facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
germaniyada-y-aza-tar-erzhan-bayymbetov-europa-a-k-sh-p-ibm-zh-ne-bmw-korporaciyalarynda-y-zh-mysy-zhayynda
logo
Германиядағы қазақтар. Ержан Байымбетов Еуропаға көшіп, IBM және BMW корпорацияларындағы жұмысы жайында
Өмір сүру стилі

09.01.2019

Германиядағы қазақтар. Ержан Байымбетов Еуропаға көшіп, IBM және BMW корпорацияларындағы жұмысы жайында

Ержан Байымбетов, 31 жаста, туған қаласы — Алматы, инженер-бағдарламашы

photo5301234466976541159.jpg


Қазақстан — Швейцария — Аустрия — Германия


Мен Еуропаға 2010 жылы көшіп кеттім, себебі мені жұмыс істеуге шақырды. Мен Швейцарияға IBM Research Center компаниясында жұмыс істеу келдім. Бұл Цюрихтегі IBM корпорациясының ғылыми-зерттеу орталығы. Одан кейін мен Аустрияда, Линц қаласында оқып, жұмыс істедім.

Көшіп кету үшін мен өзімді жоғары технологиялық корпорациялардағы маман ретінде таныта алатын жерді қарастырдым. Маған Германияда, Мюнхен қаласында ұнады, себебі қазіргі кезде осында ақпараттық технологиялардың серпілісі орын алуда, әрі бұл қауіпсіз қала. Сонымен қатар мен үшін қаланың интернационалды болғаны маңызды. Бұл қалада ірі халықаралық корпорацияладрың болуын білдіреді. Осында көптеген мәдениеттермен таныс және оларға құрметпен қарайтын адамдар өмір сүреді.

Осында көптеген мәдениеттермен таныс және оларға құрметпен қарайтын адамдар өмір сүреді


Сол себепті 2016 жылы мен Мюнхенге көштім. Осында мен BMW компаниясында жұмыс істей бастадым.

Жалпы менің Еуропада тұрып жатқаныма 9 жыл болды.


Алғашқы әсер мен қиындықтар жайында


Мюнхенге келген кезде, мен қаланың үлкен екеніне назар аудардым. Оған қоса осында әртүрлі ұлт өкілдері тұратыны ұнады. Сонымен қатар бұл инфрақұрылымы дамыған, бағалары демократияшыл қала болып табылады.

Алғашқы қиындық – пәтер тауып, жалдау. Мюнхенде пәтерге қарағанда жұмыс табу оңайырақ. Осында пәтерді үш айдан бастап алты ай уақытқа дейін іздейді.

Бюрократияға қатысты бір мәселе бар. Сіз қалаға енді келгенде, көп құжаттарды рәсімдеу керек, оған біраз уақыт кетеді. Бірақ сіз барлығын дайындап болсаңыз рәсімделу тез және ыңғайлы түрде болады.

Сонымен қатар көптеген адамдардың алдында тілдік кедергі мәселесі тұрады. Себебі Мюнхенде барлық құжат айналымы неміс тілінде жүргізіледі. Сол себепті неміс тілін алдын-ала оқып білу жөн. Оған қоса көмек сұрасаңыз сізге әрдайым көмектеседі. Өйткені осында барлық адамдар ашық және барлығы дерлік ағылшын тілін біледі.


Германияда өмір сүрудің ерекшеліктері


photo5301234466976541155.jpg


Германияда шамамен 80 000 000 адам тұрады. Бұл мемлекет – экномониканың дамуы бойынша Еуропадағы № 1 мемлекет. Германия қарқынды түрде дамып жатыр, осында технологиялар саласы бойынша көп корпорациялар орналасқан.

Мен өмір сүрген елдер әлеуметтік салаға бағытталған. Швейцария, Аустрия, Германия азаматтарға көптеген әлеуметтік пакеттерді ұсынады – жүктілік кезінде, жұмыссыз жүргендерге және тағы басқалары. Германияда мемлекет тұрхындарды сақтандыру мәселесіне белсенді түрде қатысады.

Германия қарқынды түрде дамып жатыр, осында технологиялар саласы бойынша көп корпорациялар орналасқан


Германияда адамдар арасында сенімнің жоғары дәрежесі сақталған. Дүкенге келген кезде, дәл есіктің алдында жемістер ашық жатады. Метрода турникеттер жоқ, себебі адамдар егер сіз бір қызмет көрсетуді пайдаласаңыз, ол үшін ақша төлейсіз деп ойлайды. Менің билетімді соңғы рет бір жыл бұрын тексерді.

Қазақстанда сенде әрқашан үлкен жанұяң бар, ешбір қиындықсыз кешке қонаққа келіп кетуіңе болады. Адамдар бір-бірлеріне жақын болады. Ал Германияда егер сен досыңмен кездескің келсе, онымен алдын-ала бір апта бұрын келісіп, ыңғайлы күнді белгілеп қою керек. Бұл біздің еліміз бен Германия еліндегі ділдің ерекшеліктері.

Германияда бізді Қазақстан елшілігі қатты қолдайды. Бізде кездесулер мен іс-шараларды жиі ұйымдастыратын қазақ диаспорасы бар.

Бізде кездесулер мен іс-шараларды жиі ұйымдастыратын қазақ диаспорасы бар



Жұмыс және жұмыс мәдениетінің ерекшеліктері жайында


Еуропада бірінші жұмысты табу қиын. Барлығы тәжірибе мен біліктілікке байланысты. Жұмыс берушілер алдымен еуропалық елдердің қызметкерлерін қабылдайды. Бірақ Германияда бағдарламашылардың жетіспеушілігі бар, сол себепті көбісі мамандарды шетелден іздеп, жұмысқа шақырады.

Жұмыс күні сегіз сағаттан аспайды. Бағдарламашылар әдетте жұмыс уақытына тәуелді болмайды және жұмыстарын кез-келген уақытта бастауы мүмкін. Бірақ немістерді көбісі жұмыстарын таңертең ерте бастады. Әріптестердің көбісі таңғы сағат жетіде өз орындарында отырады. Жұмыстарын сегіз сағатта атқарғаннан кейін жұмыстан шығып, өздерінің жеке шаруаларымен айналысады.

photo5301234466976541156.jpg

Кездесулер әрқашан уақытында басталады. Тұсаукесер өткізу мен сұхбат өткізу мәдениеті өте жақсы дамыған. Жұмыста жауапкершілік пен ұжымда істей алу қабілеттері бағаланады. Жоғары технологиялық жобалар – жүздеген адамдардың еңбегі, сол себепті басқалармен бірге қызмет жасау маңызды.

Бастапқыда мен BMW жобасы бойынша бағдарламашы ретінде жұмыс істедім. Біз «ақылды автокөліктер» үшін бағдарламалар мен жүйелерді жасап шығардық.

Қазірде мен қаржы компаниясында инженер-бағдарламашы қызметін атқарамын. Германияда қазіргі кезде 300-ге жуық банктер «бұлттық» деректер қоймасымен жұмыс істейді. Барлық жүйелер мен қызметтер автоматтандырылған, және клиенттер несиені онлайн түрде ала алады. Бұл қызықты жоба, ол әдетті жүйені өзгертеді. Мен бұл жүйенің жетіліп шығуына үлес қосып жатқан адамдардың бірімін.


Елдің қалай ықпал еткені жайында


Менің ойымша адам 40-50 жасқа дейін білім алып, көп нәрселерді үйрену керек. Бұл кезеңде өз-өзіңмен жұмыс істеу керек. Ал кейін өз біліміңмен бөлісу керек. Осы орайда Мюнхен дамып жетілу үшін жақсы орын.

Мен Қазақстанның азаматымын және менің мақсатым – қызықты жобаларды тауып, тәжірибе жинау


Мен жақсы тәжірибе алдым, көп дағдыларға ие болдым. Әртүрлі адамдармен, әртүрлі ұлт өкілдерімен жұмыс істеп көрдім. Мен қазақстандық тұрғыдан қабылданатын әлемнен басқа америкалық, неміс, орыс әлемдері бар екенін түсіндім. Осының бәрі мені байытты.

Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін қымбат. Мен біржола көшіп кетуді жоспарлаған жоқпын. Мен Қазақстанның азаматымын және менің мақсатым – қызықты жобаларды тауып, тәжірибе жинау.



Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.