facebook

Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай closesearch
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Закрыть поиск
drawnuplogolink
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

closesearch
Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
90-zhyldarda-y-k-s-pkerler-ser-k-baygireev-2-ret-bankrot-a-shyrap-millioner-boludy-zholy-zhayynda
logo
90-жылдардағы кәсіпкерлер. Серік Байгиреев 2 рет банкротқа ұшырап, миллионер болудың жолы жайында
Мамандықтар

08.01.2019

90-жылдардағы кәсіпкерлер. Серік Байгиреев 2 рет банкротқа ұшырап, миллионер болудың жолы жайында

Серік Байгиреев, 59 жаста, туған қаласы – Қарағанды, кәсіпкер, инвестор

IMG-2.jpg


Еңбек жолының басталуы


1976 жылы политехке түскен кезде, әкем менің ақша тауып жұмыс істеуіме ықпал етті. Алғаш рет шәкіртақымды алғанда, енді бұл менің ақшам, оны қайда жұмсау керектігін өзім шешетінімді айтқан болатын. Осыдан кейін мен өзім ақша тауып, ақша жинауды қаладым.

Біз қосымша жұмыс істей бастадық, бұл кішігірім көлемдегі ақша еді. Демалыс күндері қосымша табыс табатын «шабашкалар» болатын, үшінші курста біз де соларға қосылдық. Бізде институт бітіріп, әскерге барып келген бригадирлар болды. Біз нысандарда қажетті көлемдегі жұмысты атқарып, ақша табатынбыз. Бұл физикалық тұрғыдан өте ауыр жұмыс еді, біз теміржолдарды жөндейтінбіз. Жазғы маусым үшін 2000 рубль ақша табуға болатын.

Кейін мен осындай жұмыстарды ұйымдастыра аламын деп шештім. Мен өзімнің таныстарымнан, достарымнан құрылған бригадаларымды жинадым. Бастапқыда олармен бірге жұмыс істедім, кейін бригадалар саны артқанда, жетекшілікпен айналыстым. Нәтижесінде екі жыл ішінде мен 20 000 рубль ақша таптым – ол көп ақша еді. Мәселен, менің әкем шахтада жұмыс істеген уақыттың ішінде осындай көлемдегі ақшаны тапты. Осы ақшаға бәрін сатып алуға болатын еді, біз жаңа «Волгу» ГАЗ-2410 алдық. Ол КСРО кезінде ең күшті көлік еді.

Нәтижесінде екі жыл ішінде мен 20 000 рубль ақша таптым – ол көп ақша еді


Мен мамандығым бойынша шахтада жұмыс істей бастадым, кейін мені Комсомолға шақырды. Сол жерде мен «Ұлан» жастар орталығын ұйымдастырдым және біз одан да көп ақша табудың амалдарын ойластырдық. Біз еліміздегі алғашқы пошта жеткізу қызметін ұйымдастырдық – Басты пошта бөлімшесі мен жеке көліктері бар жүргізушілер арасында делдалдық қызмет атқардық.

IMG-6.jpg

Біздің компаниямыз көптеген қызмет түрлерін көрсетті. Біз барлық нәрселермен айналыстық – іс-шаралар ұйымдастырдық, Мәскеуден әртістерді алып келетінбіз, өзіміздің газетіміз, кабельді телевизиямыз болды. Біз жұмыс істеп, ақша таптық, қайырымдылықпен айналыстық.

Бір уақытта мен өз отбасымды Алматыға жібердім, өзім де сонда жиі баратынмын. Бірақ мен барлық жұмысты өзіме тәуелді қылып, жиі сапарларға шығып жүргендігімнен компания бақылауын жоғалтып алдым. 1995 жылы мен алғаш рет банкротқа ұшырадым, біраз уақытқа бизнестен кеттім. Әрі қарай не істейтінімді шешу керек болды.

Сол кезде Алматыда пәтерім ғана болатын, соны кепілге салып, астықты іске асыруды қолға алдым. Ақырындап қайта көтерілдім, агрокомпания құрдым. Бірақ біраз уақыттан кейін, 1999 жылы мен қайтадан банкротқа ұшырадым.

Бірнеше жыл жұмыссыз жүрдім. Менде көлігім, пәтерім болды, бірақ бензинге ақшам болған жоқ. Сол себепті мүлігімді сатуға мәжбүр болдым. Мен әрдайым өзінің көлігі, жеке күзетшісі мен жүргізушісі бар миллионер болатынмын. Кенеттен ештеңесіз қалдым. Бұл үлкен күйзеліс болды.

Осыдан кейін біз отбасымызбен Астанаға көштік, және де осында мен құрылыс саласындағы кәсіппен айналыстым.


90-жылдар жайында


IMG-9.jpg

Бұл белгісіз уақыт еді – оңай көтеріліп, бәрін оңай жоғалтуға болатын еді. Біз сол кезде көптеген нәрселерді білмедік. Сол кезде мемлекеттік кәсіпорындарды басқарған өзгерістерге бейімделе алмаған жетекшілер болатын. Ал біз кәсіпкерлер болатынбыз. Біз икемді болдық. Сол себепті біз ақша таба алатынбыз, ал олар өз орындарынан кететін.

Экономикалық мәселе тұрақсыз болды, бәрінен хабардар болу қажет еді. Біз несие алып, Қытайдан он вагон қант сатып алдық. Кейін бағалар күрт өсіп кеткеннен біз несиемізді үш вагонмен жаптық. Қалғанның бәрі – таза түсім еді.

Сол кезеңде мен өзім таңертең Мәскеуде, түсте Минскіде, ал кешке Киевте бола алатынмын. Бұл ақылға сыймайтын жұмыс еді – бәрін шапшаң түрде істеу керек болатын. Мен айлар бойы үйімде болмауым мүмкін еді.

Бұл ақылға сыймайтын жұмыс еді – бәрін шапшаң түрде істеу керек болатын


Келеңсіз жағдайлар да болатын. Бірде Мәскеудегі серіктесім мені сатып кетті – мен оның Еуропадағы тауа жеткізушілерге жіберетін ірі соманы жібердім. Нәтижесінде ол ақшаны алып, жоқ болып кетті. Мен барлық тауар үшін қайтадан төлем жасауға мәжбүр болдым.

Сол кезде командамыз сыныптастар, достар – жақын адамдардан құрылған. Біз барлығын өзіміз үйрендік, ешкімге қараған жоқпыз. Бірақ барлығы ақша тапқысы келді, кейбір кезде біреулер сатып кетіп жүретін. Сол кезде әдептілік пен бірбеткейілк мәселелерінің маңызы зор болды.

Бұл қауіпті кезең еді – барлығы кинодағыдай. Бірақ біз ешқашан біреулердің тасасында жүруді қалаған жоқпыз. Біз тек заңды түрде ақша табуды қаладық. Бізде кәсіпкерлікке, органдарға, мемлекеттік қызметке кеткен көптеген адамдардан құрылған жақсы команда болды.

Бұл жетілу кезеңі болды – біз қазіргі уақыттағы адамдарға дейін өсіп жетілдік.


Құрылыс саласындағы кәсібі жайында


Астанаға келген кезде, біраз жиналған сомадағы ақшам болды. Біз Алматыдағы пәтерімізді сатып, тұрғын үйді Астанада сатып алуды шештік.

IMG-8.jpg

Бірақ салушы өзінің міндеттерін орындаған жоқ. Біз ниеттілер тобын құрып, демеушілерді іздей бастады, бірақ үйді ешкім салып бітіруге келіскен жоқ. Сол кезде мен барлық есептерді санап, үлескерлерге осы үймен айналысуды ұсындым. Осылайша мен Астанадағы алғашқы мәселесі күрделі болған үйдің құрылысын аяғына дейін жеткіздім, пәтерлер мен ақшаны қайтарып қана қоймай, өзім де табыс таптым. Барлығы риза болды.

Осылайша мен салушы болдым, мәселері күрделі үйлердің құрылыстарын аяғына дейін жеткізіп, табыс тауып қайтадан көтерілдім.

Мен кәсібімді шетелге бөлістіріп шықтым, енді біз шетелдерде де құрылыспен айналысамыз. Менің иелігімде сегіз компания бар – көлік, заң және кіші кәсіпорындар.

Мен стартаптармен айналысқым келеді, жаңа жобаларға инвестициялар енгізіп, тәжірибеммен бөліскім келеді. Себебі қазіргі кезде идеялары бар, бірақ қаражаты мен тәжірибесі жоқ көптеген қызықты адамдар бар. Ал біз оларға көмектесуіміз мүмкін.


Өмірлік қағидалар жайында


Мен үшін әдепті және адал болғаным маңызды.

Кәсіп табысты болу керек, ол табыс әкелу керек деп санаймын. Және жұмыстан рахат алу керек.

IMG-1.jpg

Өзіңнен кейін бір із қалдыру керек. Өмірде мән болу керек. Мәселен, мен қазіргі кезде адамдар тұрып жатқан тұрғын кешендер салдым.

Ер адамдар үй салу, ағаш отырғызу және ұл бала өсіру қажет деп айтады. Мен осыны бірнеше рет жасадым – бірнеше тұрғын кешендерін салдым, көп ағаштар отырғыздым, және менің алты балам бар.

Тағы бір маңызды қағида – өмірімде кездескен кез-келген адамның менен асып түсетін қыры бар және мен одан бірнәрсе үйрене аламын деп санаймын.

Мен спортпен айналысуға тырысамын, аптасына бес-алты рет спортзалға барамын. Жексенбі – отбасы күні. Себебі отбасыға, сүйікті адамға, балаларға уақыт бөлу маңызды.

Сонымен қатар мен көп саяхаттаймын.

Біз барлығымыз еркіндік үшін – қозғалыс, ой, қаржы еркіндігі үшін жұмыс істейміз. Бүгін өзіме бөлетін уақытым бар. Дегенмен маған бәрі қызықты, мен жаңа нәрселерді жасап шығаруды ұнатамын.


Узнайте первыми:

Подписаться на рассылку WE project!

Мы пишем о том, что помогает сориентироваться в новом мире и выбрать то, что нужно именно вам.