facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
shetelge-8-14-20-zhyl-b-ryn-k-sh-p-ketken-aza-standy-tardy-o-i-alary
logo
Шетелге 8, 14, 20 жыл бұрын көшіп кеткен қазақстандықтардың оқиғалары
Өмір сүру стилі

25.05.2018

Шетелге 8, 14, 20 жыл бұрын көшіп кеткен қазақстандықтардың оқиғалары

Асем Исакова-Йылмаз, 36 жаста, туған жері— Павлодар, мектепке дейінгі оқыту


Түркияға Павлодар мемлекеттік университетін бітіргеннен кейін 14 жыл бұрын көшіп келдім. Докторантураға степендия алып, осында оқуға келдім. Оқу уақытында болашақ күйеуіммен таныстым, қазір бес жасар баламыз бар.

WhatsApp Image 2018-05-20 at 18.59.25.jpeg

Осында өмір сүруге қалатынымды уақыт өте келе ұғындым. Түркияда тұрып жатқан барлық уақытта менде қазақстандық төлқұжат болды, ал енді Түркия азаматшасы болғаныма тек бір жарым жыл ғана толып отыр. Егер күйеуім Қазақстанға көшем деп шешсе, мүмкін үйге ораламын деп ойладым. Бірақ, бір уақытта осында тұрғаныма 14 жыл болғанын түсіндім, менің балам осы мемлекетте туылды. Мен де мүлдем басқаша болдым, бұрынғы өмір салтына оралу қиын болар еді.

Қазақстанда туыстарым, достарым, сыныптастарым тұрады, олармен әрдайым хат алмасып, қарым-қатынасымызды сақтап тұрамыз. Осындағы құрбыларыма қараған кезде олардың жанында ата-анасы, ағалары, әпкелері болады, маған сол жетіспейді. Бірақ менде отбасым, жақсы достарым, көптеген таныстарым бар. Бұрын Қазақстанға жиі барып тұратынмын, бірақ соңғы үш жылда үйде болған жоқпын, себебі анам маған жиі келіп тұрды.

WhatsApp Image 2018-05-20 at 19.00.04.jpeg

Жақында Стамбулда өз ісімді аштым. Қазірдің өзінде төрт жыл бойы екі тілді балалар орыс тілінде еркін жазып, оқу үшін балаларға арналған дамытулар өткіземін, себебі қазақ тілі түрік тіліне ұқсайды және оны үйрену әлдеқайда жеңіл болады. Ал бұл жылы аналар мен олардың балалары үшін кішігірім кафе аштым. Бұл балалары пайдалы іспен айналысып жатқан уақытта аналары отырып, демалып, кофе іше алатын жер.

Түріктер мәдениет жағынан бізге жақын, олардың көзқарастары мен ділдері ұқсас. Түріктер ашық, балаларды жақсы көреді, жеке сұрақтарды қоюға қорықпайды, ешқашан сыртқы түріне қатысты қобалжымайды. Мен жергілікті нормалар мен дәстүрлерге икемденемін, бірақ қазақ дәстүрлерін де сақтаймын, оларды өз балама дарытуға тырысамын. Мысалы, біз тұсау кесу жасадық, онда күйеуімнің бүкіл туыстары қатысып, барлығына қызығушылықпен қарады.

Қазақстан — менің үйім, Отаным


Қазақстан — менің үйім, Отаным. Іс-шараларға жиналған кезде, әрдайым Қазақстаннан екенімді айтамын. Түркия — менің екінші үйім және баламның Отаны.



Елена Бройтман, туған жері — Алматы, дәрігер


Израильге 1998 жылы алматыдан көшіп келдім, себебі сол жерде өмір сүріп, жұмыс істегім келді. Израильде кәсіби жағынан даму үшін жақсы мүмкіндіктер бар екенін түсіндім, сондықтан медициналық университеттің соңғы курстарында көшуге дайындалдым.

Израильге келген кезде, әрине, барлығы Қазақстанға қарағанда өзгеше болды. Адамдар да, климат та, өмір де ерекшеленді. Бұл екі түрлі мемлекет болды. Адамдардың ділі, салт-дәстүрлері басқа, мүлдем өзгеше мемлекет тарихы бар. Егер кәсіби саланы алып қарасақ, маған да көп нәрсені өзгертуге тура келді, көптеген қалып қолған нәрселердің орнын толықтырдым, себебі Израильде медицина деңгейі өте жоғары, оқытуға деген тәсіл басқаша. Емтихандарды тапсырып, тәжірибе өту үшін көп оқу керек болды. Бұл қиын болды. Менің ойымша, өзге мемлекеттегі кез келген бастама оңайлықпен берілмейді.

Көшкеннен кейін Қазақстанға бір жылдан соң келдім және одан кейін ешқашан келген емеспін


Алайда, барлық айырмашылықтарға қарамастан, Израильде де, Қазақстанда да адамдар өте мейірбан және ақжарқын. Мейірімді адамдар Қазақстан мен Израильді біріктіреді деп ойлаймын.

Көшкеннен кейін Қазақстанға бір жылдан соң келдім және одан кейін ешқашан келген емеспін. Бірақ Қазақстанда әлі де сөйлесетін көптеген достарым, сыныптастарым, курстастарым қалды. Көбісі әлем бойынша түрлі мемлекеттерде тұрады, бірақ бізді бір балалық шақ, жастық шақ, оқу жылдары, мен есте сақтап қалған орындар байланыстырады.



Елена Кель, 26 жаста, туған жері — Қостанай, стильші


Ең бірінші болып Санкт-Петербургке менің үлкен ағам көшіп келді. Оны шығарып салған уақытта оның артынан баратынымды түсіндім. Ағам Петербургтегі университетке оқуға түсуге ұсыныс жасады және 2010 жылы психологқа оқуға түстім. Ал 2012 жылы толығымен көшіп, өзіммен бірге анамды алып кеттім.

е.jpg

Көшкен кезде айтарлықтай қиындықтарды байқаған жоқпын, себебі отбасым мені қолдап отырды. Қиындық туғызған жалғыз нәрсе — азаматтықты алу, түні бойы кезекте тұруға тура келетін кездер де болды.

Питерде сырттай оқуда болдым, сондықтан тағы бір мамандықты оқып алуды шештім. Шаштараз-стильші курстарын өттім, бірақ менде шаш бояуларына аллергия анықталды. Сондықтан Санкт-Петербургте негізгі мамандану шаш үлгілері мен макияж болатындай сұлулық студиясына жұмысқа тұруды шештім. Қазір әлі күнге дейін шаш үлгілері бойынша шебер және визажист болып істеймін.

Қазақстанда туыстарым аз қалды. Сондықтан Қостанайда соңғы рет жігітімнің бастамасы бойынша бірнеше жыл бұрын болдым. Ол менің туған қаламды көргісі келді және оған біздің қонақжайлық ұнады.

б.jpg

Ресейде «Баян Сұлу» кәмпиттері және жержаңғақ вафлилері жетіспейді — олар бала күнімдегі тәттілер. Мысалы, «Рахат» фабрикасының өнімдерін мамандандырылған дүкендерде оңай табуға болады, ал «Баян Сұлуды» табу әлдеқайда қиындау. Тағы біздің отбасымыз «Деп» қоюландырылған сүтінен бас тартпас еді.

Клиенттеріммен сөйлескен уақыттарда Қазақстаннан екенімді жиі айтамын. Адамдар қызығушылық танытады, көбісі сүйсінеді. Адамдарда Қазақстан туралы оң түсініктер болған жағымды. Көбінесе бұл елордамыз Астана мен Қазақстандағы әріптестерімізбен байланысты. Кейбір клиенттерім маған күйеулері Қазақстаннан іссапардан келген кезде «Рахат» шоколадтарын сыйлайды. Сондықтан мен үшін Ресей мен Қазақстан — балалық шақ пен ересек өмірім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.