Білім беру гранттарын беру бойынша конкурсқа 83 мың өтініш түсті.
Талапкерлер ең көп өтінімдерді Республикалық маңызы бар үш қаланың: Алматы, Астана және Шымкент жоғары оқу орындарына береді.
Талапкерлер арасында ең танымал бағыттар:
— педагогика ғылымдары — 22 мың өтініш
— инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары — 16 мың
— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар — 11 мың
Білім беру бағдарламаларының топтары арасында «ақпараттық технологияларға» ең көп өтініштер саны — 9000, одан кейін «дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» — 5000 өтініш берілді. Үшінші орында — «Медицина», оны 4000 талапкер таңдады.
Дереккөз: informburo.kz