facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
plastikaly-hirurg-taptauryndar-zh-ne-nege-e-ma-yzdysy-shekteu-shy-pau-kerek-eken-turaly
logo
Пластикалық хирург таптаурындар және неге ең маңыздысы — шектеу шықпау керек екені туралы
Мамандықтар

25.08.2017

Пластикалық хирург таптаурындар және неге ең маңыздысы — шектеу шықпау керек екені туралы

Игорь Кугай, 59 жас, туған қаласы — Целиноград, пластикалық және абдоминалды хирург



Мамандығына дейінгі жолы




IMG_8745.jpg

Дәрігер болу үшін ең бірінші мединститутте оқып шығу керек. Жас жігіт мединститутке келгенде, ол қай мамандандығын тандайтынын ойламайтын шығар. Мүмкін, институттың аяқталғаны тақалғанда, адам, мысалы, хирург болғысы келеді екенін анықтайды.


Менің жағдайымда осылай болды. Мен мединститутта оқыдым, кейін төртінші-бесінші курстың соңында маған хирург мамандығы ұнап қалды. Мен тікелей оқуға кірісе бастадым: кезекшілікке барып жүрдім, мейіргер ретінде қосымша жұмыс істедім, бесінші курста операциялар жүргізе бастадым. Институтты бітіргеннен кейін мен жалпы хирург болып жұмыс істей бастадым. Көп жыл бойы жоспарлық,жедел хирургияда, емханада жұмыс істедім.


Мен пластикалық хирургиямен 45 жасымда айналаса бастадым


Бүкіл әлем мен біздің елімізде дәрігерде, үш-бес жыл болса да, өтілі бар болғаны мақұлданады. Жалпы хирургтік икемі болуы керек, сонымен қоса көптеген ілеспелі хирургиялық мамандықтарын меңгеру керек — бұл ЛОР, онкология, сынықшы, жақсүйек-бет хирургиясы. Осының бәрінен пластикалық хирургия жиналады. Сол себептен кез-келген пластикалық хирургия резидентурасы дәл осы оқу курстарынан тұрады.


Мен пластикалық хирургиямен 45 жасымда айналаса бастадым. Қазіргі кезде бұл талап етілген мамандық және көптеген адамдар пластикалық хирург болуын армандайды.



Таптаурындар туралы




IMG_8749.jpg

Бұл мамандық көп жұмысты талап етпей көп ақша әкеледі деген таптаурын туған. Бұл толығымен қате ой: бұл өте өзгеше мамандық, сондықтан көбісі түсінбейтін көптеген ерекшеліктері бар. Біз психологтар ретінде жұмыс істейміз, себебі бізге білекті ауру емес адамдар келеді.


Пластикалық хирургия көп тараулардан тұрады: пластикалық,косметикалық реконструктивті, сонымен қоса медициналық көрсетімдері немесе тек эстетикалық, моральды-психолохиялық көзқарасты көрсетімдері болады. Адам сыртқы келбетінің немесе жас ерекшелігінің кемшіліктерін түзетеді. Осындай әр-бір процедурасына өз ынталандыруы болады,көп жағдайда адам өз өмірінде бірдене өзгерткісі келеді. Ал хирургке артық операцияларды жасамай пациенттің артынан ермеуі үшін осы мәселенің басын ашуы керек.



Өзгешелігі мен қиыншылықтары туралы



Хирургия — бұл үмітсіздік медицинасы,адамға ештене көмектеспей алмағанда,ол сонымен қоса кей жағдайларда өз өміріне қауіп төндіріп, операцияға жатады. Бірақ та ол өз өмірінің сапасын жақсартқысы келеді. Көп жағдайда пластикалық хирургтар күш білекті сау, бірақ өмір сүруге қиыншылық туғызатын белгілі бір комплекстері бар адамдардға операция өткізеді. Біздің жұмысымыздың ең бастысы — шектен шықпау, ал пациенттерге — қатты берілмеуі.


Мен көпшілігінің операцияларынан бас тартқаным туралы бүкіл қала біледі. Маған операция жасауға да болатын,жасамауға да болатын адамдар келеді.Адамдар кейде олардың достары келген соң,біреумен бірге серік болып маған операцияға келеді,ал олардың дене құрылысы мүлдем басқа — беті де,төсі да өзгеше. Мен әрқашан да жасауға қарсымын, себебі бұл операция.


Біздің жұмысымыздың ең бастысы — шектен шықпау, ал пациенттерге — қатты берілмеуі


Біздің хирургиямыз өте сирек жағдайда асқынуға әкеледі,бірақ сонда да одай мүмкіндік әрқашан да бар,ал бос қауіп төндірудің не себебі бар. Нағыз хирургтар операцияны,әсіресе қажетсіз операция өткізуді ұнатпайды. Ал айқын көрсетімдер бар болса мен ешқашан басымды тартпаймын.



Пластикалық хирургтің басты қадір-қасиеттері туралы




Хирург әдеттегі адамның қасиеттеріне ие болуы керек. Әрине, жақсы операция өткізе алып, өз жұмысын сүю,әсемдік пен эстетика сезіміне ие болу маңызды, әйтпесе бүкіл хирургтар пластикалық хирург болар еді.


IMG_8750.jpg


Кәсіпқой болу үшін хирургиямен айналысуға үлкен ықылас болу керек.Қазіргі кезде көптеген мүмкіндіктер мен оқу орындары бар. Жақсы пластикалық хирург болу үшін ең бірінші, дағдыларын жетілдіріп, операция өткізу техникасын қойдырып, жақсы хирург болу керек. Пластикалық хирург болу үшін көп жұмыс істеу керек,жақсы атаққа, беделге ілігу керек,сол себептен жалпы хиругтардан көрі олардың саны аз.


Мен жыл сайын екі-үш рет семинарлар,оқулар мен мастер-класстарға қатысамын. Өтілім мен тәжірибелеріме қарамастан, мен барлық жаналықтар туралы біліп егжей-тегжейіне толық жету мақсатымен осындай шараларға қатысамын.


Пластикалық хирургияға мен бойжеткен адам болып келдім,ол маған қанағаттану мен өмір қуанышын берді. Мен өз ісіммен айналысамын. Ал өмірде ең маңыздысы — ол сен өзін сүйіп, сүйсініп жасайтын және саған жақсы табыс алуға мүмкіндік беретін істі табу.

Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.