facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
bas-a-zha-tan-kelgenderd-o-i-alary-n-rlan-l-mhodzhaev-ek-ala-arasynda-m-r-s-ru-turaly
logo
«Басқа жақтан келгендердің оқиғалары»: Нұрлан Әлімходжаев екі қала арасында өмір сүру туралы
Өмір сүру стилі

17.11.2018

«Басқа жақтан келгендердің оқиғалары»: Нұрлан Әлімходжаев екі қала арасында өмір сүру туралы

Нұрлан Әлімходжаев, туған жері — Тараз, бет әрлеуші, Нұрлан Әлімходжаевтың SPA салоны мен NUCHI сұлулық салонының негізін салушысы
@nuchi_amazing


Тараз — Астана — Алматы

Тараздың тумасымын. Мектеп бітіргеннен кейін кішкентай қаладан үлкен қалаға көшкім келді. Сол себепті Алматыға көшіп келдім. Ол кезде өзіммен 50 доллар болды, сол кездегі курспен санағанда ол 6000 теңге. Бірақ мен адамдармен тез ортақ тіл таба аламын, олармен танысып, барлығы өз орнына келе бастады. Белгілі уақыт Алматыда тұрып, кейін Астанаға көштім.

45502768_745795142453788_1797788935473070080_n.jpg

Астанада көп нәрсені білдім, шебер ретінде дами бастадым. Өзімді шебер ретінде Алматыда да сынап көргім келді, сондықтан қайтадан оралдым. Сол уақытта жолым ашылды — жұмыс істеп, сабақ бердім, итальяндық косметикалық брендті ұсындым.

Бұдан кейін қайтадан Астанаға оралдым. Енді, міне, он жыл өткеннен кейін қайта Алматыма қайтып келдім. Осы жолы көшу жұмысыма, бизнесіме байланысты болды. Алматыда салон ашу туралы ұсыныстар бұрыннан бері түсіп жатты. Алайда тек лайықты әріптесті кездестірген кезде біз бірігіп салон ашатынымызды шештік.

Көшіп кеттім деп айта алмаймын, қазір екі қала арасында тұрамын


Көшіп кеттім деп айта алмаймын, қазір екі қала арасында тұрамын. Бизнеске күш-қуат қажет. Бір нәрсені ашып, кейін кетіп, бұрынғы өмір салтына оралуға болмайды. Өз ісің — балаң секілді, оған күтім көрсетіп, басқарып, дамуға көмектесу керек.


Қиындықтар туралы

Салон ашу үшін келгенде Алматыда пәтер сатып алуды қалайтынымды шештім. Тұрғын үйді жалға алғым келмеді, оған қоса пәтер сатып алу — бұл келешегі бар және тиімді іс.
Сол себепті салон ашумен қатар пәтерде жөндеу жұмыстарын жасау қажеттігі қиындық туғызды. Салонда болып, алғашқы клиенттерді қарсы алып, кейін құрылыс дүкендерін аралайтынмын.


Жұмыс туралы

Салонның ашылуына жарты жыл алдын дайындала бастадық. Жаңа нәрсе ашқым келді. «Люкс» форматындағы салондар, сұлулық орталықтары мен академиялары қазір ешкімді таңғалдырмайды. Клиенттер тиімді бағамен сапалы қызмет алғандарын қалар едім. Сондықтан қолжетімді, жеңіл, алайда сапалы орын ашқым келді. Мұндай Алматыда әлі болмаған еді.

36713483_192483971429229_7092057007988932608_n.jpg

Менің ойымша, әлемде барлығы қарапайым болып жатыр. Бірақ қарапайымдылық сапа мен стильден бас тарту емес. Салонды ашуға көп күш салынды, ішінде қымбат жөндеу жұмыстары жүргізілген, орналасу орны да жақсы. Біз жай ғана оны жастарға лайықтап жасадық.

Алматылықтарға бізді жақсы қарсы алғандарына ризамын. Жаңа қалаға жеке жобасымен келген әр адам секілді алаңдадым. Алматыдағы әйелдер сұлулық қызметтеріне қатысты өте талғампаз. Бірақ барлығы жақсы болды, өз орнымызды тез таптық.
Франшиза бойынша даму туралы ойлап жүрмін. Өз брендімді ресми түрде тіркеп, шебер ретінде ғана емес, менеджер, бизнесмен ретінде үлкен тәжірибе жинадым. Енді өз тәжірибеммен бөлісуге дайынмын.


Астана және Алматы туралы

Тараздан жаңа көшкен уақытта Алматы мен үшін үлкен, ауқымды қала болды.

Алматы өз бірегейлігі мен мәдениетін сақтап қалды


Алматы өзгеріп жатты, мен де онымен бірге өзгердім. Жас кезімде барлығын басқаша қабылдайтынмын. Алматыда көп қызықты адамдар тұрған уақытты кезіктіргенім үшін қуаныштымын. Өкінішке қарай, олардың көбісі басқа жаққа көшіп кетті. Бұл еліміздегі ең әдемі қалалардың бірі.

43496157_258663574833297_3551972919120756736_n.jpg

Астана және Алматы — бұл екі полярлық қала. Қазір қай қала артық екенін Алматы немесе Астана деп сұрайды. Астана болған кезде шын ниетіммен Астана деп жауап беремін. Алматыда болғанда, дәл солай Алматы деп айтамын. Өтірік айтпаймын, өйткені адам барлық жерде өзін жақсы сезінеді.

Тіпті бұл қалалардағы өмір салтым да ерекшеленеді. Астанада серуендемеймін. Егер адамдармен кездессем, ол тек іскерлік кездесулер. Алматыда да көп уақытымды жұмыста, салонда өткіземін. Одан басқа менде түрлі кездесулер, түсірілімдер, ивенттер бар. Бірақ достарыммен кездесіп, жұмыстан демалып, өмір мен адамдарды бақылауды үйренемін. Алматыдағы өмір ритмі сәл өзгеше. Астанаға келген кезде ұйқыға батамын, өйткені қатты шаршаймын.

Астана және Алматы — бұл екі полярлық қала


Жанымдағы адамдар да бұл қалаларда өзгешеленеді. Астанада адамдар қазіргі уақытпен емес, болашақпен өмір сүреді. Олар үлкен жоспарлар мен мақсаттар қойып, оларға жету үшін көп жұмыс жасайды. Ал Алматыда адамдар бір күнмен өмір сүреді. Олар көп уақытты қажет ететін жоспарларды құрмайды, себебі оларға дәл осы кездегі, қазіргі күйлері ұнайды. Бастапқы кезде мұны түсінбейтінмін, алайда қазір мұны басқаша қабылдаймын. Мен де өзгеріп, өзім жайлы көбірек ойлай бастадым. Алматыда үй салып, онда анамды көшіріп, бала өсіру туралы ойлар пайда болады.

Астана мен Алматыдағы өмір қалай әсер еткені туралы

Астана — өршіл адамдардың қаласы. Ақшасыз қалаға келіп, бір жылдан кейін үй мен көлік сатып алып, тағы бір жылдан соң бизнес ашып жатсаң — бұл қалыпты жағдай болып саналады. Мұнда бұған ешкім таңғалмайды. Астанада жасап жатқан қадамдарын түсінетін, қиындықтарға дайын адамдар жиналған.

40326533_622734954788114_1013336046739390464_n.jpg

Ал Алматы рахаттанып, өмірден ләззат алуға мүмкіндік береді. Қаласаң да, қаламасаң да, сен де өз ережелеріңді өзгертіп, барлығына жеңіл көзқараспен қарап, қалаға бейімделе бастайсың. Алматыда ашық адамдар тұрады. Мүмкін, мен де одан сайын ашылып, адамдармен жақсы араласа бастадым.

Менен жиі енді кім екенімді сұрайды, өзімді 100% Астаналық деп санаймын. Менің мінезім Астанада шыңдалды, және ол менің үйім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.