facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
aza-standa-y-gruzindar-m-r-ritm-astana-men-tbilisin-sasty-tary-men-ayyrmashyly-tary-turaly
logo
Қазақстандағы грузиндар. Өмір ритмі, Астана мен Тбилисинің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы
Өмір сүру стилі

22.07.2018

Қазақстандағы грузиндар. Өмір ритмі, Астана мен Тбилисинің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы

Соломон Панозишвили, 68 жаста, туған жері — Тбилиси, кәсіби әнші, зейнеткер


20180621-WED_1787.jpg

Әнші ретінде кәсіби сахнада 45 жылдан астам жұмыс істедім. «Орэра» мемлекеттік ансамблінде Вахтанг Кикабидземен бірге жұмыс істедім, сондай-ақ, «Иверия» танымал ансамблінде де ән шырқадым. Қазір диаспорамыз концерт өткізген кезде ән айтамын.

Қазақстанда қонақжайлылық ұнайды. Қазақтар — ақкөңіл халық. Мұнда Вахтанг Кикабидзені, Нани Брегвадзені жақсы танитынын байқадым, әрқашан олардың жағдайын сұрап жатады. Кеңес уақытында белгілі болған әндеріміз бен фильмдерімізді де біледі. Көбісі бізге демалуға келеді, кейін барлығы қаншалықты керемет және дәмді болғандығын әңгімелеп жатады. Ондай әңгімелерді тыңдағанда риза болып, мақтанамын.

Қазақстанға 2010 жылы келдім. Мені қазір құрбыма айналып кеткен, Ақтаудағы грузин мейрамханасының иесі шақырды. Ол менің әндерімді тыңдап, концерттерім жайлы келісіп, шақыру жіберді. Онда жұмыс істеуге барғандықтан, маған жұмыс визасын рәсімдеп берді. Мен өте қуанышты әрі риза болдым, себебі мені керемет халық қарсы алды. Өмірімде бірінші рет қазақ халқымен, олардың дәстүрімен соншалықты жақын таныс болдым. Бүгінгі күні Грузияға келгенде естеліктерге беріліп, Қазақстанды сағынатынымды айта аламын. Бұл жерде менің достарым көп, Ақтауда, Астанада, орыстар және қазақтар. Оларды сағынамын, Грузиядағы балалық шағымдағы достарымның орындарын басады.

20180621-WED_1739.jpg

Ақтау қаласы ұнады — шағын және мейірімге толы қала. Сонымен қатар, маған Бурабай ұнады ғажайып жер, Грузиямен ұқсастығы да бар. КСРО кезінде гастрольмен Алматыда болып көрдім, жергілікті сәулет өте ұнады.

Астананың оң жағалауы да өзіне сүйсіндіреді. Алғашқы кезінде қайсысы оң, қайсысы сол жағалау екенін ажырата алмадым. Кейін оң жағалау — ескі қала, ал сол — жаңа қала екенін түсіндім. Бұл жерде қаншалықты ұзақ болсам да, әрқашан жаңа аудандарды кездестірем.Итальяндық, Француздық тұрғын үй жерлері ұнайды. Таңертең, ауа-райы жақсы кезде жағалау бойында серуендегенді ұнатамын. Әдейі ерте оянып, спортшылардың жүгіргендерін бақылаймын. Бізде Тбилисиде таңертең Тасбақалық көлде жүгіріп, кейін жұмысқа барғанды ұнатады.

Қазақстанда да, Грузияда да балаларды қадір тұтады. Қазақстанда балалар көп, ал бізде бір отбасыда шамамен бір-екі бала болады. Біздің халықтардың ұқсастығы — отбасымызды жақсы көретінімізде.

Қазақтар тілек айтқанды жақсы көреді екен. Әдетте грузиндердің тілектері ұзын деп айтады. Бірақ біз қазақтарға жетпейміз.

Он жылдан кейін аман-есен болсам, келіп, Астананы көргім келеді. Астананың 20 жылдығына арналған дипломатиялық концертте шырқадым, енді Астананың 30 жылдығына келгім келеді.

Қазақстандықтарға бейбіт өмір, бір-бірімен араласып, сыйлы болып, мәдениеттерімен, дәстүрлерімен бөлісулерін тілеймін.



Эка Надирадзе, 44 жаста, туған жері — Тбилиси, «Кафе Целинников» және «Пункт П» бренд-шефі


Эка.jpg

Қазақстанға төрт жыл бұрын келдім. Ең бірінші келген қалам — Алматы, ол жерде бір жыл бойы жұмыс істедім. Кейін Астанаға көшіп келдім. Тағы Қарағандыда болып көрдім. Қаланың әрбіреуі ерекше: Алматы — жасыл, өзінің кеңес сәулеті мен жайлы көшелерімен Тбилисиге ұқсайды. Қарағанды — қарапайым, тыныш қала, ал Астана — жас елорда.

Бастапқы кезде қиын болды, өйткені жанымда достарым мен туыстарымнан ешкім болмады. Бірақ бейімделу оңай болды, себебі Қазақстандағы адамдар өте мейірімді.

Қазақстан мен Грузия арасында айырмашылықтар бар: қағидалар мен өмір ритмі өзгеше. Грузияда өмір ритмі тыныш, адамдар асықпай жүреді, ал Астанада адамдар үнемі бір жаққа жүгіріп, бір нәрсе істеп жатады. Бұрын бұл мені таңғалдыратын, қазір мұндай жылдамдыққа үйрендім.

Біздің халықтар арасындағы тағы бір ерекшелік — үйлену тойы. Қазақтардың үйлену тойы грузиндардан қатты ерекшеленеді. Сіздерде қалыңдыққа сырға кигізгенде, ол әрбір туысқа жеке сәлем беру керек. Бұл ұзақ салт, бірақ маған ұнады. Ал Грузияда күйеудің ата-анасы қалыңдықтың ата-анасына барып, қолын сұрайды. Кейін үйлену тойын белгілеп, шіркеуде некелерін қиып, АХАЖ-да қол қойып, ары қарай тойлайды.

Қазақстанда кәсіби тұрғыда дамуды жоспарлап жатырмын. Маған бренд-шеф болып жұмыс істеу ұнайды және тағы бірнеше жылға Қазақстанда қалғым келеді.



Яна Иантбелидзе, 27 жаста, туған жері — Тбилиси, «Дареджани» мейрамханасының бренд-шефі


яна9.jpg

Қазақстанға 2018 жылдың қаңтар айында келдім, Алматының көшелерін әлі де толық білмеймін және қиылыстарға жаңа үйреніп келемін.

Қазақстанда өзімді жеңіл сезінемін. Алайда бастапқыда суық болды. Көшеге шыға алмадым, бірақ кейін үйреніп кеттім. Оған қоса бала кезімнен маған қар жетіспеді. Бізде Тбилисиде қар болмайды, болған жағдайда ол сазға ұқсайды. Қардың бар болуы сезілмейтін. Қазақстан жарты жыл ішінде бұл жетіспеушіліктің орнын толғымен толтырды.

Менталитетіміз бірдей емес, бірақ ұқсас нәрселеріміз бар. Бізді бесбармақ жеуге апарып, тамақтандырып, отбасының қалай жиналатынын, барлығы қаншалықты ұзақ дайындалатынын айтты. Бізде де сондай дәстүріміз бар, бірақ біз хинкали немесе чурчхелу әзірлейміз. Ол бесбармақ сияқты ұзақ дайындалмайды. Мен үшін бұл отбасылық тимбилдинг. Мен ас үй саласында жүремін, сондықтан мұндай нәрселерді байқаймын. Қазақстан мен Грузия арасында айтарлықтай өзгешеліктерді байқаған емеспін. Грузияда Қазақстанда секілді кіші ұл ата-анасымен қалады.

Мен мейрамхана түсінігін дамытып жатырмын. Біз дәстүрлі грузин тағамдарын дайындаймыз, бірақ оны заманауи етіп өзгерттік. Ұсынуға да өзгерістер енгіздік, себебі грузиндер барлығы әдемі көрінгендей тырысады. Жаңа тағамдар пайда болып жатыр, заманауи технологиялардың арқасында жаңа дәмдерді қосамыз. Қазір Саперави шарабынан дайындалатын панна котта және қою сорпа, яғни жаңагрузиндік чихиртма бар.

Жұмысым соншалықты қызу, мейрамхана, базар және сол секілді орындардан басқа жерде сирек болып тұрамын. Қазақстанда Алматы да, Астана да ұнайды. Астанада жаңа ғимараттар ұнайды, бірақ мен үшін қала әлі де бос. Бірақ оған әлі 20 жыл екенін түсінемін, өзінің даму жылдамдығы ұнайды. Астананың оң жағалауы Тбилисинің кеңестік ғимараттары бар аймағына ұқсайды, ал сол жағалау жаңа Тбилисиге ұқсайды, онда да зәулім шыны ғимараттар салынып жатыр.

яна3.jpg

Алматыда айналамда барлығы жасыл және жұпар екені ұнайды.

Жұмыс істеп жүрген тобымда қонақжайлылық пен ақкөңілділікті көремін. Басқа жақтан келген адам ретінде мұны бірінші күннен байқадым. Такси ұстай алмадым, себебі онда белгі болмағандықтан, оны қалай ұстау керектігін түсінбедім. Маған жас қыз келіп, менің шетелдік екенімді біліп, такси шақырып берді. Ол өз жұмыстары бойынша бара жатқандығына қарамастан, маған көп көңіл бөлді.

Сол бағытта мейрамханалық іспен айналысуды жалғастырамын және келешекте өз мейрамханам болатынына үміттенемін. Үй деңгейіндегі кішігірім мейрамхана болғанын қалаймын, ол жерде қонақжайлылық бірден сезіліп, қонақтарға беріледі. Өзің дайындап, қонақтарды өзің қарсы аласың — осыған ұқсас болу керек.

Қазақстанда құртпен және жұсаймен таныстым. Маған олар ұнады және оларды грузиндік ас үйде қолдана бастадым. Жалпы бұл жерде көптеген азық-түліктер ұнайды, олар грузин тағамдарына сай келеді, сол себептен оларды ұнатамын. Қымыз ішіп көрдім, ол да ұнады. Алғаш рет дүкеннен дәмін таттым, оның не екенін білмедім, қызық болды. Мұны істеуімнің қажеті жоқ екенін түсіндім. Кейін үйде дайындалған қымыздың дәмін көріп, шынымен де, оның дәмді екенін түсіндім.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.