facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-tar-dubayda-n-rzada-abdykulova-dubayda-biznes-ashu-zh-ne-sh-lde-dzhip-zh-rg-zu-turaly
logo
Қазақтар Дубайда. Нұрзада Абдыкулова Дубайда бизнес ашу және шөлде джип жүргізу туралы
Өмір сүру стилі

02.06.2018

Қазақтар Дубайда. Нұрзада Абдыкулова Дубайда бизнес ашу және шөлде джип жүргізу туралы

Нұрзада Абдыкулова, 26 жаста, туған жері — Алматы



Алматы — Дубай



2008 жылы Дубайдағы туған әпкем Қарлығашқа қонаққа ұшып келдім. Демалыс уақытында жаз бойы онымен бірге тұрдым. Әпкем Дубайдағы бүкіл толлықанды өмірін көрсетіп, ата-анамыз оны даму үшін басқа қалаға жіберіп, жолы болғанын айтты. Онымен бірге тұрғым келді, себебі әлі мектеп кезінде осы қалада тұруды армандаған едім. Бірақ ол уақытта университетте оқып, жұмыс істей бастадым.

WhatsApp Image 2018-05-16 at 15.24.00.jpeg

Дубайдағы келесі сапарда бізді сафариге шақырды. Барқандағы осындай экстримнен кейін шөл далаға ғашық болдым. Көлікте отырып, бір топ джиптерді бақылап, ата-анама мен де дәстүрлі тамақпен және киіз үйлермен тур ұйымдастырып, біздің қазақтарды джиппен жүргізгім келетінін айттым. Дубайға келетін барлық әлем адамдарынаҚазақстанды және біздің қыздарымыздың қаншалықты мықты екенін көрсеткім келді.

Дубайға келетін барлық әлем адамдарына Қазақстанды және біздің қыздарымыздың қаншалықты мықты екенін көрсеткім келді


Осыдан кейін Алматыға оралып, бұрынғыдай өмір сүруду жалғастырдым, бірақ болашақта ол жаққа қайта оралам деп армандадым. Жылдар өтіп, арманым суыды, мені бизнес пен ересек өмір еліктірді. Алматыда «Армада» сауда-құрылыс кешенінде бизнесім болды.

Бірақ кейін барлығы өзгерді. Сол жылы анам қатты ауырып қалды. Отбасымызбен оны емдеу үшін қолымыздан келгенін жасадық. Alivemax компаниясы өте үлкен көмек көрсетті, бірақ толық сауығу үшін уақыт керек болды. Барлығы күйзелісте болды, сол себепті жағдайымызды ауыстырып, уақытша Дубайда тұруды шештік.



Дубайдағы бизнес туралы



Қазақстанда жұмыс істеп тұрған бизнесіміз бар, сондықтан Дубайда тұруға мүмкіндігіміз болды. Бірақ ондағы өмір арзан емес, сол себепті Дубайдың Дейра ауданында ұқсас бизнес аштық. Біз Дейраның ортылығында Әл Рига-Омар Бин Аль хатаб көшесінде орын таптық. Мен тауарға тапсырыс беріп, жұмыс істей бастадым. Әмірлікте бизнес ережелері мен құқықтары мүлдем басқаша. Мысалы, заң бойынша, біздің компанияда БАӘ-нің құжаты бар жергілікті тұрғын жұмыс істеу керек. Қызметкерлердің 60% жергілікті, ал қалған 40% шетелдіктер болуы мүмкін. Бірақ бұл формальдылық. Шын мәнінде, біз білмейтін көптеген жасырын нәрселер бар екен.

Әмірлікте бизнес ережелері мен құқықтары мүлдем басқаша


Бізге шығындарды өтеу үшін тұрақты табыс керек болды. Дубайдың жергілікті бизнес білгірлерімен бәсекелесу қиын болды. Бірақ біздің қолымыздан келді, себебі біздің тауар нарықта жалғыз болды. Дейрадағы дүкендегі жұмыс уақытында менде түрлі салада көптеген достарым мен таныстарым пайда болды. Мені жергілікті іс-шараларға және араб мәдениетінің дәстүрлі кештеріне шақыра бастады. Сол кезде өмірім үлкен жылдамдықпен дами бастады.



Шөл туралы



jeepers club 565.JPG

Бір жолы мені UAC club тобы шөлге шақырды. Бірақ бұл туристік сапар болған жоқ. Олардың топтары апта сайын джиптері бар адамдарға шөлде жүруді үйретті. Сол күні өткен армандарыма қайтып оралдым және ынтам одан сайын оянды. Шөлге деген құмарлығым пайда болды. Сол топтың иелері жасыра алмаған жанып тұрған көздерімді және эмоцияларымды көрді.

Содан кейін өз көлігімді сатылымға қойдым, ал келесі күні оны сатып әкетті. JEEP Wrangler жарнамасын көрдім, оның бағасы сатып алған көлігімнің бағасымен бірдей болды.

INDI5229.jpg

Бұл көлікті сатып алғанымды ешкім білмеген, тіпті туыстарым да білген жоқ. Дәл сол кезде басқа топ мені JEEP сайыстарына шөлге шақырды. Осылайша мен бірінші рет өз көлігіммен шөлге шықтым. Жарты жылдан кейін маған Әмірліктегі ең танымал әрі үлкен UAEOFFROADers my family.One team one family хабарласып, мені өз топтарында көруге қуанышты болатындарын айтты. Тағы жарты жылдан кейін маған Jeepes club жұмыс істеуге ұсыныс жасап, Назир мырзамен, яғни олардың иесімен таныстырды.



Дубайдағы жұмыс туралы



Дубайда жұмыс көп. Бірақ біздің қазақстандықтардың талаптарын ескерсек, мұндай жұмыс табу мүмкін емес. Кез келген істен бастау керек. Мұндағы бәсекелестік өте жоғары, алдымен өзіңді көрсету керек, содан кейін қалаған салаңызда өз біліктілігіңізді жоғарлату керек.



Дубайдағы ең қымбат сыйлық



WhatsApp Image 2018-05-16 at 15.23.59.jpeg

Осы жердегі ең қымбат сыйлық — жақын болып кеткен адамдар мен тәжірибе.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.