facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standy-tar-bakudeg-m-r-zh-ne-z-rbayzhanda-otbasy-ru-turaly
logo
Қазақстандықтар Бакудегі өмір және Әзірбайжанда отбасы құру туралы
Өмір сүру стилі

16.05.2018

Қазақстандықтар Бакудегі өмір және Әзірбайжанда отбасы құру туралы

Айман Ахмадова, 34 жаста, туған жері — Алматы, онлайн-бизнес


Қазақстан — менің Отаным. Онымен менің балалық, жасөспірім және жастық шағым тығыз байланысты. Менің отбасым, достарым, естеліктерім әрқашан мені Қазақстанда күтеді.


31960335_10156913093519367_4644349412217192448_n.jpg


Баку бұл алғаш көрген кезде пайда болатын махаббат. Алғаш рет онда сегіз жыл бұрын бардым. Сол кезде посткеңестік кеңістікте мұндай інжу-маржан бар екенін күтпеген едім. Өз жұмысымның ерекшеліктеріне байланысты бұрынғы Одақтың барлық астаналарында болдым, шын мәнінде олардың барлығы бір-біріне ұқсайды. Бірақ тек қана Баку емес! Бұл қаладан үлкен әсер алып кеттім, жақын арада осында тұрамын деп ойламаппын. Бакуде барлығы әдемі: сәулет, теңіз, адамдар. Бірақ бәрінен де бакулік ауаны жақсы көремін. Оны күн сайын сезінемін. Бұл теңіз, күн, мұнай және құм иісі. Бұл ұшақ баспалдағынан қарсы алатын және сапар кезінде сағынатын нәрсем. Ал бакуліктер ерекше адамдар: жанашыр, тәрбиелі, әзіл мен стильді нәзік сезінетін, өмірді жақсы көретіндер.

Әзірбайжанда әйел мен ана атандым


Бакуге төрт жыл бұрын көшіп келдім. Бастапқыда жұбайыма жұмыс жөнімен көмектестім, кейін декреттік демалысқа шығып, баламның өсуіне қарай салауатты өмір салтымен айналыса бастадым. Өмірімнің осы кезеңінде 20 келіге арықтадым. Енді өз тәжірибемді Detox Prime жобасының шеңберінде таратамын.

Толықтай оптимист болғандығымнан тұратын жерімді ауыстырған кездегі қиындықтарды есіме түсіре алмаймын. Әрине, Қазақстанда қалған отбасым мен достарым жеткіліксіз болды. Бірақ байланыстың заманауи құралдары арамыздағы қашықтықты сезіндірмейді. Маған күйеуімнің отбасы, яғни ендігі менің отбасым қатты қолдау көрсетті. Бірінші күннен бастап мені махаббат пен қамқорлық қоршады, сондықтан бейімделу оңай және ауыртпалықсыз өтті.

Біздің халықтарымыз арасында ортақ нәрселер көп — қонақжайлық, ашықтық, кеңпейілділік, көмекке деген ықылас, ет пен шайға сүйіспеншілік


Бакудегі өмірім Алматыдағы өмірімнен қатты ерекшеленеді. Алматыда бизнес-леди болғандықтан пәтер, азық-түлік және жылжымайтын мүліктің бағаларынан хабардар болдым. Ал мұнда бұл сұрақтар мені қызықтырмайды. Әзірбайжанда әйел мен ана атандым. Маған осы жерде ыңғайлы. Менің ойымша, отбасылық өмір үшін Әзірбайджан дәл келеді. Егер бақылап қарасақ, демалыс күндері мейрамханаларға, гүлзарларға, ойын-сауық орталықтарына көбінесе достарымен емес, отбасыларымен бірге шығады.

Біздің халықтарымыз арасында ортақ нәрселер көп — қонақжайлық, ашықтық, кеңпейілділік, көмекке деген ықылас, ет пен шайға сүйіспеншілік. Ал ерекшелік — Әзірбайжанда шайды сүтсіз құяды, Ал Қазақстанда еттің түрлері аз.

Қазақстанда отбасымыздағы немесе достарымыздағы мерекелік жағдайларға байланысты жиі боламыз. Осы жылдың наурыз айында күйеуім көптен күткен жиен қызымыздың тұсауын кесті.



Раушан Искендерли, 32 жаста, туған жері — Қарағанды, балалар фотографы


Қазақстанда анам мен тәтем қалды. Ал Бакуде жеті жыл бойы тұрамын. Күйеуім бар, ол әзірбайжандық. Төрт баламыз бар. Балалар фотографы болып жұмыс істеймін. Қазір көбінесе жаңа туған балаларды суретке түсіремін.

31956542_10157619511197715_1449214736963993600_n.jpg


Әзірбайжанда балалар мен отбасыға деген қарым-қатынас өте нәзік. Және әйелдерге құрметпен қарайды. Бейімделу мен үшін қиын болған жоқ. Қазір әзірбайджан тілінде еркін сөйлей аламын.

Әзірбайжанда балалар мен отбасыға деген қарым-қатынас өте нәзік


Діл жағынан әзірбайжандар — консервативті халық. Ал қазақтар ашық.

31531602_10157619515252715_6277161348111532032_n.jpg


Қазақстанда жиі болмаймын, жылына екі-үш рет. Бакуде өмір сүру жағдайлары мен ауа райы ұнайды. Мұнда әрқашан ыстық. Сонымен қатар, бұл жердің сәулеті әдемі, әрқашан баратын жерлер бар, Әзірбайжан Қазақстанмен салыстырғанда шағын мемлекет. Жақын аудандарға отбасымен демалуға баруға болады. Мұнда әртүрлі және көркем табиғат.




Евгения, 27 жаста, туған жері — Ақтау


Бакуде өмір сүрген кезде меніҚазақстанмен отбасым байланыстырды. Жақындарым, достарым — барлығы Ақтауда, Қазақстанда тұрады. Бакуге жұмыс барысы бойынша 2015 жылы көшіп келдім. Ол жерде күйеуге шығып, бала тудым, қазір Ақтауға қайтып келдік.

Алғашқы кездерде қиыншылықтар болған жоқ, себебі ол жерде болашақ жұбайым тұрды. Оған арнайы бардым деп айтуға болады. Ең қиыны — жаңа жерде достарым болған жоқ. Бірақ кейін ыңғайланып, өзімді жайлы сезіндім. Тіл жағынан кедергі болған жоқ, Бакуде барлығы орыс және ағылшын тілінде еркін сөйлейді. Біреу әдейі әзірбайжанша сөйлеген жағдайлар болған жоқ. Бакудегі ерекше консервативтікті кездестірген жоқпын.

Баку — кішкентай, бірақ жан-жақты қала, сіздің қызығушылықтарыңызға байланысты

Баку — кішкентай, бірақ жан-жақты қала, сіздің қызығушылықтарыңызға байланысты. Көкөністер мен жемістерді өздері өсіреді, сондықтан бұл азық-түліктердің көбісі Ақтаумен салыстарғанда арзанырақ. Ал егер қала сыртына шығатын болсақ, бір сағаттың ішінде тауларға жетуге болады. Тағы бір сағат ішінде пикник жасауға болады.

Инфрақүрылым жағынан қала заманауи. Онда Формула-1 жарыстары өтеді және 2015 жылы Еуропалық ойындар өтті.

Мені әрдайым Отаныма тартып тұрды. Сондықтан күйеуімізбен барлық артықшылықтар мен кемшіліктерді талқылап, Ақтауға қайту туралы шешім қабылдадық. Қазір осындамыз, ал кейін көре жатармыз.

Қыз мұнарасына баруға және гүлзарда экскурсия жасауға кеңес берер едім

Бакуде әдемі, адамдары жақсы және жағымды. Бірақ жүрекке әмір жүрмейді, бұл қаланы ұната алмадым. Маған ескі қала ұнаған, онда жағалауға, ескі колоритті кафелерге шығып, серуендеуге болатын. Мұнда Ақтауда ондай жоқ.

Бакуге демалуға барса, бұл өте керемет. Бірақ онда өмір сүруге қайтадан бармас едім. Тағы Бакуде жаяу жүрген жақсы. Достарымызбен таңертең үйден шығып, кешке келетінбіз. Қыз мұнарасына баруға және гүлзарда экскурсия жасауға кеңес берер едім. Ал егер сіз шопинг-турист болсаңыз, онда көптеген жергілікті сауда үйлеріне бара аласыз.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.