Кейіпкер ұсыну

WE үшін біздің және отбасымыздың жанында кімдер болатыны маңызды. БІЗ айналамызда сенім арта алатын айнымас адамдар болуы үшін жұмыстанамыз. Адамдарды ұсына отырып, біздің құндылықтар мен бағыттарымызға назар аударыңыз.

    WE адамдары:

  • Біздің Адамымыз адамдардың өмірін жақсартатын нәрселерді жасауға тырысады

  • Біздің Адамымыз айналамен қарым-қатынас жасағанда адал әрі әділ, парасатты әрі сенімді

  • Сіз оған сенесіз және оның адалдығына сенімді боласыз

  • Біздің Адамымыз толыққанды өмір сүреді: сүйікті отбасы, лайықты орта, қызықты хобби

  • Біздің Адамымыз әрқашан алға жүріп, шыңдала түседі

  • Біздің Адамымыз айналаға бей-жай қарай алмайды және бізбен бірге қайырымды істер жасауға дайын

Ары қарай
Кейіпкер ұсыну

Адамды ұсынатын бір немесе бірнеше айдарды таңдаңыз


Закрыть поиск
Сіздің сұранысыңыз қабылданды

Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit, sed do eiusmod tempor incididunt ut labore et dolore magna aliqua. Ut enim ad minim veniam, quis nostrud exercitation ullamco laboris nisi ut aliquip ex ea commodo consequat.

Бас мәзірге өту

Жіберілімге Жазылу

Array
(
    [SRC] => 
    [WIDTH] => 0
    [HEIGHT] => 0
)
zhazda-nomads-camp-haly-araly-ki-z-y-lager-ashylady

Жазда «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагері ашылады
351

18.02.2018

Жазда «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагері ашылады

Жоба биылғы жылдың маусым айында Ақмола облысының Ақкөл ауданында жүзеге асырылады. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі Марат Иғали өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ұлы дала скауттары Ақмола облысындағы халықаралық киіз үй лагеріне шақырады. Сіздерге ағымдағы жылдың маусым айында Ақмола облысының Ақкөл ауданында «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагері ашылатынын хабарлағым келеді», деп жазады Марат Иғали. Оның сөзінше, бұл киіз үй лагері орта ғасырлардағы қазақ халқының тұрмысына ұқсас етіп жасалынады. Лагерь ортасында Ұлы дала дәстүрлері мен сол кездегі заңдарға сәйкес хандық болмақ. Осылайша, лагерге келген әр адам қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеті мен тарихына үңгілетін болады. Ал, балалар болса, өздерін сол орта ғасырдағы көшпелі халықтың бір мүшесі ретінде тәжірибе жүзінде сезіне алады. «Жобаны менің досым әрі танысым, Қазақстандағы скаут қозғалысының жетекшісі Ильдар Катенов қолға алмақ. Оның ұйымдастыруымен соңғы 25 жылда 10 мың баланың қатысуымен 100-ден астам дала лагерлері мен слеттер ұйымдастырылды», - дейді М.Иғали. Айта кету керек, жоба Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылмақ. Өткен жылдың соңында Ақкөл ауданының Ерназар ауылында скаут лагері үшін жер телімі бөлінді. Ағымдағы жылдың маусым-тамыз айларында «Nomads Camp» халықаралық киіз үй лагерінде әр 6 күн сайын бірнеше маусым өткізу жоспарланған. Бір маусымда 11-17 жас аралығындағы 100-150 бала киіз үй лагерінде демалады. Балалар осындағы киіз үйлерде түнеп қана қоймай, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдеп-ғұрпы, ұлттық тағамдары, әскери өнері мен қолөнершілердің шеберліктерімен жақын танысатын болады.

Дерек көзі: kazinform.kz