өттім. Соңғы кезең — компанияның бас директорымен сұхбаттасу.

Жұмысқа орналасуға алдыңғы компаниялардан алған тәжірибем мен білімім көмектесті.



Жұмыста не ұнайтыны туралы



Жұмыста маған құрылған батыс менеджмент пен ұжымдағы достық атмосфера ұнайды. Жұмыс маған қызықты, себебі алдын алынған білімдерімнен басқа, күн сайын жаңа нәрсені үйнеремін, компанияның шетелдік кеңселерінде жұмыс істеген жетекшілерден тәжірибе аламын. Мансаптық өсуімнің келешегін көремін, өйткені ірі халықаралық компаниялар мұндай мүмкіндіктер береді. Қазақстаннан тыс жаққа шығып, тәжірибе жинап, оны еліміздің пайдасына жұмсауға болады.



Стереотиптер туралы



Таныс туралы стереотип бар, бірақ бұл жай ғана стереотип. Халықаралық компанияға жұмысқа орналасуға шынымен де болады. Бұны өз тәжірибем бойынша айтып отырмын, менде Samsung, Imperial Tobacco және Qiwi компанияларында жұмыс істеу тәжірибем бар. Әркімнің осындай жұмысқа орналасудың мүмкіндігі бар. Ол үшін өз алдыңа мақсат қойып, өз күшіңе сенімді болып, алға жүру керек.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.