facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
50-zhastan-key-n-karatemen-bimen-alay-aynalysu-zh-ne-ital-yan-t-l-n-me-geru-turaly-4-o-i-a
logo
50 жастан кейін каратэмен, бимен қалай айналысу және итальян тілін меңгеру туралы 4 оқиға
Өмір сүру стилі

03.06.2018

50 жастан кейін каратэмен, бимен қалай айналысу және итальян тілін меңгеру туралы 4 оқиға

Шығыс билері мен аэробика


Раиса Какенова, 56 жаста, Кумайское ауылы, зейнеткер

Вера Сульянова, 63 жаста,туған жері — Булаево, зейнеткер

Раиса. Шығыс биі мен аэробикаға барамын, бүкіл аптам бос емес. Мұнымен екі ай айналысып келемін. Осындай жаттығуларға баруыма денсаулығым себепкер болды. Сонымен қатар осында құрбыларыммен араласып тұрамын, біз 15-20 адамбыз. «Ардагер» туралы көршім айтты, кейін бір орында отырмас үшін осында келуді шештім. Бұл курстарда бүкіл күнге сергектік аламын және қыздармен сөйлесемін.

Ардагер.jpg

Курстың бастапқы кезінде еш қиындықтарды сезінген жоқпын. Билеуді жақсы көремін, сондықтан шығыс биіне әдейілеп келдім. Ал аяғым ауырмас үшін аэробикаға жазылдым. Бүгін таңертең қан қысымым жоғарлап кетті, бірақ дәрі ішіп, осында келдім.

Бұрын есепші болып жұмыс атқардым, ол бір орында отыратын жұмыс. Зейнетке шыққаннан кейін тағы үш жыл жұмыс істедім. Ал Астанаға көшкен кезде сәл демалу керек екенін түсіндім.

Би фестивальдеріне қатысуға ұсыныс жасаса, онда қуана-қуана барармын. Ал қазір «Ардагердегі» сабақтарға ары қарай қатысуды жоспарлап жатырмын.

Ардагер2.jpg

Вера. Өмір бойы түрлі нәрсемен айналысып келемін — тамақ өнеркәсібінде, курьерлік қызметте жұмыс істедім. «Ардагер» сабақтарына екі айдан аз уақыт барамын. Немерелерім үлкен, балаларым баяғыда есейген, үйде не істеп отырамын? Сол себепті шығыс биі мен аэробикаға барамын.

Сабақтарға қызығушылықпен қатысамын, сергектік пен қуат аламын. Би сабақтарынан кейін өмір сүргім келеді. Бұдан басқа мәдение іс-шараларға барып тұрамыз. Хабарласып, топ-топпен барамыз.

Алғашқы кезде қиындықтарға тап болдым — жасым дәл келмейді, икемділік жетіспейді. Бірақ қазір жақсарысты сезініп келемін: иықтарып дамып, қылшақтарым жұмсақ қозғала бастады.

Қазір зейнеттемін, бірақ өзім үшін қосымша жұмыс істеймін.

Ұзағырақ және қызықтырақ өмір сүруді жоспарлаймын. Жыл сайын балаларыммен саяхаттап тұрамын. Бәрінің ішінен Әмірлікте ұнады.



Итальян тілі


Светлана Полец, 50 жаста, туған жері— Астана, сәулетші

Итальян тілін екінші жыл бойы меңгеріп келемін. Қызым итальяндыққа күйеуге шықты және мен жаңа туыстарыммен араласу керек деп шештім. Итальян тілі маған ұнайды.

Светлана Полец.jpg

Оқу кезінде мемлекет туралы қызықты нәрселерді біліп отырамын. Мысалы, елдің салттары мен дәстүрлері, қалалары, адамдары. Олар туралы мәтіндерді аударған ұнайды. Сонымен қатар жанды ауызша сөйлеу ұнайды.

Қиындықты итальян грамматикасы туғызады. Бұның бәрін есте сақтап, сөйлеу кезінде дұрыс қолдана білу керек. Тобымыз үлкен емес — бар болғаны екі адам, сондықтан айтарлықтай ұялуды және ыңғайсыздықты сезінген жоқпын.

Итальян тілінде тоқтап қалуды жоспарламаймын. Ағылшын тілін үйренсем керемет болар еді. Менің ойымша, итальян тілін керекті деңгейде меңгерген кезде, ағылшын тілін бастаймын. Итальян курсын екі жылда бітіруді жоспарлап жатырмын, ағылшын тіліне тағы үш жыл арнаймын. Екі тілді бір уақытта үйрене алмаймын, тым көп уақыт кетеді. Шет тілін үйрену — өмірді түрлендіреді, оны белгілі бір түстермен бояйды. Әрқашан үйрену керек, мен әрдайым үйрену үстіндемін. Біріншісі, екіншісі, үшіншісі — бұл адамның дамуы. Сол кезде ғана өзіңе де, басқаларына да қызықты боласың.



Каратэ


Роза Нурсеитова, 66 жаста, туған жері — Қостанай, зейнеткер

Музыка бойынша оқытушы болып жұмыс істедім. Осы жылы каратэмен айналысып жатқаныма үш жыл толады. Немерелерімнің ауруларына байланысты аттестациялауды өткізіп тұратынмын, сондықтан қазір менде сары жолағы бар көк белбеу. Бұл жауынгерлік өнер түрін бала кезімнен ұнаттым, сондықтан каратэмен айналысып келемін. Ол кезде оны алғаш рет кинодан көріп, үйренгім келді. Бірақ ол уақытта жауынгерлік өнермен жасырын түрде айналысатын, үйренуге мүмкіндік болған жоқ. Ал қазір алдымен немеремді әкеліп, маған баруға рұқсат сұрадым. Жаттығуды 2015 жылдың ақпан айында бастадым. Босатулар болмаса, қазір жасыл белбеуге ие болушы едім.

0cf3d9f0-e3be-4ffb-a773-f55f84daeabd.jpg

Өзім негізі жігерлімін және жаттығуларда қосымша қуат аламын. Сонымен бірге зал табалдырығын аттаған кезде барлық негатив пен жағымсыз заттар жойылады. Жаттығудан қуаттанып шығамын және бәріне қарамастан өмір сүргім келеді. Алғашқыда күн сайын жаттығу қиын болады деп ойладым, бірақ қазір өзіме ұнайды. Егер жаттығуды босатып алсам, жүктеме жетіспей тұрады. Немеремізбен бірге жаттығамыз. Немеремде де сары жолақты көк белбеу. Жаттығуды тастау жоспарымда жоқ. Денсаулығым керемет — өмір бойы медициналық картам болған емес.

Ал кейін ісім жастардан да жүрді. Кейбір жаттығулар менің қолымнан келіп, олардың қолдарынан келмейді. Мұнымен мақтанамын.

Өзіме мақсат қойдым — қара белбеу. Кем дегенде бірінші дан. Егер ары қарай денсаулығым жақсы болса, онда басқа да дандарды алуға болады. Тағы ағылшын тілін меңгеріп, жүзумен айналысуды жоспарлап жатырмын. Әр демалыста «Алау» мұз айдынына барып, коньки тебеміз. Сонымен қатар велосипедпен жүріп, шаңғы тебемін.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.